400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем сәні Сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем сәні. Дефектологтың сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 04.03.2021

Сыныбы: 3 – сынып

Пәні: Ана тілі

Оқушылар саны: Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: Көктем cәні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту.

Түзету-дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын дамытып, сөз қорларын молайту. Тақырып бойынша еркін пікір алмасып, өз ойын дұрыс жеткізе алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың түсініктерін айта білуге,табиғатқа деғен сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, желім, қайшы, жабыстырмалы гүл күлтелері, тіл дамытуға арналған сурет, презентация, көктем туралы бейнетаспа, логикалық тізбек тапсырмасы, «Көктем сәні» ертегісінің мәтіні.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, талдау.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым бос

Жылуыма жылу қос.



ІІ. Негізгі бөлім.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай).

Айлардың атын атаңдаршы. (Наурыз, сәуір, мамыр).

Балалар, көктем келгенде бүкіл тіршілік жан-жануарлар, адамдар неге қуанады?

Жер бетіндегі қар еріп, күн жылына бастайды. Гүл шығады, жеміс ағаштары гүлдейді, мал төлдейді. Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде суық, қыста қар, көктемде жасыл болады.

Бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде «Көктем сәні» деген ертегіні оқимыз.



Көктем сәні ертегісі

Таң атты. Барлық жан – жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды.Керілді, созылды.Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен.Көңілденіп сала берді.

  • Жар салдыр, - дейді Жолбарысқа. – аң біткен жиналсын. Арыстан үйшігінің жанына аң бітке топырлап толып кетті.

  • Бәріңе бір сұрақ беремін, - дейді Арыстан жиналғандарға жағалай қарап алып. – Көктем сәні неден?

  • Шалқыған көңіл, - деді Аю.

  • Мөлдір су, - деді Қоян.

  • Салқын самал, - деді Бұғы.

  • Ашық аспан, - деді Түлкі.

  • Еңбек , - деді Піл.

  • Шаттық – деді Елік.

  • Хош иіс, - деді Ит.

  • Жасыл желек, - деді Ақбөкен.

  • Жылылық, - деді Арқар.

  • Күлкі, - деді Борсық.

  • Жігер, - деді Қодас.

  • Аңдар айтып біттік дегендей іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін Бұлғынға қадалды:

  • Сен неге үндемейсің?

  • Бұлғын Арыстанның алдына кеп:

  • Тақсыр, мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні – осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.

Бұлғынның сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарады.



Сұрақтарға жауап бер.

1. Балалар ертегі не туралы?

2. Аңдарға қандай сұрық қояды.

3. Аң патшасы арыстан екендігін ертегінің қай жерінен байқадыңдар?
4. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?
5. Бұлғын  не деді?
6. Басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? 



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

«Көктем сәні» ертегісін рөлге бөліп оқисыздар. Мұғалім автордың сөздерін оқиды, ал оқушылар кезекпен кейіпкерлердің рөліне енеді. Ертегі мәтіні шығарылып, балалардың қолына беріледі.





2-тапсырма.

Көктем сәнін құрастырайық. Гүлдің күлтелеріне барлық аңдардың жауаптарын жазып, ортасына бекітейік.

Picture 1

3-тапсырма.

Тақтаға назар аударайық. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін табайық.


Picture 3

ІV.Сергіту сәті.

Сұр қоян.

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып,ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.



4-тапсырма.

Ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауаптарды байланыстыр.



5-тапсырма

Логикалық тізбекті жалғастыр.



6-тапсырма

Суретке қарап, әңгімеле.



V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Ертегі сіздерге ұнады ма?

  • Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?

  • Бұл ертегінің мағынасы қандай?



VІ. Қорытынды

Оқушылар, біз бүгін «Көктем сәні» ертегімен, тақырыппен таныса отыра, біраз мәліметтер білдік. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін талдап қарастырдық.

Осымен сабағымыз аяқталды, белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі