|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 9 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№ Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Көмірсулардың жіктелуі.
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2025 жылғы " 06 " ____02_____
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Менталды карта, Сәйкестендіру сұрақтары, Кинометафора, Миға шабуыл сұрақтар, Тест сұрақтары,)
Пәнаралық байланыс: Химия
Мақсаты, міндеттер
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
-көмірсулардың жіктелуін оқып білу;
-көмірсулардың құрылымы, құрамы және қызметі бойынша жіктеп үйрену;
Тәрбиелік:
құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
ой өрісін кеңейту:
тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмысі степ білуг еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас орната білу;
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін, күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2.Күтілетін нәтижелер
Көмірсуларға қандай органикалық қосылыстар жататындығын.
Көмірсулардың жалпы формуласы.
Күрделі қанттар қандай полимерлерге жататындығын.
Көмірсулар қандай кластарға бөлінетіндігін.
Көмірсулардың класқа бөлінуі неге негізделгендігін.
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарламасы, оқу сабақ жоспары, тақта, ноутбук, кітап, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Материалдық: Биология оқулығы 1 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Биология пәнінен білімі "Менталды карта", Сәйкестендіру сұрақтары ойыны арқылы
дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін тексеріледі.
«Менталды карта» әдісі арқылы су байлықтарын төркөзге толтыру.

Сәйкестендіру сұрақтары
|
№ |
|
|
|||||
|
1 |
|
Су – барлық тірі ағзалардың өмір сүруіне негізгі зат. Ол жасушалардың, мүшелердің және бүкіл организмнің сақталуын қамтамасыз етеді. |
|||||
|
2 |
|
|
|||||
|
3 |
|
Адам ағзасының шамамен 60-70%-ы судан тұрады. |
|||||
|
4 |
|
|
|||||
|
5 |
|
Су табиғатта айналады: булану, конденсация, жауын-шашын және жерге сіңу арқылы. |
|||||
|
6 |
|
|
|||||
|
7 |
|
Судың үнемдеу жолдары: суды босқа ағызбау, тамшылатып суару қолдану, тұрмыста суды үнемді пайдалану. |
|||||
|
8 |
|
|
|||||
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 35 мин
Жоспар
-
Көмірсулардың құрамы және қызметтері және қасиеттері
-
Көмірсуларды жіктеу.
«Кинометафора» Көмірсулардың жіктелуі тақырыбында бейнекөрсетілімі: https://www.google.com/search?sca_esv=872822d4cb398566&sxsrf=AHTn8zqLwncEJIBPt2eFdFMdM3vWcW5Enw:1738793217141&q=%D0%9A%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80%D1%81%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3+%D0%B6%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%83%D1%96&udm=7&fbs=ABzOT_B2EfH2faHDLJVHUgSRbBS_FYuZCb83OsbCRgZapUJHii6QOYEiNwdp0PlcpPq4xQj5WTrYDmPfEiX-pDldj1onVQ700zRTGDvfHLpoAfUpO7YaiMkW2WzYnSh8Z0Py-w5K7revGPqv00dFCaBl1pBpMNQRcjLzz-17xY54PYxEateNMNsDwnxHt-GbA82RAGjmZY39CBIEdVsPnaQvaKxLvLN8LQ&sa=X&ved=2ahUKEwiiua7Axa2LAxV0UKQEHVCcDhEQtKgLegQIDhAB&biw=1366&bih=641&dpr=1#fpstate=ive&vld=cid:2fc5db50,vid:24h_1nHVZYg,st:0
Көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу. Көмірсуларға сан алуан және көбінесе бір – біріне мүлде қарама – қарсы қасиеттер көрсететін қосылыстар жатады. Олардың арасында қарапайым және жоғары молекулалы, кристалды, суда жақсы еритін және онда мұлде ерімейтін, тотығуға қабілетті және тотықтырғыштардың әсеріне біршама тұрақты заттар бар. Көпшілік көмірсулардың жалпы формуласы Сn (Н2О)n. Химиялық табиғаты бойынша көмірсулар 3 класқа бөлінеді.
1) моносахаридтер;
2) дисахаридтер, трисахаридтер (олигосахаридтер);
3) полисахаридтер.
Көптеген дисахаридтерді, әдетте, қанттар деп атайды, мұнымен олардың дәмінің ерекшелігі – тәттілігі сипатталады.
