КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА МҮМКІНДІКТЕРІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА МҮМКІНДІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі













КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА

МҮМКІНДІКТЕРІ




Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне және жалпы орта мектеп оқушыларына арналған әдістемелік құрал























Шымкент

2024 ж


ӘОЖ 004.92

КБЖ 32.973я73

К53






Шымкент қаласы Білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» МКҚК-ның әдістемелік кеңесінде бекітілген (1 хаттама 29.08.2025 ж).





Пікір жазғандар:

Маханова З.А., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының п.ғ.к., доцент

Изтаев Ж.Д., кафедра меңгерушісі п.ғ.к. доцент










Компьютерлік графика мүмкіндіктері: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне және жалпы орта мектеп оқушыларына арналған

К53 әдістемелік құрал / А.Д. Альсейтов – Нұр-Сұлтан:

Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» редакциясы, 2024. 154б.









Компьютерлік графиканың теориялық негіздері, компьютерлік графиканың түрлері, қарапайым әрекеттен күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқаратын Corel Draw, Page Maker, Adobe Photoshoр бағдарламалары, компьютерлік графика пәнін Adobe Photoshoр негізінде оқытуға арналған электронды оқулық құру негіздері қарастырылған. Сондай-ақ графикалық мүмкіндіктерге арналған зертханалық жұмыстар мен тапсырмалар қоса берілген.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне және жалпы орта мектеп оқушыларына арналған әдістемелік құрал.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................................


1 «Компьютерлік графика» пәнін оқыту негіздері.........................................

1.1 Компьютерлік технологияларды қолдану жүйесі.........................................

1.2 Компьютерлік графика түсінігі.....................................................................

1.3Информатика сабағында компьютерлік графиканы қолдану

әдістері (Photoshop,Corel Draw).....................................................................

1.4 Графикалық бағдарламаларды оқытуға арналған электрондық

құралдар жасаунегіздері ...................…………………………….................


2 Компьютерлік графика пәнін Adobe Photoshop негізінде оқытуға

арналған электронды оқулық құру.............................................................

2.1 Бағдарламалық жабдықтау.............................................................................

2.2 Adobe Photoshop онлайн оқулығын компьютерлік графика пәніне

қолдану әдістері...........................................................................................


ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................































Альсейтова Айгуль Джапаровна

Шымкент қаласы Білім басқармасы

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК

«Жаратылыстану-математикалық» пәндер циклдық комиссиясы

информатика пәнінің оқытушысы
















ШОЛУ


Біз кез-келген жаңалыққа дайын болу керекпіз. Озық технология, тың идея мен жаңаша ақпараттың шарықтау шегіндеміз. Жаңаша ақпаратпен жаңаша білім беру – заман талабы. Әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру көптеген өзгерістерді ендіруде. Ал өзгеріс жаңа мүмкіндіктер кілті. Сондықтан біз өмір сүріп жатқан дәуір информатика дәуірі.

Компьютерлік технология дендеген қоғамда компьютерлік графикаға сұраныстың артуына байланысты туындаған жоба кез-келген салаға қажет. Қарапайым әрекеттен күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқаратын Corel Draw, Page Maker, Adobe Photoshoр программалардың, әсіресе компьютерлік графика пәнін, Adobe Photoshoр негізінде оқытуға арналған электронды оқулық құру арқылы тиімді және қарапайым тәсілмен студенттерді баулуға бағытталған.

HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі және басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Көптеген тэгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау, сонымен қатар зертханалық жұмыстар арқылы іс-тәжірибеде қолдануға арналған оқу құралы.














Кіріспе


XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне енумақсаты тұр. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді.

Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек компьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым әрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқарады. Қолданбалы программалық қамсыздандырудың мынадай түрлері бар: Сorel Draw, Page Maker, Adobe Photoshop.

«Компьютерлік графика пәнін Adobe Photoshop негізінде оқытуға арналған электронды оқулық құру».Бұл жұмысты орындауда алға қойған мақсатым - жоғарғы оқу орны мекемелерінің студенттеріне Adobe photoshop графикалық бағдарламасын оқытуға арналған ең жақсы электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру.

Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

HTML+PHP тілінде құрылған Adobe Photoshop программасының оқулығын үйренушілерге оқып-үйретіп, осы программаның қолданылу мүмкіндіктерін терең игеріп, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.



  1. «Компьютерлік графика» пәнін оқыту негіздері


    1. Компьютерлік технологияларды қолдану жүйесі


Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.  

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық  технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының  ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады.Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. 

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру үрдісі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т.б.

Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам компьютерді біледі, оны жұмыста да,үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлем бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды. 

Компьютерлік оқыту дегеніміз- оқытудың  техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта  электронды оқыту деп атауда.Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.  Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болыптабылады.Осылайша сабақ тақырыбына сәйкес оқулықтан тыс қосымша материал пайдалану оқушылардың  ой-өрісін өсіреді, шет елдік әріптестерін қиналмай түсінуге көмегін тигізеді.Қазіргі уақытта автоматтандырылған оқыту жүйеснің бір жіктелуі жоқ. Бірақ, көп жұмыстарда әдістемелік мақсатына қарай олардың жүзеге асырылуы компьютерлік оқыту бағдарламалары  енгізуде  олардың ортасында  келесі типтер ерекшеленеді: 

  1. Тренажер-бағдарламалар іскерлік пен дағдыны қалыптастыру  және бекіту үшін тағайындалған және де оқытылатындардың өздерін  дайындау үшін. Бұл бағдарламаларды қолданған кезде, оқитындар теориялық материалды біледі деп жорамалданады.

  2. Бақылаушы бағдарламалар - нақты білім немесе іскерлік деңгейін бақылау үшін тағайындалған. Белгілі, оқитындардың білімін бақылау өзімен ең бір маңызды және сол уақытта ұйымдастыру мінездемесі бойынша және зерттеудің теориялық деңгейі бойынша оқыту үрдісінің ең бір нашар тізбегін ұсынады. Қазіргі бақылау формалары мен әдістердің негізгі кемшілігі мынада: олар көп жағдайларды, қажетті тұрақтылықты және оқу ақпаратын меңгеру сапасындағы бағаның инварианттылығын және де осы бағаны, ақиқат білім деңгейінің адекваттығын қамтамасыз  етпейді. Оқу барысын бақылауын жетілдіру түйік проблемасының құрастырылатын білім, іскерлік және дағды бағасыныңа қиқатының жоғарлау проблемасы айнала- сында  концентрациялануы керек. Бұл проблеманы екі аспектіде қарастыруға  болады: біріншіден, оқитындардың шын білім деңгейлерінің педагогикалық бағасының сәйкестік дәрежесінің өсуі ретінде, екіншіден, мынадай құрастыру және тарату  әдіс тәсілдерімен бақылау, олар мұғалімнің субъективті орнатуларынан және кездейсоқ  факторлар бағасынан тәуелсіз болуын қамтамасыз етуден тұрады. Сәйкес бақылаушы бағдарламалар дестелерін қолдану оқыту  нәтижесін және оқытушы еңбегінің  үнемділігін көтеруге мүмкіндік береді, сонымен бірге бақылауға талап етілетін тұрақтылықты және мұғалімнің  субъективті орнатуларынан тәуелсіздерін   береді.

  3. Жаңа түсініктерді меңгеру артықшылығымен бағдарланған тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалардың көмегімен оқыту диалог формасында жүргізіледі, бірақ үлкен бөлікте диалог оқытылатынның немесе түрлендіру жауабы негізінде құрастырылған фактілік диалогты құрайды.
    4) Көрсетуші бағдарламалар оқу  материалын көрнекі көрсетуде бейнелеп түсіндіру үшін тағайындалған.Оқытушы жаңа  материалды түсіндірген кезде көрнекі құралдар ретінде компьютерді  табысты  қолдана алады. Оқу үрдісін интенсификациялау кезінде диалогты немесе интербелсенді графикада көрсетуші бағдарламаларды қолданудың  үлкен мүмкіндіктері бар.
    5)Ақпаратты-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығару  үшін тағайындалған.

Келешекте оқитын оқуға дайындалған кезде немесе оқу кезінде модем және телефон байланыс жолы арқылы басқа компьютерлерге және кітапханаға қосылған дербес компьютерді қолдануға.  Бұл жағдайда ол компьютерленген кітап каталогына немесе кезеңдік баспаға қатынауда ие болатын қажетті ақпаратты ала алады. Компьютер көмегімен оқушы ұйымдастырылған ақпарат  қоймасына көптеген әртүрлі мәліметтер  банкісімен қатынастар ұйымдастыра алады. Энциклопедия немесе кітапханалық қолдануды білу қалай маңызды болса, компьютер көмегімен ақпаратты алу солай қажет екенін білу керек.
6) Имитациялық (еліктеуіштік)  және модельдеуші бағдарламалары объекттер және оқиға “симуляция” үшін тағайындалған.

7)Егер оқиғаны іске асыру мүмкін болмаса немесе қиынға түссе онда бұл бағдарламаларды қолданудың маңызы өте зор. Бұндай  бағдарламаларды қолдану кезінде абстрактілі түсінік нақты болады және оқытылатындардың арқасында жеңіл қабылданады. Одан басқа оқушылар жай массивті ақпаратты есте сақтауға қарағанда материалды белсенді  меңгерген жағдайда көп  білім алады. 

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал - компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:

- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

-бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа  қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта  білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты.  Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы ақпараттық және қатынастық технологиялары төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын ақпараттық және қатынастық технологияларықұралдарының негізгі түрінің бірі электрондық басылымдар болып табылады.

Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, математикалық өлшем бірліктер, графиктер, сызбалар және суреттер т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.

Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне, фото, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы информатика саласы маманын   педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалмағандары дұрыс.  Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.

Электрондық оқулықтар негізгі білім берудің электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың  негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Электрондық оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

- теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

- сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;

- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі  оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.

Қорытындылай келе біздің мақсатымыз қазіргі заман талабына сай ұрпақтәрбиелеу, оларды «оқи» білуге үйрету, стандартты емес жағдайлардан шыға білуге үйрету, қашықтан оқытуға үйрету, көп материалды аз уақытқа қабылдай  білуге үйрету. Осылардың бәрін іске асыру үшін жаңа технологияларды сабаққа қолдана білу әрбір мұғалімнің міндеті.

Білім беруді аталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін.



1.2 Компьютерлік графика түсінігі


Деректерді компьютер мониторында графикалық түрде көрсету алғаш рет өткен ғасырдың 50-ші жылдарында ғылыми және әскери бағытта қолданылатын электронды есептеуіш машиналардың көмегімен жүзеге асырылған болатын. Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бөлігі болып табылады.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге  тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық  режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар–графиксалғыштар(плоттерлер)пайда болды. Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитек-торлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі жобалауды автоматтандыру жүйесі (систем автоматизации проектирования-) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика)деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалықжабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсаттақолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына  үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу  үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді  жүргізу қажет.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.





Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.  Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте өзгерткендегі үлкендігінде. Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі

техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпайөзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.

Келесі артықшылығы-векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.








Кесте-1 Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді  айқын бейнелей алады. 

Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Растырлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым

Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.

Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.

Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады.

Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады.

Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды – құрал палитрасы:

  • қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.

  • Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.

  • Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, ьейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады.

  • Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктері қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.

  • Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнәі анықтайды.

  • Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.

  • Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған.

  • Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.

  • Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.

  • Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.

  • Бағдарламалық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Фильтрлеу алады.


Векторлық графикалық бағдарламалар

Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.

Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады.

Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті – басқару қадамын өтеді. Сіз бұл контурларды қисық және нүктелердің математикалық модельдердің көлемімен пайда болғандықтан кез келген өлшем беріп құра аласыз.

Жаңа мүмкіндіктердің қатарына көптүсті градиентті бояуды жатқызуға болады. Байланысқан түстерді қызыл саршыл түске өзгерте алады. Барлық байланысқан түстер автоматты түрде өзгереді. Көпқабатты түстік интерактивтік түсті «диапозитивтер» ерекше тереңдікті қамтамасыз етеді және сіз вкеторлық бейнені векторлық графикалық файл көлеміндегі растрлық бейнеге ауыстыра аласыз.

Соңғы пакет негізіндегі ұстаным толығымен векторлық графика жйында ойын өзгертеді. Corel Xara 1.5 визуализацияға сапалы жаңа қадам жасайды. Fractal Design фирмасындағы Expression 1.0 пакеті контурды басқа да қиын векторлық графикалық бейнелерді жасауға мүмкіндіе берді. Көп жағдайда қарапайым иллюстрацияларды құру үшін Corel және Lotus бағдарламаларын қолдануға болады.

Corel Draw 8-9.Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo – Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. «Лупа» құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ – ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo – Paint-қа қасады. Бірақ барлығы ойлағандай оңай емес. CMYK түс моделін қолданған кезде Corel Draw-да келеңсіз жағдайлар пайда болады, бірақ бағдарлама Kodak CMS түс басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.

Ең жақсы құралдарға қарамастан Corel Draw-да жетіспеушіліктер де жоқ емес. Құралдардың кең тараған жиынтығы бұл пакетте сурет салу үшін қолайлы, бірақ баспа беттері және Web беттер бұл пактті қолдану мүмкіндігін шектейді.

Micrografx Designer 7. Бұл өте қарапайым, көптеген мәтіндермен оңай жұмыс жасайтын бағдарлама. Designer пакетінің сурет салу құрал – саймандар ортасы қолдануда ең қарапайым болып табылады. Corel Xara сияқты Designer-де мәтінді редактрлеу терезесі қарастырылмаған. Қабаттардың арасын ауыстыру өте қолайсыз, бірақ әртүрлі форматтағы бірнеше бетерді қолдануға болады. Designer пакетінің құрамына растрлық филтрлар, эффекттер кіреді. Олар пиксельдерді OLE технологиясымен Picture Publisher құрылғысында редактрлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл пакет Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модулімен бірге қолдану үшін URL-ді объектреге қосты. Егер сіз жақсы сызбалар сызғыңыз келсе немесе интерактивті режимде жұмыс жасағыңыз келсе, ақпараттарыңызды өз Web бетіңізге орналастырғыңыз келсе, онда сізге осы пакетке тоқталуыңызға болады.

Macromedia FreeHand 7. Macromedia FreeHand 7 пакеті төрт түсті CMYK баспамен және Web ке арналған бінеше форматпен ерекшеленеді. FreeHand сіз нұсқаған түс тізімін ғана қолданады. Бағдарлама бірнеше кітапханалардан түстерді таңдауға мүмкіндік береді, яғни оның ішінде Pantone және Hexachrome. FreeHand сурет салу құралдары және мәтінмен жұмыс қажетті сұраныстарға жауап береді, бірақ шектелу бар. Бұл пакет интерфейсі объектіні толығымен емес, түйіндерді ғана редактрлеуге берілген. Әрбір Corel Draw-да орындалатын масштабтау операциялары, қайталаулар, жән деформациялар FreeHand құралдар жиынтығынан жеке құралды қажет етеді.


    1. Информатика сабағында компьютерлік графиканы қолдану

әдістері(Photoshop, Corel Draw)


Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі - оқыту үрдісін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру.

«Информатика және есептегіш техника негіздері» жалпы білім беретін мектептерге 1985-86 жылдардан бастап міндетті пән ретінде енгізілген болатын. Алғашында ол тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін ғана оқытылса, кейін оның мазмұны өзгерді. Қазіргі кезде ол қоғамға лайық жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін қажетті негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Бұл пәннің мектептерге енгізілуіне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатиканы оқыту әдістемесі болып табылады.

Бұл білім беруді ізгілендіру, қазіргі оқу орындарындағы білім берудің мақсаттылық бағдарларының өзгеруін, мұның ішінде басты орынға оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру мақсаттарын қойды.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Мектептерде Word және Paint редакторлары, Exsel кестелік редактор, Corel Draw векторлық графикалық редактор және Photoshop,бағдарламаларының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Мектеп курсында компьютерлік графиканы оқытудың мақсаты орта білім беру жүйесінде құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторларды және кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану әдістерін оқушыларға түсіндіру, практикада қолдануы туралы білімдерді меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Мектепте компьютерлік графиканы оқыту 5 сыныптан басталады, ал бастауыш сыныптарда факультатив сабақ ретінде қарапайым компьютерлік графиканы қолданамыз.

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Раіnt (Раіntbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Раіnt өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның қүрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.Компьютерлік графикада жасалған құжаттарды төмендегідей кең таралған форматтарда сақтаймыз. Енді осы форматтардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқтала кетейік.

BMP (Windows Device Independent Bitmap). Windows операциялық жүйесінің меншікті форматы. Индекстелген (256 түстер) және RGB-түстер бар. Берілген формат Windows-пен жұмыс істейтін барлық графикалық редакторларды түсінеді. Осымен BMP-тың көптеген жетістіктері бітеді де, жетіспеушіліктері басталады.

BMP Интернетке мүлдем келмейді.

BMP – бұл келесі баспаға шығаруға сәтсіз таңдау.

BMP – аппараттық тәуелді формат.

Ол RLE-қысуды дөрекі қолданады.

Бұл формат көп орын алады.

GIF (CompuServe Graphies Interchange Format). Бүгінгі күні көбіне Интернетте қолданылатын атақты файлдық форматтарының бірі. Анимацияны, мөлдірлікті сүйеуі GIF-ті Әлемдік форматтар желісінде қолдануына көмектеседі. Оның ең басты кемшілігі – 256 түсті ғана кескіндеуі.

EPS (Encapsulated PostScript). Келесіде қайта баспаға шығаур мақсатымен ақпаратты сақтаудағы жақсы форматтардың бірі. Әдетте бұл формат егер келесіде ақпарат PostScript –принтерінде қайта басып шығарылатын болса ғана қолданылады.

JPEG (Joint Photographic Experts). JPEG-ті графикалық формат ретінде қарағанымызбен, ол ең алдымен қазіргі уақытқа кең етек алған сығу қағидасының бірі. JPEG-ті ең дұрысы суреттің жақтарында анықсыздық және майысушылық жіберуге болатын фотосуреттер және суреттер үшін қолдануға болады. Дегенмен де, кескіндемелер жоғары бағалауды басқа форматтармен берген дұрыс. Мысалы, PSD және TIFF форматтары.

PDF (Portable Document Format). Бұл формат әр түрлі типтегі ақпараттарды желілерден тез жіберу үшін өңделегн. Бүгінгі күні PDF-ға мыналар кіруі мүмкін: графика, мәтін, гиперссылка, дыбыс, бейнедыбыс және т.б.

PNG (Portable Network Graphics). Үшінші «кит» (Бірінші екеуі – JPEG және GIF), бұған Интернеттегі кескіндеме сақталады. Әлемдік желіні дамытудағы ең жобалы формат. PNG GIF-пен салыстырғанда кез келген түстің санын, тіпті 48-биттік түсті де қолдана алады.

PNG сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі мөлдірлікті де ұстай алады, яғни жартылай мөлдір (1-99%) пиксельдер сақталына алады. Бұл, әрине, вебдизайнның мүмкіндігін кеңейтеді және бұл форматты өте тартымды ете алады.

TIFF (Tagged-Image File Format). Бүгінгі күні баспа істерінде ең кең таралған графикалық формат. Оның негізгі құндылықтары:

  • Аппараттық тәуелсіз. Сондықтан да оны көбі PC-тан Macintosh-қа және керісінше суретті, бейнені ауыстырғанда әдейі пайдаланады.

  • Өте сенімді формат. Іс жүзінде барлық бағдарлама оны даусыз қабылдайды.

  • CMYK және PANTONE-ді қосқанда, барлық түстің модельдерін қабылдай алады.

  • Өзімен бірге қосымша ақпараттарды алып жүреді. Мысалы, кескіндер немесе альфаканалдар туралы.

  • Оны файлдарды сақтауда қабылдағыш ете алатын LZW-компрессины қолдана алады.

Компьютерлік графиканы мектеп қабырғасында ерте үйретудің басты ерекшелігі оқушының қызығушылығын арттырады, сонымен қатар әр түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу, олардың болашақ мамандығын таңдауда мектептің тигізер ықпалы зор. Сондықтан мектептегі оқыту әдістерін жетілдіру мәселесі көптеген педагогтардың назарын аудартуда.

Осындай әдістердің бірі ретінде оқытудың проектілік әдісі болып табылады. Проектілік әдісдің тиімділігі оқушы мен мұғалім арасын жақындастырады, оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, өз ойын графика түрінде бейнелеуге, жобалық жұмыспен айналысуға, жауапкершілік артуына әсерін тигізеді.

«Компьютерлік графика» оқытуға арналған проектілер факультатив сабақтарында қолданған ыңғайлы. Өйткені олар көп уақытты және оқушылардың әр түрлі пәндерден жүйеленген білімін және шығармашылық ізденушілігін талап етеді. Оқытушы білімгерлердің білім деңгейлеріне сай проектілерді жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.


