Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Көктем аруы" Сыныптан тыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көктем аруы" Сыныптан тыс сабағы Наурыз мерекесіне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

7 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Көктем аруы» байқауы



Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері: Айтбаева А.О







«Көктем аруы

Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, ұлттық қасиеттерін танып білуге және жүріп тұру мәдениетін бала бойына қалыптастыру. Үлкенді сыйлай білуге, бауырмалдыққа бала үшін теңдесі жоқ, құрметті, асыл да ардақты адам- ананы қадірлей білуге үйрету, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған суреттер. Ана туралы (айтылған) жазылған нақыл сөздер, әдемі салынған түрлі гүлдер, шарлар

1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы арулар. Сіздерді көктем мерекесі Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!

2-Жүргізуші: Армысыз, әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді!
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметпен қарсы алайық!
Мың бұралған арулар билей басып.
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғайық!

-сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, Наурыз мерекесіне арналған «Көктем аруы - байқауын тамашалауға шақырамыз!

1 – жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға келіп тұрған

Аруларды ортамызға шақырамыз!



Бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

2 – жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар

Жүлдені тапқыр әрі өнерлі алар

Кім өнерлі? Кім тапқыр? Шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса кім бағалар?!

1 – жүргізуші: сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын. Өздерінің реттік санын алу.

1- жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

1 - жүргізуші:

I.бөлім: «Сәлем – сөздің анасы - деп аталады.Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.

II.бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту, би билеу, т.б) өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі.

III.бөлім: «Білім жарыстыру» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

IV.бөлім: : «Шебер қолдар» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым әзірлеп келу тапсырылған болатын,

V бөлім «Анамның сүйікті асы».

2-жүргізуші:

Өнеге жинап бойына өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Жүргізуші:

Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпенен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.

Ендеше І тур таныстыру.

1 – жүргізуші: алғашқы сайыс: «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру кезеңі .

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.

Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай, әнді сүйер қауымның назарына «Аналардың тілегі» әнімен шақырамыз.

2 – жүргізуші: Өнер десе,ән десе жан салады,

Көрген адам қол соғып,тамсанады.

Өнерлерін сіздерге тарту етер,

Наурыздың ең әсем ханшалары

II.бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады.

1 – жүргізуші: келесі бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» Қыздарымыз өз бойларындағы өнерлерін ортаға салады. ( кезектері бойынша қыздар өнер көрсетеді)

номер: «Кавказ» биі (Онур)

2 – жүргізуші: Біз қазақпыз, өнерге бай, жолы кең,

Сусындаған ақыл, білім нәрімен.

Қыздарымыздың білімдерін байқайық

Сұрақтарға жауап берші, кәне сен.

III.бөлім: «Білім жарыстыру» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

1 – жүргізуші: Ендігі сайысымыз: «Білім жарыстыру» кезеңі

1. Шілдехана деген не?

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

2. Қырқынан шығару дәстүрі деген не?

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

3. Баланы бесікке салу деген не?

Өнер-білім бұлағы, білім өмір шырағы.

4. Тұсау кесу дәстүрі туралы не білесің?

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

5. Наурызкөже деген не?

Батамен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер

6. Ұлттық тағамдарды ата?

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

7. Тілашар деген не?

Ананың көңілі балада, баланың көңлі далада.

8. Түйе атасы не және түйенің сүті қалай аталады?

Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі

9.Жылқы атасы не және сүтінен не жасайды?

Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

10. Ұлттық ойындарды ата?

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

IV.бөлім: : 2 – жүргізуші «Шебер қолдар» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз оюды қырқып кілемді оюлап жасайды.

би «флешмоб»

V бөлім «Анамның сүйікті асы».

1 – жүргізуші: Әділдікпен баға беріп аруларға ,

Ұпай санын айту үшін ортаға

Шақырайық қошеметтеп қазыларды

Ең алғыр қыздарды атауға.

2 – жүргізуші: Қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде.

1– жүргізуші: Қанаттарың қатайсын!

Биікке әркез самғаңдар!

Білім жолы – сара жол,

Ізденуден талмаңдар!

2 –жүргізуші: Құрметті қонақтар, әжелер, аналар! Бүгінгі «Көктем аруы » байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Соңында балалар аналарына құттықтау хаттарын ұсынады.

Аналар балаларының өнеріне ризашылықтарын білдіру үшін 1-2 ата-анаға

сөз беру



Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік

1 -«Көктем аруы»

2 - «Инабатты ару»

3 - «Өнерлі ару»

4 - «Сымбатты ару»

5 - «Ақылды ару»

6 - «Көрермен көзайымы»

7 -«Білімді ару»

8 - «Тапқыр ару»





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12