Материалдар / Көлік инфрақұрылымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көлік инфрақұрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлім: Әлеуметтік –эканомикалық ресурстар

Сынып: 7


Мектеп:

Мұғалім аты-жөні: Нұралы Ж.М

Сабақтың тақырыбы:

Көлік инфрақұрылымы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

7.5.2.1-қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады: Өмірде пайдаланатын көлік түрлерін сипаттай алады

Оқушылардың басым көпшілігі орындай алады: Көлік инфрақұрылымының күнделікті өмір мен шаруашылықты дамытудағы маңызын анықтайды

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Көлік инфрақұрылымының тасымалдаушы транспорттарының орналасу ерекшеліктері мен маңызын қорытындылайды


Бағалау критерийі:

*Көлік түрлерін ажырата алады

*Көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттайды;

* Көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жіктейді;

*Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап , маңыздылығына баға береді;

Тілдік мақсаттар:

Оқылым: Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын ашады

Айтылым:оқушылар көлік инфрақұрылымы жөнінде өз пікірлерін білдіреді

Тыңдалым: оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, мағынаны ашады

Ресурстар

Оқулық, слайд, көлік түрлері, плакат, таратпа қағаздар

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының 4 – ші құндылығы :

«Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім»;

Осы тақырыпты оқыта отырып, оқушыларды еліміздегі көліктен ауаға тарайтын зиянды заттарды біле отырып, туған жерінің экологиясын қорғауға баулу

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы білім

Бастауыш сынып жаратылыстану курсынан көліктің түрлерін ажырата алады, маңызын түсінеді.



Сабақты жоспарлау кезеңдері:

Сабақта жоспарланған

жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар




Сабақтың басы

5 мин


Оқу мақсатын ашу үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, жұмбақтарды шешу арқылы тақырыбымызды анықтаймыз.

Құс сияқты ,құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды,

Жүрседе сондай биікте (Ұшақ)

Бір керуен қатарында өңшең түйе,

Аузынан жалын шығар қара күйе.

Жүрмейді ұрсадағы басқалары,

Бәріне жалғыз бура болған ие.(Пойыз)

Төрт аяқты,екі көзді,

Өзі жансыз жүреді.

От пен майдан жемі бар,

Құрыш болат жүрегі.(Машина)

Осы жұмбақтың жауабының бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы барын анықтап алып, оқушыларды осы көлік атаулары бойынша топқа бөлінеді:

1 топ- «Ұшақтар»

2- топ «Пойыздар»

3-топ «Машиналар»

2. Интеративтік тақтадан сабақтың тақырыбын, мақсатын көрсете отырып түсіндіру. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстыру кезеңі.


















Ұшақ суреті





Пойыз




Машина суреті


Сабақтың ортасы 25 мин













Интерактивті тақтадан «Көліктер және оның түрлері» бейнематериалы көрсетіледі.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі.

Топпен жұмыс:

І тапсырма:

«Көре отырып, тұжырымда» әдісі бойынша әр топ мына сұрақтармен постер құрастырады:

І топ «Ұшақтар» - Инфрақұрылым деген не?

ІІ топ«Пойыздар»- Транспорт деп нені айтамыз?

ІІІ топ «Машиналар» - Транспорттық инфрақұрылым неден тұрады?

Дескриптор:Көлік инфрақұрылымына мысалдар келтіре алады.

ҚБ : Әр топқа дұрыс жауапқа бір көлік түрі беріліп отырады.

ІІ тапсырма : «Ой қозғау» әдісі арқылы Оқулық мәтіні бойынша көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз. Оқулықтағы мәтінді топта оқи отырып, тақырыпқа түсінік беру. Көлік инфрақұрылымының маңызын қорытындылап, тұжырым жасау.

Сұрақтар:

1 топқа Көліктің адам үшін қандай пайдасы бар?

2 топқа Көліктің адам үшін зиянды тұстарын анықтау

3 топқа Көлік инфрақұрылымының маңызын түсіндіру

Дескриптор:

  1. Көліктің адам үшін пайдасын атайды.

  2. Көліктің адам үшін зиянды тұстарын анықтайды

  3. Көлік инфрақұрылымының маңызын түсіндіре алады

ҚБ : көлік түрі әр топқа

Бейнежазбаны көрсету арқылы бағыт бере отырып, картамен жұмыс жүргізу.Топта

ІІІ тапсырма: Кескін картамен жұмыс. Кескін картада суретте көрсетілген көлік инфрақұрлымын Қазақстанның қай қалаларында орналасқанын және тасымалдау жолын көрсетіңіз.

Дескриптор: Кескіндеме картада жұмыс жүргізе алады.

ҚБ: Көлік түрлерін беру

Видеосабақ

Интерактивті тақта


География 7 сынып оқулығы



















Плакат,маркерлер,түрлі-түсті қарындаш, А 4











































Сабақтың соңы

10 мин


Рефлексия .Нені білді? Нені үйренді? Не әлі түсініксіз?

Кері байланыс :

Берілген сөз тіркестерін таңдап ,пікрмен аяқта.

Маған ең қызықты болғаны........

Маған ой салғаны........

Мен мынандай сезімде болдым....

Бәрінен ұнағаны........

(Оқушылар өз жазған пікірлерін оқып, алма ағашына іледі)

Жалпы бағалау:

Топтардағы көліктер саны арқылы ұпай беру.

Жалпы оқушының сабаққа қатысу деңгеіне мұғалімнің бағалауы







Алма ағашы,стикерлер

Саралау.

Қабілеті төмен оқушыларға тапсырма орындау кезінде суретпен жұмыс жасауды беруге болады. Қабілеті орташа оқушыға тапсырма орындау кезінде мәтінді толық оқып, талдау ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыға жеке ақпарат көздері арқылы қосымша мәліметтермен танысып келуді ұсыну.

Сабақ барысында топта бағалау және қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Сабақ жоспарын әзірлеу үшін физика, экология пән мұғалімдерімен келісілді.Сабақта оқудың белсенді әдіс-тәсілдері жүргізілді.

Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы болды.

Инфрақұрылым деген не екенін толық түсінді. Жалпы транспорт түрлерімен , инфрақұрылым жүйесімен толық танысты


Слайд көрсетілді, топтық жұмыста ақпарттар берілді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!