Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаға сай бірнеше тапсырмалар салынған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп;

Сабақ тақырыбы: Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау

Күні: 15.10.2020ж

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


9.4.1.1 – компьютерде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс жасауды сыни түрде бағалай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Компьютерден келетін зияннан сақтану шарасын біледі

Кейбір оқушылар:

  • Компьютер зиянынан сақтау шараларын қолданады


Бағалау критерийлері

Компьютерде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу тәуекелін сыни тұрғыдан бағалайды

Тілдік мақсаттар

Термин сөздерді қолдану арқылы жасаған презентацияны ауызша қорғай алады.

Терминдер:

  • Интерфейс ­– Интерфейс ­–­­ Interf ace

  • Адам­ мен ­компьютер­дің өзара ­әрекеттесуі­ – компьютерное взаимодействие ­–­ HCI human-computer interaction


Сөз тіркестері:

Компьютердің зияны – бұл ...

Емдің гимнастика – бұл ...


Құндылықтарға баулу

Практикалық жұмыс кезінде «Мәңгілік ел» идеясының Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана құндылығына, жауакершілікке, сыни тұрғыдан ойлауға; жұптық жұмыс кезінде бір – бірінің пікірін құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

биология

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Компьютерден келетін қауіпті біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


3 мин














4 мин




















































Сабақтың ортасы


3 мин

















6 мин















































































2 мин

















5 мин
























5 мин

























4 мин





























1 мин















3 мин

САБАҚТЫҢ БАСЫ

Ұйымдастыру

  • Сыныппен сәлемдесу;

  • Сыныптың сабаққа қатысуын алу;

  • Жағымды ахуал орнату үшін «Жұппен бірге» ойынын ойнаймыз.

  • Оқушылар жұптаса бірінің артына бірі отырады. Ақ парақты жұбының арқасына қойып сурет салады, ал жұбы өзінің сезгіштік қасиетімен суретті өзінің алдындағы параққа түсіру қажет.




Picture 2



  • Үй тапсырмасын сұрау «The Hat» әдісі бойынша бағдарламадан есімі шыққан оқушылардан сұралады.


Бағалау:


Арнайы бағалауға арналған таратпа кесте беріледі. Берілген кестеге сабақ соңына дейін орындаған тапсырмаларынан алған баллды жазып отырады.


Аты – жөні:

Тапсырма:

Балл

Үй тапсырмасы


1 - тапсырма


2 – тапсырма


3 – тапсырма


Бекіту тапсырмасы








Жаңа тақырыпты ашу


Суреттер арқылы бүгінгі жаңа тақырыбымызды ашамыз.

ХХ ғасырдың соңында ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен, ком пью тер және компью тер лік технология лар қарқынды дами бастады. Қазіргі өмірді ноутбук, план шет, ұялы телефонсыз елестету қиын. Олар біздің өмірімізден айтарлықтай орын алып, кейде біз оларға тәуелді болатынымызды түсінбей қаламыз. Компьютердің адам денсаулығына әсері біздің заманымыздың маңызды мәселесі болып табылады. Мамандардың пікірінше, адамдардың компьютермен байланысын қатаң қадағалап, компьютерде жұмыс істеудің қарапайым ережелерін ұстану керек. Егер компьютерде күні-түні үзіліссіз отырсаңдар, онда денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіресіңдер.


  • Бұл шық еттер проблемасы. Компьютерде ұзақ уақыт отыру кезінде адамның ағзасындағы қан айналымы бұзылады. Бұлшық еттер қозғалыссыз болған кезде тонусын жоғалтады. Тонус аз болған сайын, сүйекке, буындарға және омыртқаға көп ауырлық түседі.


  • Омыртқаға әсер ету проблемасы. Тапжыл май ұзақ уақыт отырып жұмыс жасау ерте ме, кеш пе омыртқа ауруына, арқадағы ауырсынуға, остеохондрозға және сколиозға әкеледі. Денені ұзақ уақыт бойы бірқалыпты ұстау қимылтірек аппаратына нұқсан келтіреді, қозғалысы аз өмір салты адам денсаулығына зиян.


  • Көзге әсер ету проблемасы. Компьютермен жұмыс істеу кезінде көз торына және бұлшық еттеріне күш түседі. Көз ауырсынып, жасаурай бастайды, монитордағы сурет айқын көрінбейді. Сондай-ақ бұл көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.


  • Компьютер және асқорыту жүй есі. Адам мен компьютердің өзара әрекеттестігі жиі болған жағдайда тамақтану режимі бұзылады. Мұндай жағдайда адамдар уақыт өте келе артық салмақ қосып, асқазан-ішек жолдары ауруына шалдығуы мүмкін.


  • Жүйке жүйесіне әсері. ДК – баяу жүкте летін, арасында ақаулар беретін және істен шығып қалуы мүмкін техника. Мұн дай жағдайларда шыдамсыз адамдар ашуланғыш келеді. Айналасындағыларға дауыс көтеру және агрессияның басқа да түрлерінің пайда болуы – жүйке жүйесінің сыр беруінің белгісі.


  • Компьютердің әсері заманауи зерттеулерде көрсеткендей, жүрек-қантамыр жүйесінің қауіпті ісіктері мен ауруларының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Адам басқа тұрмыстық техникадан гөрі компьютерлерден денсаулыққа қауіпті электромагниттік сәуле алады.


  • Компьютер және тыныс алу органдары. Компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істеу салдарынан тыныс алу органдарында аллергиялық сипатқа ие аурулар пайда болады, өйткені компьютер жұмысы кезінде монитор корпусы мен процессор қызып, ауаға зиянды заттарды бөледі.


  • Білезік туннельдік синдромы – білектегі нервтің прогрессивті қысылуынан ауырсыну жағдайының туындауы. Күні бойы компьютерде жұмыс істеп, қолдың ұйып қалғанын байқамаймыз, кейде кенет өткір және шаншып ауырғанын сезінеміз. Осы аталған симптомдар – білезік туннельдік синдромы.


  • Компьютерлік құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр. Ол адамды әлеуметтік қарым-қатынас және құндылықтарды бағалау сияқты қасиеттерден айырады. Жүйке жүйесі әлі нәзік және әрі тұрақсыз болып келетін балалар көбіне осындай топтарда жиі кездеседі.




Ем­дік­ гим­нас­ти­ка Арқадағы бұлшық еттердің дамуына арналған әртүрлі бағыттардағы жаттығулар көп. Бұлардың ішінде жүзуге және турникке тартылуға арналған жаттығулар өте пайдалы. Компьютерде жұмыс істеген жағдайда жиі созы лып (керіліп) көріңдер және мүмкіндігінше көбірек қимылдаңдар.

Қол­ға­ ар­нал­ған­ жат­ты­ғулар:

Алақанды күшпен ашып-жұму қимылдарын жасаңдар.

Білектеріңді босаңсытып, оларды жан-жаққа және жоғарыға көтеріп сілкіңдер.

Саусақтарыңды айқастырып, қысу қимылдарын жасаңдар.

Білектеріңді айналмалы қозғалыс арқылы ішке және сыртқа айналдырыңдар.

Саусақтарыңды бір-бірлеп алға созып, сағат тілі бо йынша және кері қарай кезек-кезек айналдырыңдар.


Оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы 2 топқа біріктіремін





1 – ТАПСЫРМА (Топтық жұмыс)

Постер қорғай отырып, компьютермен жұмыс жасау кезіндегі дұрыс және бұрыс отыруды көрініс арқылы көрсету.

  • Компьютермен жұмыс істеудегі қауіпсіздік дегеніміз не?

  • Компьютерден зиянды әсерлер келмес үшін жұмыс компьютермен жұмыс жасаушы қалай отыру қажет?


2 –ТАПСЫРМА (жұптық жұмыс)

«Жұптас» әдісі бойынша. Жұптар ақылдасып, талқылай келе бір – бірінің жауабын толықтырады.


  • Компьютерде ұзақ отырудың салдары қандай келеңсіз жағдай ларға әкеледі?

  • Білезік туннельдік синдромына шалдығудың алдын алу шаралары қандай?


3 - ТАПСЫРМА

Компьютердің зиянды әсерінен қалай қорғануға болады? Сақтық шараларын қолдану деңгейін кестеге түсір. (Microsoft word бағдарламасында) Компьютердің адам бұлшық еттері мен жүйке жүйесіне, көзге, тыныс алу органдарына, жалпы ағзаға зиянды әсерін талдаңдар.





Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
6146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12