Өздерінің химиялық құрылымы бойынша көмірсулар көпатомды спирттердің кетондық немесе альдегидтік туындылары болып табылады.
1.Моносахаридтер. Молекуласындағы көміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар деп аталады.
Триозалар. Олар үшатомды спирт – глицериннің тотығуы кезінде түзіледі. Бірінші реттік спирттік топ тотыққан жағдайда глицириндік альдегид түзіледі, ал екінші реттік спирттік топ тотыққан кезде диоксиацетон түзіледі.
Ұлпаларда фосфотриозалар жинақталмайды, одан арғы өзгерістерге ұшырайды:
Тетрозалар. Тетрозалар фотосинтез кезінде аралық өнім ретінде пайда болады. Адам организмінде көмірсулар ыдырауының пентозалық циклінде түзіледі.
Пентозалар. Ксилоза көбінесе өсімдіктерде кездеседі. Кондитерлік өнеркәсіпте қолданылады (диабет ауруына шалдыққандар үшін). Рибоза және дезоксирибоза РНҚ мен ДНҚ-ның құрамына кіреді. Рибоза да глюкозаның ыдырауы кезіндегі пентозалық циклде түзіледі.
Гексозолар. Д-глюкоза, жүзім қанты, декстроза. Глюкоза көп мөлшерде толық піскен жүзімде болады. Адамның қанында глюкозаның мөлшері 80-120мг-ды (3,5-5,6 ммоль/л) құрайды. Ұлпалар мен жасушаларда көмірсулардың ыдырауында аралық зат ретінде глюкоза фосфорланған күйінде кездеседі.
Д-галактоза, сүт қанттың (лактозаның) құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар мидың құрамына кіретін күрделі липидтер – цереброзидтердің де құрамдас бөлігі. Д-фруктоза, жеміс қанты жемімтің, гүл шырынының (балдың) құрамында болады. Фруктоза сахарозаның құрамына кіреді.
2.Дисахаридтер (олигосахаридтер). Бұл көмірсулар өздерінің аталуына сәйкес гликозидтер байланыстар арқылы байланысқан екі немесе бірнеше моносахарид қалдықтарынан құралады. Екі моносахаридтің қосылуы нәтижесінде бір молекула су бөлініп шығады. Дисахаридтерге сахароза, мальтоза және лактоза жатады.
Сахароза қызылшада, қант қамысында болады. Қант қызылшасының қанттың мөлшері 27% - ке дейін, ал қант қамысында 20% - ке дейін жетеді. Қызылша мен қант қамысы өндірістік қант алу үшін қолданылады. Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұрады.
Лактоза глюкоза мен галактозадан тұрады, ана сүтінің және жануарлар сүтінің құрамында болады. Барлық моносахаридтер мен өзіндік тәтті дәмімен ерекшеленеді.
3. Полисахаридтер. Өте көп (жүздеген және мыңдаған) моносахарид қалдықтарынан құралған жоғары молекулалы заттар. Өздерінің химиялық құрылымы бойынша полисахаридтер былай бөлінеді:
- гомополисахаридтер, бір моносахарид қалдықтарынан құралады, мысалы, тек глюкозалардан немесе тек фруктозалардан т.с.с.;
- гетерополисахаридтер, түрлі моносахаридтердің қалдықтарынан олардың туындыларынан құралады. Аса маңызды гомополисахаридтерге крахмал, целлюзоза, гликоген, пектиндік заттар ажыратады.
Крахмал – өсімдіктерде қор ретінде жинақталатын полисахарид. Ол майда дәндер түрінде өсімдіктердің түйнегінде және тамырында, астық дақылдарының дәнінде қорға жинақталады. Бидай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75%, күріште 80%, ал картоп түйнегінде 25% - ті құрайды. Крахмалды өндірістік жолмен алуды картоп ең арзан материал болып табылады. Крахмал адамның азық – түлігіндегі негізгі көмірсу десек болады.
Гликоген – глюкоза қалдықтарынан құралған адам және жануарлар организмінде қорға жиналатын күрделі көмірсу. Гликоген көп мөлшерде бауырда, қаңқа бұлшықеттерінде және жүректе жиналады. Гликогеннің бауырдағы және бұлшықеттегі мөлшері жануарлардың қоңдылығына, адамның толықтығына байланысты болады. Ол бауырда 2% - тен 10% -ке дейін, қаңқа бұлшықеттерінде 0,2% - тен 2% - ке дейін ауытқиды. Ашыққан кезде бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің мөлшері күрт төмендейді. Гликоген бұлшықеттердің жиырылуына жұмсалады, қажыған бұлшықеттерде оның мөлшері азаяды.
Целлюлоза – өсімдік жасушаларының қабығын түзетін күрделі молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза молекуласы да крахмал және гликоген тәрізді глюкоза молекулаларының қалдықтарынан құралады. Бірақ крахмал мен гликогенде α – глюкозаның қалдықтары болса, целлюлоза молекуласында 1,4 – гликозидтік байланыстармен жалғанған β – глюкоза қалдықтары болады. Жануарлар үшін, әсіресе күйіс қайыратын жануарлар үшін целлюлозаның қоректік маңызы зор. Өсімдік тектес қоректік заттармен адамның ішегіне түскен целлюлоза ыдырамайды. Өйткені асқазан және ішек сөлдерінің ферменттері целлюлозадағы β- гликозидтік байланыстарды үзе алмайды. Дегенмен целлюлозаның рөлі айтарлықтай жоғары. Біріншіден, целлюлоза ішектің толқынды жиырылуын жақсартып, өттің бөлінуіне және холестериннің организмнен сыртқа шығарылуына, нәжістің қалыптасуына әсер етеді.
Көмірсулардың қасиеттері және қызметтері.
Барлық тіршілік иелері сияқты адам организмі үшін де энергия қажет. Онсызда ешқандай процестен жүруі мүмкін емес. Әрбір биохимиялық реакция, кез келген ферментативтік процес немесе метоболизм кезеңі энергияны қажет етеді. Сондықтан тіршілік үшін организмге күш, қуат беретін заттардың маңызы зор және қажет. Оларға көмірсулар, нәруыздар, майлар және АТФ жатады. Осы аталғандардың әрқайсысыеың құрылысы әртүрлі, химиялық қосылыстардың мүлде басқа кластарына жатады, бірақ атқаратын қызметтерінің біреуі ұқсас – тіршілік әрекеттері үшін организмді қажетті энергиямен қамтамасыз ету. Олардың бір тобын – көмірсуларды қарастырайық.

Құрамында көмірсулар бар азық-түліктер және дақылдар
Көмірсулардың құрамы мен құрылысы. Көмірсулардың құрамы мен құрылысы олардың алғаш ашылған кезінен бастап – ақ аталуына байланысты белгілі болған. Ертедегі дерек сөздер бойынша оларды құрамында сутек молекулаларымен байланысқан көміртек атомы бар қосылыстар деп қарастырған. Кейінгі мұқият талдау нәтижелері, сонымен қатар бұл заттардың әртүрлілігі туралы мәліметтердің жинақталуына олардың бәрінің құрамында біркелкі еместігін көрсетті. Алайда осы айтылған белгі көмірсулардың құрылысын анықтайтын ерекшеліктердің бірі болып табылады.

Полисахаридтер. Бұл топ көмірсуларының құрамы мен құрылысының тірі организмдер үшін, сонымен қатар адамның шаруашылық іс – әрекеттері үшін маңызы өте зор. Біріншіден, қандай көмірсулар полисахаридтерге жататынын білуіміз керек. олардың түрлері өте көп. Олар: крахмал, гликоген, муреин, глюкоманнан, целлюлоза, декстрин, галактоманнан, мурамин, пектиндік заттар, амилаза, хитин. Әлі де аталмағандары көп, ал мына аталғандары жануарлар мен өсімдіктер үшін тек ең маңыздылары.
Моносахаридтердің қасиеттері. Моносахаридтер – суда жақсы еритін, спиртте нашар, эфирде ерімейтін түссіз кристалл заттар. Ең негізгі моносахарид – бұл глюкоза. Оның атауы гректің glykys – тәтті деген сөзінен шыққан. Химиялық формуласы С6Н12О6. Глюкоза молекулалары организмдегі аса маңызды энергетикалық процестердің бірі – гликолиз процесінде биологиялық отынның рөлін атқарады. Пентозалық циклде глюкоза көмірқышқыл газы және суға дейін тотығып, кейбір реакциялар үшін энергия бөліп шығарады. Табиғатта D-глюкоза кездеседі. Глюкоза оксидтермен және ауыр металл тұздарының гидроксидтерімен өте оңай тотығады. Глюкозаның тотығуы мына теңдеу бойынша жүреді:
С6Н12О6+ 6О2=6CО2 +6H20+686ккал.
Босап шыққан энергияның едәуір бөлігі АТФ –ке жинақталады. Глюкозаның организмдегі тұрақты көзі – гликоген. Глюкозаның жеткіліксіздігі ацидоз бен кетоздың туындауына, ал артық мөлшері диабет ауруына себеп болады. Оның қандағы қалыпты мөлшері – 0,12%.
Дисахаридтердің қасиеттері. Дисахаридтердің негізгі өкілі сахароза. Сахароза молекуласы D-глюкоза және D-фруктоза молекулаларының қалдықтарынан тұрады. Химиялық формула C 12 H 22 O 11. Сахароза - адам ағзасындағы негізгі көмірсулардың бірі, түссіз кристалды зат. 200 ° C жоғары температурада ол карамель деп аталатын түзілумен ыдырайды. Сахароза полярлы емес органикалық еріткіштерде, абсолютті метанол мен этанолда, атил ацетатында, анилинде, метанол мен этанолдың сулы ерітінділерінде ерімейді. Ол суда ериді. Сахароза қалпына келтіретін қасиетке ие емес, сондықтан сілтілерге төзімді, бірақ D-глюкоза мен D-фруктоза түзе отырып, қышқылдар мен сахароза ферменттерінің әсерінен ылғалдандырылады. Сілтілік металдармен қант түзеді. Сахароза - негізгі дисахаридтердің бірі. Ол асқазан сөлінің HCl және адамның аш ішектің шырышты қабаты арқылы сахарозамен гидролизденеді.
Сахароза - қанттың бөлігі (99,75%), ол тағамға тәтті дәм береді. Сахароза қызылша қант деп те аталады.
Дисахаридтердің тағы бір өкілі - лактоза (сүт қант). Ол гелактоза мен глюкоза қалдықтарынан тұрады. Лактоза сүтқоректілер мен адам сүтінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол лактация кезінде сүт безінде глюкозадан пайда болады және нәрестелер үшін оның көзі болып табылады. Лактоза олардың ішектерінде кальцийдің сіңуін жеңілдетеді. Адам сүтіндегі лактоза мөлшері 7 г / 100 мл. Сиыр мен ешкінің сүтінде - 4,5 г / 100 мл
Полисахаридтердің қасиеттері. Крахмал — өсімдіктерде қорға жиналатын негізгі полисахарид. Ол өсімдіктердің жасыл жапырағында, сабағында, түйнегі мен тұкымдарында көп мөлшерде фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Крахмал – аса маңызды қоректік заттардың негізгі құрамдас бөлігі. Крахмалдың химиялық формуласы (С6Н10О5)п. Целлюлоза — химиялық формуласы крахмалға (С6Н10О5)п ұқсас. Целлюлоза тізбегі, негізінен, ангидро – D – глюкозаның элементарлық буындарынан құралған, ал буындар өзара 1,4 – гликозидтік байланыстармен байланысқан. Тағам құрамындағы целлюлоза негізгі тағамдық талшықтардың бірі болып табылады. Ол астың қорытылуында және дұрыс тамақтануында маңызды рөл атқарады. Талшықтар асқорыту бөлімдерінде қорытылмайды, бірақ олардың қалыпты қызметіне ықпал етеді. Олар кейбір токсиндерді өздеріне сіңіріп алып, ішекте сіңірілуіне кедергі жасайды.

Крахмалға бай картоп түйіндері.
Көмірсулардың тірі организмдердегі қызметі.
Өсімдіктекті организмдер үшін қорғаныш қызметін атқарады. Егер ағаштың зақымданған орнында пайда болатын шайыр мен шырыш құрамына сапалы талдау жасаса, онда бұған көз жеткізу оңай. Химиялық табиғаты бойынша бұлар моносахаридтер және олардың туындылары. Мұндай тұтқыр сұйықтық бөгде патогенді организмдердің ағаштың ішіне еніп, оған зиян келтіруіне жол бермейді. Яғни, осылайша көмірсулар қорғаныш қызметін атқарады.
Рецепторлық қызметі. Полисахаридтер мен олигосахаридтер жасуша мембранасы арқылы заттардың тасымалдануына белсенді түрде қатысады. Сыртқы жағымсыз әсерлерді сезуші "қарауыл" қызметін атқарады.
Энергетикалық қызметі. Көмірсулардың ең маңызды қызметі. Олар бүкіл жасушаішілік процестерді, тіпті бүтіндей организмнің жұмысын энергиямен қамтамасыз етеді. Тірі организм жасушаларында жүретін жасушалық тыныс алу барысында бөлініп шығатын энергияның қайнар көзі глюкоза (1 г көмірсудың тотығуы кезінде 17,6 кДж энергия босап шығады) болып табылады.
Глюкоза осмостық қысымның реттелуін бақылайды. Кейбір поли- сахаридтер тіршілік иелерінің энергия көзі ретінде корга жинақталады.
Құрылыстық қызметі. Целлюлоза өсімдік жасушаларының қабырғасын түзуге қатысады. Хитин көптеген буынаяқтылардың жабыны және саңырауқұлақ жасуша қабырғасының құрамына кіреді.
Метаболизмдік қызметі. Пентозалар нуклеотидтерді (рибоза РНҚ нуклеотидтерінің құрамына кірсе, дезоксирибоза ДНҚ нуклеотидтерінің кұрамына кіреді) кейбір коферменттерді (мысалы, НАД, НАДФ және А. ФАД коферменттері). АМФ-ты синтездеуге және фотосинтез процесіне қатысады. Пентозалар мен гексозалар полисахаридтер син- тезіне қатысады. Мұнда глюкозаның рөлі ерекше.
Көмірсулардың басқа жоғары молекулалы қосылыстармен байланысы. Көмірсулар тек таза күйінде гана емес, сондайақ басқа молекулалармен байланысқан түрде де кездеседі. Олардың қата рына ең кеңінен таралған: гликозаминогликандарды немесе муко- полисахаридтерді, гликопротеиндерді немесе липополисахаридтерді жатқызуға болады. Мұндай көмірсулардың құрамына әртүрлі функционалдық топтар қосылатындықтан құрылымы мен қасиеттері айтарлықтай күрделі. Жогары молекулалы заттар организмдердің әртүрлі тіршілік процестеріне қатысады. Мысалы, гликопротеидтер немесе липополисахаридтердің болуы организмнің иммунологиялык реакцияларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өйткені олар лимфалық жүйе жасушаларының құрамына кіреді.
IV. Жаңа сабақты бекіту - 10 мин
Миға шабуыл сұрақтар:
-
Молекуласындағы көміртек атомының санына байланысты не деп аталады?
-
Рибоза және дезоксирибоза неның құрамына кіреді?
-
Рибоза да глюкозаның ыдырауы кезіндегі қандай циклде түзіледі?
-
Адамның қанында глюкозаның мөлшері қанша мг-ды (3,5-5,6 ммоль/л) құрайды?
-
Екі моносахаридтің қосылуы нәтижесінде қанша молекула су бөлініп шығады?
-
Дисахаридтерге нелер жатады?
-
Бидай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75%, күріште 80%, ал картоп түйнегінде қанша % - ті құрайды?
-
Сахароза нелерден тұрады?
-
Моносахаридтер – қандай заттар?
-
Дисахаридтердің негізгі өкілі ............
Миға шабуыл сұрақтардың жауаптары:
-
моносахаридтер триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар деп аталады
-
Рибоза және дезоксирибоза РНҚ мен ДНҚ-ның құрамына кіреді.
-
Рибоза да глюкозаның ыдырауы кезіндегі пентозалық циклде түзіледі.
-
Адамның қанында глюкозаның мөлшері 80-120мг-ды (3,5-5,6 ммоль/л) құрайды.
-
Екі моносахаридтің қосылуы нәтижесінде бір молекула су бөлініп шығады.
-
Дисахаридтерге сахароза, мальтоза және лактоза жатады.
-
идай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75%, күріште 80%, ал картоп түйнегінде 25% - ті құрайды.
-
Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұрады
-
Моносахаридтер – суда жақсы еритін, спиртте нашар, эфирде ерімейтін түссіз кристалл заттар
-
Дисахаридтердің негізгі өкілі сахароза
Көмірсулардың жіктелуі бойынша тест сұрақтары
I. Есте сақтау деңгейі
-
Көмірсулардың негізгі жіктелуі қанша топқа бөлінеді?
A) 2
+B) 3
C) 4
D) 5
Е) 6
-
Моносахаридтерге қайсысы жатады?
+A) Глюкоза, фруктоза, галактоза
B) Крахмал, целлюлоза, хитин
C) Лактоза, мальтоза, сахароза
D) ДНҚ, РНҚ
Е) Крахмал, мальтоза, сахароза
-
Полисахаридтерге тән қасиет қандай?
A) Тәтті дәмі бар
B) Суда жақсы ериді
+C) Құрылыстық және қоректік қызмет атқарады
D) Молекулалары кіші болады
Е) Молекулалары үлкен болады
-
Дисахаридтердің құрамында қанша моносахарид қалдығы болады?
A) 1
+B) 2
C) 3
D) 4
Е) 5
-
Полисахаридтер қандай молекулалардан тұрады?
A) Нуклеотидтерден
B) Аминқышқылдарынан
+C) Моносахаридтерден
D) Май қышқылдарынан
Е) Дисахаридтерден
II. Түсіну деңгейі
-
Моносахаридтердің суда еру қасиеті қандай?
+A) Суда жақсы ериді
B) Суда ерімейді
C) Тек ыстық суда ериді
D) Органикалық еріткіштерде ғана ериді
Е) Құрылыстық және қоректік қызмет атқарады
-
Крахмал мен гликогеннің айырмашылығы қандай?
A) Гликоген өсімдіктерде, крахмал жануарларда кездеседі
B) Крахмал суда жақсы ериді, гликоген ерімейді
+C) Гликоген жануарлар мен саңырауқұлақтарда, крахмал өсімдіктерде кездеседі
D) Екеуі де тек өсімдіктерде кездеседі

Сахароза қандай дисахаридтердің қосындысынан тұрады?
+A) Глюкоза + Галактоза
B) Глюкоза + Фруктоза
C) Глюкоза + Глюкоза
D) Галактоза + Фруктоза
Е) Фруктоза + Фруктоза
-
Көмірсулардың негізгі қызметі қандай?
A) Ақуыз синтезіне қатысады
+B) Құрылымдық және энергетикалық қызмет атқарады
C) Қорғаныштық қызмет атқарады
D) Гормондардың түзілуін қамтамасыз етеді
Е) Органикалық еріткіштерде қызмет атқарады
-
Целлюлозаның ерекшелігі неде?
A) Адам ағзасында қорытылады
+B) Өсімдіктердің жасуша қабырғасының негізін құрайды
C) Суық суда оңай ериді
D) Жануарлардың бауырында жиналад
Е) Қорғаныштық қызмет атқарады
III. Қолдану деңгейі
-
Егер адамға шұғыл энергия көзі қажет болса, қандай көмірсуды тұтыну керек?
A) Целлюлоза
B) Крахмал
+C) Глюкоза
D) Хитин -
Егер адам лактозаны қорыта алмаса, онда ол қандай өнімдерден бас тартуы керек?
A) Нан өнімдері
+B) Сүт және сүт өнімдері
C) Жемістер мен көкөністер
D) Ет өнімдері
Е) Ақуыздар
-
Дене жаттығулары кезінде энергияның негізгі көзі қайсы?
A) Ақуыздар
+B) Көмірсулар
C) Майлар
D) Витаминдер
Е) Целлюлоза
-
Егер өсімдікке крахмалдың жиналуын тексергіңіз келсе, қандай реактив қолданасыз?
A) Бенедикт ерітіндісі
+B) Иод ерітіндісі
C) Күміс нитраты
D) Натрий гидроксиді -
Егер адам аз мөлшерде көмірсу тұтынса, оның ағзасында қандай өзгеріс болуы мүмкін?
A) Энергияның артуы
+B) Ақуыздар энергия көзі ретінде пайдаланылуы
C) Қандағы қант деңгейінің жоғарылауы
D) Дене салмағының артуы
Е) Температураның артуы
V. Сабақты қорытындылау, баға қою – 5 мин.
Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге
сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VІ. Үй тапсырмасын беру - 2 мин
Тапсырма: Берілген кестені сызып көмірсуларды жіктеу және оқып келу.
Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология 11-20 беттер
Көмірсулардың жіктелуі.
![]()
![]()
![]()

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көмірсулардың жіктелуі

шағым қалдыра аласыз