400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Композиция мен сюжет бірлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: Сырым Ақнұр

ҚТӘ-43-тобының студенті


8-апта

Қосымша тапсырма


Композиция мен сюжет бірлігі



Композиция - латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.

Композиция - шығарманың сюжеттік - баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің түрлі тектері мен түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары болуы да тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургия да басты роль диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз - автордың дара тілі, өзіндік стилі.

Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт.

Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі - лирикалық шегініс.

Оқшау (кірме) эпизодтар - шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда лирикалық шегініс сияқты шығарманың идеясын, пафосын түсіндіру үшін пайдаланылады.

Көркемдік аңдату - жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілді айтамыз.

Пейзаж - шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы береді.

Интерьер - шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.

Лирикалық шегініс - эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.



Менің алған шығармам,

Оралхан Бөкей «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімесі

Әңгіменің тақырыбы: Адамның өмірден өз орнын табуы

Әңгіменің идеясы:

Біріншіден, балаларды жаман әдеттен аулақ болуға үйрету. Яғни, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Екіншіден, ешкімнің ала жібін аттамауға, қылмыс жасамауға, біреудің мүлкіне қол салмауға тәрбиелеу.

Үшіншіден, отбасының қадір қасиетін ұғыну, ананың балаға, отбасыға деген сүйіспеншілігін дәріптеу.





Қосымша бөліктері

Интерьер

Интерьер - шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.

Ораштың үйін суреттеуі:

Үстелдің үсті тап таза болады. Бір жақ бұрышында — кесілмеген, ұсталмаған бірер кітап пен жазу аспабы тұрады. Оған таяу шылым сауыт, күл салғыш болады. Екінші жақ бұрышында арам өлген сиырдай болып тедірейіп портфелі жатады. Үстел тұрған үй қабырға" сында, бұл енді үстелге отырғанда, кісінің қарсы алдынан тұрады, кіреукеленген кішірек айна болады. Айнаның бір жағында бетіне әжім кіргеніне қарамай, қызша киініп, бір қолымен жағын сүйеп түскен бір әйелдің суреті тұрады; мұны енді сұрамай-ақ осы үйдің «хозәйкәсі» дейсің, екінші жағында — бір қырын отырып түскен қолағаш мұрын, аққұба жігіттің суретін " көресің. Бұл енді, жастау кезінде түскен суреті болады.

(Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.)



Пейзаж

Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы.

Ауылдың көрінісі:

«...Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде төбеңде көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жерінен жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін».



Тұжырым:

Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың формалық құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. «Нағыз кемел туындыда, - дейді Л.Н.Толстой, - бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз». Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.

Сюжеттің әр бөлігін бір бүтінге тұтастырып, оларды шығармадағы оқиғаның даму барысына қарай жүйелі орналастыратын компонент - композиция. Алайда күрделі «композиция» ұғымының ауқымы әлдеқайда кең.

Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.

Қорыта келе, композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
1247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі