КОЛЛЕДЖДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Саров М.К.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 7 Бетқайнар колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәні оқытушысы,
Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Кіріспе. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашуға, белгілі бір мақсатқа жетуге өз ықпалын тигізеді. Колледждегі дене шынықтыру пәнінің жоспарлау жұмысын ұйымдастыру, жас ұрпақтың жалпы дене бітімін дамыту үшін еңбек етуге, Отанын қорғауға дайындау үшін, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін пайдасы зор.
Негізгі бөлім. Ұлттық ойындар дене шынықтыру сабағында студенттерді өзінше әрекеттенуге, қабылдау мүшелерінің жұмысын арттыруға және ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Сабақтарда қолданылатын қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы — оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Студенттер сабақта қызығушылық танытып, асық ойнаудағы ережелерді ұстанып, өздерінің ептіліктерін, алғырлықтарын, ширақтылықтарын көрсете білді. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану студенттердің ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білудің бір құралы болып саналады.
Қазақтың ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде, жастардың адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады [1]. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде колледжде қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар колледж студенттерінен қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының студенттерінің көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің тапшылығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, колледждерде (әсіресе, ауыл колледждерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқитын орындары қашықта болғандықтан, сабақтан тыс өтілетін шараларға мүлдем қатыса алмайтынын көрсетеді. Жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігін, студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы курстар студенттері ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып студенттердің қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен студенттерді жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, тактикалық ойлауды жетілдіру, сыртқы қоршаған ортаны сезіну, келешек істелетін жұмыстарға әрекетке жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді [2]. Демек, студенттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы қуаттана түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан», «Теңге алу» атты ұлттық ойындар студенттердің еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады [3]. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып құрал. Студенттерді әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Студент ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр студенттің еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы, ерекшелігі мынада: ол студентті зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше, дене шынықтыру сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру, тақырыптарды жылдам меңгеруге, игеруге ықпал етеді. Студенттің сөздік қорын байыта түседі. Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары жас ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері құралдары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің бай тәжірибесін пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кейбір студенттер ойында шынайы өмірді бейнелесе, кейбір студенттер ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және студенттің ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойын түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық - зор байлық» деп тегін айтылмаған.
Қорытынды. Кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де студенттер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім беруде, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқытушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға дене тәрбиесі педагогінің мүмкіндігі зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
-
Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
-
Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз