"Көктем аруы 2024" байқауы

Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Көктем аруы 2024" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көктем аруы - 2024» байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Көктем аруы – 2024» байқауы.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! «Көктем аруы- 2024» байқауына қош келдіңіздер!
Осы байқау 8- сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруы – 2024 жыл» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы - 2024» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Утарова апайымызға сөз кезегін берейік.Олай болса бүгінгі «Көктем аруы - 2024» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген – деп қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ шығар сірә. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

8- сыныптарының қыздарын ортаға шақырайық.


Қыздарымыз өз номерлерін таңдап алса.

1, Тұрмаханова Ақерке

2. Туракелдиева Нұршат

3, Жамал Бота

4, Разахова Толғанай

5, Шамильева Фатима

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Мен қазақтың қызымын» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (3 минут)
2 - шарт. «Кім жылдам» - деп аталады, аруларымыз

а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)

3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. (1 минут)
4 - шарт. «Шаш өру» керек. (5 минут)

5 - шарт. «Менің өнерім» әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу). (5 минут)

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.


1) ДТІЖО - Р.Утарова.

2) Бастауыш пән мұғалімі – Г.Есимова.

3) Бастауыш пән мұғалімі – Б.Қадырбаева.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың 1 - ші кезеңі
«Мен қазақтың қызымын». Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: 2 шарт бойынша «Кім жылдам» - деп аталады, аруларымыз

а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)


Жүргізуші: Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық деп 3 кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады, әртүрлі сұрақтар беріледі. (1 минут)

1.Ақындардың бір шумақ өлеңін айтып берсеңіз?

2.М.Мақатаевтің бір шумақ өлеңін айтып берсеңіз?

3.А.Құнанбаевтің бір шумақ өлеңін айтсаңыз?

4.Мақалды жалғастыр: Гүл өссе жердің көркі, .....

5.Жаңа түскен келінді, жас сәбиді көрсетіп не алады?


Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз «Шаш өру». (5 минут)


5 – шарт «Менің өнерім», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады).

3 – орын Жамал Бота

3- орын Разахова Толғанай

2 –орын Тұрмаханова Ақерке

1-орын Туракелдиева Нұршат

Бас жүлде Шамильева Фатима


Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!






«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ш.Шәдіқожа.



«Көктем аруы – 2024» байқауы.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі», слайд.

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! «Көктем аруы- 2024» байқауына қош келдіңіздер!
Осы байқау 9 – 10 - 11 сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруы – 2024 жыл» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы - 2024» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Утарова апайымызға сөз кезегін берейік.Олай болса бүгінгі «Көктем аруы - 2024» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым. – деп қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ шығар сірә. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
9- 10 сыныптарының қыздарын ортаға шақырайық.

1.9 а сыныптың оқушы қызы Сейжан Құндызай

2.9 ә сыныптың оқушы қызы Жақсыбай Жансезім

3.9 б сыныптың оқушы қызы Есқұл Аяулым

4.9 в сыныптың оқушы қызы Шертаева Аяулым

5.9 г сыныптың оқушы қызы Қарсыбай Назерке

6.10 а сыныптың оқушы қызы Шодиева Замира

7.10 ә сыныптың оқушы қызы Исанова Адина

8.10 б сыныптың оқушы қызы Саденова Аруна

9.10 в сыныптың оқушы қызы Сауханбек Жанерке

10.10 г сыныптың оқушы қызы Сапарбекова Ақтілек


Қыздарымыз өз номерлерін таңдап алса.

  1. Шодиева Замира

  2. Сапарбекова Ақтілек

  3. Есқұл Аяулым

  4. Исанова Адина

  5. Саденова Аруна

  6. Қарсыбай Назерке

  7. Сейжан Құндызай

  8. Шертаева Аяулым

  9. Сауханбек Жанерке

  10. Жақсыбай Жансезім


Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Мен қазақтың қызымын» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (3 минут)
2 - шарт. «Кім жылдам» - деп аталады, аруларымыз

а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)

3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. (1 минут)
4 - шарт. «Шаш өру» керек. (5 минут)

5 - шарт. «Менің өнерім» әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу). (5 минут)

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.


1) ДТІЖО - Р.Утарова.

2) Химия пән мұғалімі Ж.Оспанова

3) Бастауыш пән мұғалімі – Г.Есимова.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!

Жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың 1 - ші кезеңі
«Мен қазақтың қызымын». Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: 2 шарт бойынша «Кім жылдам» - деп аталады, аруларымыз

а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)

Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық деп 3 кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады, әртүрлі сұрақтар беріледі. (1 минут)

1 «Қазанына қарай ошағы, қызына қарай моншағы» мақал мағынасы.

2 Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағамды ата? ҚҰРТ

3 Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді және қалай аталады?

2 ГЕ ЖАСАНДЫ, СИНТЕТИКАЛЫҚ

4 Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың?

КІР, ТІГІН МАШИНАЛАРЫ

5 Сумоншақтың орысша мағынасын ата? БИСЕР

6 Адам баласы қай уақытта жақсы тамақтану керек? ТҮСТЕ

7 Аузынан ішкені мұрнынан шығады? ШӘЙНЕК

8 Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда - бесеу. Бұл не? ӘРІП

9 5 түліктің атасын ата? ОЙСЫЛ ҚАРА,ҚАМБАР АТА, ЗЕҢГІ БАБА, ШОПАН АТА, СЕКСЕК АТА

10 Теңізде қандай тас болмайды? ҚҰРҒАҚ
Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз «Шаш өру». (5 минут)

Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


5 – шарт Өнер білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,

Өнер көрсет құрбылармен жарыс та – дей отырып келесі сайысымыз

«Менің өнерім», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады).

Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер.


Әділқазы алқалары қыздарымыздың балын есептеп алғанша Оралханның бір әнін тыңдасақ.
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

1 - «Көрермен көзайымы» Саденова Аруна 94 бал

2 - «Инабатты ару» Есқұл Аяулым 94 бал
3 - «Өнерлі ару» Сейжан Құндызай 93 бал
4 - «Сымбатты ару» Шодиева Замира 86 бал
5 - «Ақылды ару» Шертаева Аяулым 89 бал
6 - «Білімді ару» Жақсыбай Жансезім 90 бал
7 - 3 – орын Исанова Адина 95 бал

8 - 2 - орын Сапарбекова Ақтілек 96 бал

9 - 1 - орын Сауханбек Жанерке 97 бал

10-«Көктем аруы - 2024» Қарсыбай Назерке 104 бал

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі