400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктемнің сұлу келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем жайлы, оның әсемдігі мен кереметтігі жайлы әңгіме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көктемнің сұлу келбеті


Шегирова Жадыра Батырбекқызы

Көкшетау қаласы

С. Жүнісов атындағы

18 МЛ педагог-психологы



Көктем де келді. Күн ұзарып, түн қысқарып, күн өзінің жылы жүзін одан әрі жадыратуда. Қыстың қақаған аязымен, осы күнгі жылы күндерді салыстырғанда көктемнің сиқыры, жұмбақтары одан сайын артады.

Жыл басы көктем келгенде, барлық тірі жәндіктер, шыбын-шіркейлер тіріліп, құстар жылы жақтардан өздерінің туған елдеріне оралуда, көктемнің ең алғашқы гүлі бәйшешек қар астынан шығып, ол да қуанды. Көктем барлығына қуаныш әкелді, жалқауларға күміс, шаруаларға жұмыс, балаларға ойын, табиғатқа әсем де көркем келбет, күллі адамзат бала – шаға жаңадан туғандай сезім кешеді. Себебі, көктем- күлкі, қуаныш, табиғат күші, көктем- жаңа туған сәби.

Көктемнің кереметтерін айта берсең сөз жетпейді. Көктем - жыл мезгілдерінің ішіндегі ең көңілді, маған қатты ұнайтын ғажайып мезгілдердің бірі. Ал көктемде егілген ағаш, өсімдік болсын, барлығы жайқалып өседі. Сонымен қатар, көктем жаңа бақыт әкеледі, той – думандардың барлығы наурыз айларында өтеді. Саяхатқа шықсаң бұлақтың сылдыры, құлаққа әсем ән болып естіледі. Жердегі жасыл шөп көріне бастаған кезде өзіңе бір зор күш келетіндей болып сезінесің.

Көктемнің жарқыраған күн көзі өмірге сәуле шашқандай болады. Далада тізбектелген машиналар таусылмай күні-түні өтуде болады, сонау жерден қарап тұрсаң кең жазиралы дала, төңірегіміздегі ну ормандар өздерінің таңғажайып сұлулықтарымен көзіңді қызықтырады.

Көктем мезгілінде қар еріп жатқанда тау басына шығып, айналаға қарап тұрып, шабытың шыңға шығып, табиғат, көктем туралы тоқтамай өлең жырлағың келеді... Көктемнің таңғажайып кереметтері, сұлулықтары туралы қаншама ақындар өлеңдер жырлап жазған. Соның бәрі бекерден емес. Ол шабытының шырқау биігінен, асыл мұраттарынан шыққан асу бермес асыл ойлардан шыққан ой екенін танимыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі