Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем сәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат мезгілдері туралы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Көктем сәні» сахналық қойылым.

3 «Ә» класс


Мақсаты: Сахналық қойылым жасау арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Міндеттері:

1) Оқушылардың мәтінді дұрыс ұғынып,өз ойларымен толықтыруға,мәтінді мимикамен жеткізе білуге үйрету;

2) Оқушылардың әртістік ,жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

3)Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,шығармашылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс шараға 3 «ә» класс оқушылары қатысады.


Өтілу барысы:

1.Партада оқушылар отырады.

Мұғалім:

-Балалар, қазір қандай мезгіл? Қыстың бітуіне неше күн қалды? Қыс біткен соң қандай мезгіл басталады?

-Көктем.

Көктем мезгілі қандай өлең жаттадық?

Сердалина Милана «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім: Балалар көктем мезгілі несімен ұнайды?

Оқушылар өз ойын айтады.

Мұғалім: Балалар осы тақырыпты ормандағы аңдар да талқылап жатыр екен.Ендеше аңдарды тыңдайық!

Сахнада әртүрлі аңдар ұйықтап жатады. Жәй музыка ойналады. Әтештің шақырған дауысы естіліп,таң атады. Аңдар біртіндеп керіліп,есінеп тұра бастайды. Бәрі бірдей музыкаға қосылып таңғы жаттығу жасайды.Сосын әрқайсысы өз шаруасын жасай береді.

Бір кезде аң патшасы –арыстан оянады. Керіледі,созылады,жан-жағына қарап көктем келбетіне тамсанады. Содан соң жан-жағына қарап көмекшісі жолбарысты іздей бастайды.Жолбарысты былай деп шақырады:

-Әй,жолбарыс бері кел,

Аңдардың бәрін ерте кел.

Оларға қояр сұрақ бар,

Мұқият бәрің тыңдап ал!

Жолбарыс жүгіріп жүріп барлық аңдарға жар салады:

-Әй ,жарандар,жарандар!

Маған қарай қараңдар!

Аң патшасы арыстанның

Бәріңе қояр сауалы бар.

Барлық аңдар жиналып,біртіндеп арыстанға сәлем беріп жинала бастайды.

Арыстан:

-Армысыңдар ,жандарым!

Бармысыңдар,аңдарым!

Сендарге қояр сауал бар

Мұқият маған қараңдар!

Күн ұзарып,жылыды,

Көктем келді далама.

«Көктем сәні » деген не?

Сауалым бар баршаңа!

«Көктем сәні?!»деп жануарлар бір-біріне таңырқай қарасады да,өз ойларын айта бастайды.

Аю-Арсен: Көктем сәні-алтын күн,

Жарқырайды жарқын күн!

2.Ит-Еркебұлан: Көктем сәні –шұбар бұлттар,

Сол бұлттардан жаңбыр жауар.

3.Түлкі-Сымбат: Көктем сәні дегеніміз-гүл тақсыр!

Гүлдей жайнап жүрейікші ,біз ,тақсыр!

4.Мысық-Назерке: Көктем сәні-жасыл желек,

Сол желекте жүрміз билеп.

5.Қоян-Камила :Көктем сәні-ағаштар,

Ауамызды тазартар!

6.Ақ аю-Қайрат: Көктем сәні-құстар ғой,

Ән салады шарықтап.

7.------------------ Айбар:

Көктем сәні-ол наурыз мерекесі,

Қазағымның келтірер берекесін!

8.Жылан,қой- Амина,Бауыржан:

Көктем сәні-жаңа туған төлдер ғой,

Өрістерде жүгіреді сайреа сап.

9.Жылан-Нұржанбек: Көктем сәні-тамшылаған жаңбырлар,

Жерімізді көк шөптерге толтырар.

10.Қоян-Дана,Жанару:

Көктем сәні-мөлдір су,

Құмарыңды қандырар.

Барлық жануарлар айтып болғанда тек бұлғын ғана үндемей тұрады.Арыстан оған қарап:

-Ау,бұлғын батырым,

Бәрі айтты өз ойын.

Сенде айтар сөз жоқ па?

Қане ,сен де сөз баста!

Бұлғын жан-жағына қарап алып:

-Ау,хан ием, не дейін,

Қарап тұрмын таңырқап.

Әне күн тұр жарқырап,

Әне гүл тұр жайқалып

Қарасам көз тоймайды.

Суың,нуың,хош иіс

Бәрін қоссаң сол дұрыс.

Көкием сәні сол болдаы.

Көңілің нұрға толады.

Барлық жануарлар : «Дұрыс,дұрыс!» деп шуласады.

Арыстан: Дұрыс айттың,бұлғынжан!

Көктем сәні осылар!

Барлығы айналып,би билеп қуанды.

Мұғалім:Сәлем,көктем,

Өрнек қандай су салған,

Жасыл қырат-жасыл сағым бусанған.

Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың.

Жұпар исін жұта берем жусаннан.

Міне ,балалар, адамдар да,жан-жануарлар да көктемді асыға күтеді.Көктем мезгілін жақсы көреді.Көктем келгенде туған жеріміз де құлпырып кетеді.

Ендеше туған жерімізге көктем келе берсін деген ниетпен «Туған жер –алтын бесігім» атты әнмен бүгінгі сабағымызда қорытындылайық!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12