400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем көркі-қызғалдақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал көктемге байланысты эссе іздеген мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы

М.О.Әуезов атындағы

педагогикалық колледжі

ІV курс студенті

Алимханова Асел

Көктем көркі – қызғалдақ

(эссе)

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды.Осы ең ғажайып жыл мезгілінің бірі- ол көктем. Себебі, көктеммен бірге жер-дүние жаңарады, табиғат түлеп, төңірек көз қызығарлық түске енеді. Тал- теректер бүр жарып, алма, шие, ағаштарының аппақ гүлдері көздің жауын алады. Көктемнің көрікті келбеті кез келген адамды баурайды. Адам айналасына қызыға көз тастайды.

Көктем келісімен күндер айтарлықтай ұзара бастайды. Бұлтты күндер саны азаяды. Әрбір көктемнің күні жарқын және шуақты. Әр жерден бір көрінген ақша бұлттар, көгілдір аспан, қырға біреу кілем жайып тастағандай қып-қызыл болып гүл жарған қызғалдақтар, жол жиегіндегі жап-жасыл ағаштар...Мұндай ғажайып көріністі тек көктем айларында тамашалауға болады. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні«Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқажыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын.

Көктемде қырды жайнатып жіберетін қызғалдақтың Отаны- біздің ел, біздің Қазақстан. Сөйте тұра біздің қызғалдақты өзіміз емес, өзгелер дәріптейді екен.Ғұмыры тым ұзақ емес осы қызғалдақтың гүл жарғанын көру үшін ғана арнайы туристер жан-жақтан келеді екен.Сонымен, қатар қазақтың жерінен тараған қыз ғұмырлы көктемгі қызғалдақты шетелдегілер голландиялықтардың бренді деп біледі екен...



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.11.2018
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі