Көмірсутектердің табиғи көздері 10 сынып ЖМБ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көмірсутектердің табиғи көздері 10 сынып ЖМБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмірсутектердің табиғи көздері 10 сынып ЖМБ Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

10.4А Қанықпаған көмірсутектер

Педагогтің аты-жөні:

Киргизбаева Сабира Батырбекқызы

Күні:

05.05.2025 ж

Сыныбы: 10 «Д», «Г», «Е»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көмірсутектердің табиғи көздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

-жахандық жылынудың себептерін болжау

Сабақтың мақсаты:


  • Көмірсутектердің табиғи көздерін зерделеу;

  • Қазба отынның түзілуін анықтау;

  • Көмірсутектердің қолданылуын оқып-үйрену

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы-лықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастарады

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Апта дәйексөзі

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Топқа көміртек және сутек атаулары бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 2 топқа бірігеді.

1 топ: Көміртек

2 топ: Сутек


Оқушылар апта дәйексөзі бойынша ойларын айтады.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Мұнай деген не? Мұнайдың формуласын жазуға бола ма?

2. Мұнайдың қандай физикалық қасиеттері бар? Мұнайды судан қалай бөлуге болады?

3. Қазақстандағы мұнай кен орындарын атаңдар.


Дескриптор:

-мұнайға анықтама береді;

-Мұнайды бөлу әдістерін анықтайды;

-Қазақстандағы мұнай кен орындарын атайды;

ҚБ: әрбір дұрыс жауап-1 ұпай


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Термин

Түсіндірме

Көмірсутек

Тек көміртек (C) пен сутек (H) атомдарынан тұратын органикалық қосылыстар.

Қазба отын

Табиғи жолмен жер астында түзілген жанғыш заттар: көмір, мұнай, табиғи газ.

Мұнай

Органикалық заттардың қалдықтарынан түзілген күрделі қоспа, көмірсутектерден тұрады.

Табиғи газ

Негізінен метаннан тұратын жанғыш газ, мұнай мен көмір кендерінде кездеседі.

Көмір

Жер қойнауында өсімдіктердің ыдырауынан түзілген қазба отын.

Парниктік эффект (жылу эффектісі)

Атмосферада CO₂, CH₄ және басқа газдардың жиналып, күн жылуын жерден шығармай ұстап қалуы.

Энергия көзі

Электр, жылу немесе механикалық энергия беретін табиғи немесе жасанды көз.

Альтернативті энергия

Жаңартылатын (күн, жел, су) экологиялық таза энергия көздері.

Фоссильді энергия

Қазба отын негізінде алынатын энергия.

Органикалық заттар

Көмірсутектер мен олардың туындылары.

Теңіз түбіндегі тұнбалар

Мұнай мен газ түзілуіне себеп болатын органикалық қалдықтардың жиналуы.

Рециклинг

Қалдықтарды қайта өңдеу үрдісі.


Дескриптор:
Жалпы - 3 балл

1. Кітап бойынша терминдерді анықтайды;

2. Әрбір терминдердің анықтамасын дұрыс тауып жазады.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

Топтық жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

І топ:
1.Мұнайды екіншілік өңдеу арқылы қандай өнімдер алынады? Бұл заттар қайда қолданылады?
2. Күнделікті қандай мұнай өнімдері кездеседі? Олар қайда қолданылады?
3. Бензиннің детонациялық тұрақтылығы деген не? Бензиннің детонациялық тұрақтылығының қандай салдарлары бар?

ІІ топ:
1. Отынның октан саны деген не? Бензиннің АИ-80 маркасы нені білдіреді?
2. Мұнайдың төгілуінің экологиялық салдарларын атаңдар

Дескриптор:
Жалпы - 3 балл

1.Мұнай өңдейге қатысты сұрақтарға жауап береді.

2.Мұнайдың төгілуіндегі экологиялық салдарларды анықтайды, атайды.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жұптық жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2.Тапсырма

1. Табиғи газ құрамындағы метанның массалық үлесі 96%. Осындай 1т газдан алынатын метанның массасын есептеңдер. Жауабы: 960 кг.
2. Көлемі 40 л (қ.ж.) табиғи газдан 30,3 г хлорметан алынды.Теориялық мүмкіндікпен
салыстырғандағы хлорметанның шығымы 40%. Табиғи газдың құрамындағы
метанның массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 84%.
3. Табиғи газдың құрамындағы (көлемдік үлестері) : метан 95%,азот 2%, көміртек
(IV) оксиді 3%. Газдың осы үлгісінің 4,48л (қ.ж.) өртеп, барлық газдың қоспасын
артық мөлшерде алынған кальций гидроксидінің ерітіндісі арқылы өткізді. Түзілген
тұнбаның массасын есептеңдер.

Дескриптор:
ҚБ-әрбір дұрыс жауап үшін: 1 ұпай

1. Метанның формуласын жазады;

2. Зат массасын анықтау формуласын жазады;

3. Шығымды табуға арналған формуланы табады;

4. Кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізілген газдың формуласын анықтайды;

5. Тұнбаның массасын есептейді.


ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

Функционалдық тапсырмаларды оқушылар жеке орындауын қадағалаймын.

Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма
Тақырып: Қалдық жанармайдың экологиялық әсерін бағалау

Поляр ендігіндегі мұхиттың суық сулары сорғы ретінде көмірқышқыл газын сіңіреді, ал суы жылы болатын экваторлық және тропикалық аймақтарда атмосфераға CO2 газын бөліп шығарады. Атмосфера мен мұхит арасындағы осы алмасу процесіне жыл сайын 100 млрд тонна СО2 қатысады.
Тапсырма: Бұл процеске қанша молекула көмірқышқыл газы қатысатынын есептеңдер

Дескриптор:
-көмірқышқыл газының молярлық массасын табады;

-жыл сайын алмасуға қатысатын көмірқышқыл газының массасын анықтайды (г);

-жыл сайын алмасуға қатысатын көмірқышқыл газының зат мөлшерін анықтайды (моль);

-көмірқышқыл газының молекула санын есептейді.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі