Материалдар / Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін керекті жоспарлар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
3123
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3бөлім: Түрлендірілген командалық ойындар

Мектеп

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:


Сыныбы:6 сыныптар

Сабақ 27

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Оқу бағдарламасына сілтеме жасау

6.2.1.1 ­ өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

  1. Төзімділік, ептілік және зейінділікті дамытуға ықпал ету

  2. Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.

Жетістік критерийлері

  1. "Көшбасшылық" сөзінің мағынасын біледі.

  2. Қашықтықты жылдам жүгіріп өтеді.

  3. Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық дағдыларды көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:

  • жүгіру

  • жылдамдықты үдете жүгіру

  • жылдамдық

  • көшбасшылар

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта математика пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады: метр, өлшеу, санау.

АКТ пайдалану дағдылары

Интербелсенді тақтада эстафеталық жүгіріс туралы бейнекөрініс көрсету

Бастапқы білім


Оқушылардыңэстафеталық жүгіріс туралы танымы бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар:

Сабақтың басы

10 мин.

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.

Жүгіру жаттығулары.

Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.




Сабақтың ортасы

25 мин.


Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Эстафеталық жүгіріс туралы бейнекөрініс көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру..

(Б, Т, Ж, Ф)

Командалар эстафетада жарысады.

Ойын түрлері:

а) Қатысушылар лекке тұрып бір-бірден жүгіреді. Ойыншы айналу белгісіне дейін жүгіріп, кейін келеді, кейін келесі ойыншы жүгіреді.

б) Қатысушылар бір қатарға тұрады. Мәре сызығына қарай бірге жүгіріп, бірге кері қайтып келеді.

в) Бір команданың екі топшасы бір-біріне қарама-қарсы лекке тұрады. Әр жүгірісте орындарын ауыстырып отырады.

Бағалау дескрипторлары: - Өз жолымен жүгіреді.

- Ережені бұзбай жылдам жүгіріп өтеді.

- Жарыс кезінде жылдам қозғалады

Қалыптастырушы бағалау: 2+1:

Оқушылар өздерінің жұптарына жүгірудегі 2 жақсы жағын және жетілдіруді талап ететін 1 сәтті айтады.


Үлкен бос кеңістік.




Үлкен бос кеңістік.

Құрал-жабдықтар: волейбол добы, кеглилер, секундомер,ысқырық.


Сабақтың  соңы

5 мин.


Сабақ қорытындылау:  «Суретші» рефлексиясы.

Оқушылар залдан шығарда тақтаға өздерінің ненің жақсы орындағанын және жетілдіру керек сәттерді жазады немесе смайлик суретін салу арқылы қалдырады.

Киім ауыстыру орнына кету.

Маркерлер, фломастерлер, стикерлер

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: Қайта келу жүгірулері

Қабілетті оқушыларға: Кедергілер арқылы жүгіру

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

2+1:

Оқушылар өздерінің жұптарына жүгірудегі 2 жақсы жағын және жетілдіруді талап ететін 1 сәтті айтады.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;


Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі  аспектісін көрсетіңіз   (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?

1:

2:


Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!