Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар: спорттық ойындар
туралы өздерінің дағдылары мен түсініктерін талқылауды, көрсетуді
және талдауды істей алады. Пәндік лексика және терминология
мыналарды қамтиды: оқу ойыны, дриблинг, командадағы өзара әрекет,
жарыс, кеңістіктегі бағдар, Шабуылдағы және қорғаныстағы командалық
жұмыс, тактика, стратегия, допты лақтыру, беру, жүргізу техникасы,
жүгіру, жылдамдықтың өзгеруі, допты себетке
лақтыру.
Талқылауға арналған
сұрақтар:
- ойыншы-қорғаушыны алдау үшін
қандай амалды қолданасыз?
- сіздің командаңыз есепте алға
шығу үшін, жағдайды қалай тиімді қолдануға
болады?
- командаңыз шабуыл жасауда
немесе қорғаныста әрекет жасауды бастағанда сізге доппен және
допсыз қимылдарды, сонымен қатар бір-біріңізбен коммуникацияны
қалай дұрыс жақсарту керек?
- сіз қалай ойлайсыз, қандай
қорғаныс тиімдірек, аймақтық па, әлде жеке қорғаныс
па?
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Ынтымақтастық: өзара жақсы
қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады,
бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін
әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен
қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін
өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген
сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық
борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен
дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет:
топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге
асырады.
Еңбек пен шығармашылық:
альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске
талпынады.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Биология, физика, математика,
қазақ тілі, өзін-өзі
тану, музыка
|