Колледж ішіндегі «Салауатты
өмір салтын сақтаудағы дене тәрбиесінің
жағдайы»
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен
педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге келген еді: ұлт денсаулығын
сақтап қалу үшін барлық күш жігерді біріктіру және оны білім
алушылар денсаулығын қорғауға бағыттау
қажет.
XXI ғасыр–ақпараттардың аса молдығы бойынша
бұрын-соңды болмаған ғасыр. Біз білім алушыларға денсаулықты
сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты туралы көп
айтып жүрміз.
Ал, бұл мәселелерді шешу білім алушылардың
денсаулығын сақтау, оның ішінде дене тәрбиесі, психологиялық
тұрақтылықты арттыру, орынды тамақтану және көптеген басқа
мәселелер бойынша маңызды жұмыстарды қажет
етеді.
Студенттерге білім берумен қатар олардың дені
сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі
алдымызда отырған оқушы -ертеңгі еліміздің экономикалық қуатын,
мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке
тұлға.
Дене шынықтыру сабақтары – дене
шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі
формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы
топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене
қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара
байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі
түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене
күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың
дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен
спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптасрыуды,
оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз
етеді.
Дене тәрбиесі тек колледждегі дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, колледжден де тыс денсаулыққа
байланысты шаралар жүйесі. Қазіргі кезеңдегі білім беру
орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын
нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық
қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген белсенділігі мен
ізгілікті қатынастарын дамытуға
бағытталған.
Дене тәрбиесі-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа
білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ
уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан
сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері білім
алушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған
жағдайда нәтижелі болады.
Білім алушының күнделікті қозғалыс тәртібін
толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің
элементтері есебінде болды
- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде
таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл білім алушылардың
орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, білім алушы ағзасын
сергітеді.
- Колледжге дейінгі және үйге қайтар жолдағы
серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін
тигізеді.
- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы
нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік
туғызады.
- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар
мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп,
білім алушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын,
ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау
секілді тәрбиелік қасиеттерді
дамытады.
- Сабақ үстінде сергіту минуттары. Ой еңбегі
барысында ағзаның тынығуына әсерін
тигізеді.
- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы
жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша білім алушының жалпы және
арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды
қамтамасыз етеді.
- Жалпы спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс
түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы
колледж аралық сайыстар
жатады. Денсаулық күніне байланысты жеңіл
атлетикадан өткен қалалық жарыстан 4 леч С тобынан Нұрзатқызы
Назерке 3 – ші орынға ие болды. 1 леч А тобынан Тұрсынғазина Алмаз,
Исюмбаева Айдана, Кабышева Арайлым 1 леч В тобынан Қоңырханов
Бақытжан, 2 леч А тобынан Заманбекова Перизат, 2 леч С тобынан
Қызыров Айдос, 2 леч Е тобынан Логвинович Алексанра белсенді
қатысып оздерін жақсы жағынан корсете
алды.
Сыныптан тыс іс шара «Терең білім –
тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл ой азаматтығымыздың алдаспаны»
гуманитарлық және жалпы білім беретін пәндер бірлестігі апталығына
байланысты «Көңілді эстафета» сайысы өтті. Бұл сайысқа 1 леч А, 1
леч В, 1 МС А тобындағы студенттері белсене қатысып грамоталармен
марапатталды. Тағы айта кетсек 1 м/с А
тобында «Гимнастика сабағындағы техника қауіпсіздігі.
Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау» тақырыбындағы ашық сабақ
өткізілді. Бұл шаралар барлық білім алушының спорт пен дене
тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызып, салауатты өмір
салтының негізін қалайды, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру-
денсаулық кепілі.
- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу.
Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең
тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі білім алушының жеке тұлғалық
қызығушылықтары мен қабілетіне, сұранысына сәйкес ұйымдастырылған
жұмыс өз нәтижесін береді.
Денсаулық-байлық қана емес, ол адам бақытының
бастауы, тіршілік көзі. Ұлы ақын Абай данамызда «Денсаулық- терең
бақыт» деген.
Ғылым мен техниканың күн санап қарыштап
дамуы, экологиялық зардаптардың белең алуы, ой еңбегі мен дене
еңбегінің ара қатынасының алшақтауы, әр-түрлі зиянды әдеттердің
(шылым шегу, алкоголь ішімдігі, есірткі пайдалану т.б) пайда болуы
секілді құбылыстарға қарсы, салауатты өмір салтын қалыптастыратын
күш иесі-спорт. Спортпен шұғылданған білім алушының денсаулығы
мықты, өзі әлді, төзімді, икемді, әрі нәтижелі болады. Еліміздің
келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып шығады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика
құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз,
демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше
алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын
арттыра алмаймыз», -деген болатын. Елбасымыздың осы тұжырымы
арқылы, мұғалімдер ұжымы өз алдымыздағы қоғамдық міндеттің
жауаптылығын сезінуіміз қажет.
Семей медициналық колледжі
мекемесі
Колледж ішіндегі «Салауатты
өмір салтын сақтаудағы дене тәрбиесінің
жағдайы»
Дене шынықтыру пәнінің
оқытушысы: Байскакова
А.Е.
Семей қ
2017ж