1.4 Графикалық бағдарламаларды оқытуға арналған электрондық құралдар


Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде ЖОО білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (: электронды оқулықтарды; мультимедиалық оқыту бағдарламасын; виртуалды саяхаттарды; электронды дидактикалық құралдарды және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілуде.  Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын студенттердің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды.Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді. Электронды оқулықтар және оның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда студенттің жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар.

Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді.

Электронды оқулықтарда студент оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Электрондық оқулық сырттай (дистанциондық) оқу формасының өзекті кезеңі болып табылады. «Электрондық оқулық» терминінің көп таратылғанына қарамастан, әртүрлі туындыгерлер оған алуан түрлі мағыналарды береді. Жалғыз жалпы қабылданған белгісі болмаса да, дегенмен, оны оқытатын программалардың көптеген түріндегі біреуіне ғана жатқызуға болмайды. Электрондық оқулықты программалық-әдістемелік комплекске жиі жатқызатын болды. Мұндай электрондық оқулықтар оқу курсын өз бетімен немесе оның үлкен бөлімдерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және құрамында қарапайым оқулықтың, анықтамалықтың, есеп кітапшасының және зертханалық сабақтардың қасиеттерін біріктіреді. Осы электрондық оқулық дәстүрлі оқыту тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы болып табылады және студенттің кітаптармен, конспекттермен, жаттығулармен және т.б. жұмыс істеуін алмастырмайды. Электрондық оқу құралының ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер қамтамасыз етеді. Осындай мүмкіндіктерге: оқулық авторының аудиотүсініктемелері; оқу материалына аудио және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі; контексттік көмекшелерді (подсказка собственный перевод), сілтемелерді (гипертекст) орындау; сандық немесе графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін тез арада орындау; студенттің білімін оперативті өзіндік бақылау (ол жаттығуларды және тесттерді орындаған кезде) жатады.

Электрондық басылым бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда – магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.

Оқу электрондық басылымы бiлiмнiң сәйкес ғылыми– практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.

Оқулық- мемлекеттiк стандартқа жәнеоқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.

Электрондық оқулық-өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.

Оқу құралы- бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.

Электрондық оқу құралы-оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.

Гипертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.

Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.


Электрондық оқулықтың сипаттамасы

Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада , үйде дербес компьютерлерде де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. Электронды оқулық әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, Электронды оқулықта оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.

Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:

  1. Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.

  • Теория бойынша бақылау сұрақтар;

  • Мысалдар;

  • Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;

  • Тест жұмысы;

  • Контекстiк анықтама;

  • Тарихи түсiнiктемелер;

  1. Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.

  2. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.

  3. Реттеу принципi:оқушылар мен студенттердің дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.

  4. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.

  5. Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.

  6. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.

Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:

  • Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi;

  • Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны жiбередi;

  • Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең мүмкiншiлiктер туғызады;

Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан – жақты бiлiм алу үшiн қажет. Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткенi ол:

  • Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi анализдеуге кететiн уақытты босатады;

  • Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк туғызады;

  • Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге мүмкiндiк туғызады.

Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi:

  1. Қайнар көздерiн таңдау;

  2. Қайта жөндеу құқығына авторлармен келiсiмдер жасау;

  3. Ұғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеу;

  4. Help құружәнебөлiмдербойыншатексттердi қайтажөндеу;

  5. Электрондық формада гипертексттi шығару;

  6. Компьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасау;

  7. Мультимедианы iске асыру үшiн мәлiметтердi сорттау;

  8. Дыбыстардың шығуын қамтамасыз ету;

  9. Дыбыстардың шығуын реализациялау;

  10. Визуализация үшiн мәлiметтердi дайындау;

  11. Мәлiметтердi визуализациялау.


Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар

Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі мынадай артықшылықтармен сипатталады:

1)Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

  • «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

  • Негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры);

  • Монотехнологиялық ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген).

2)Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:

- оқыту-бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

- баланың компьютерлік оқытуға икемделе алуы;

- оқытудың диалог түрінде болуы;

- оқытушының кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

- оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;

- жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалды демеу.

3) Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейне техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. Әр түрлі зерттеулер химия, математика, тарих сабақтарында компьютерді пайдаланғанда оның оқыту қызметтерінің жан-жақтылығын көрсетеді.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді. Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу қажет» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Берілгендердің мазмұнын көруге, оларға сұрақтар мен тапсырмалар берілгенін осы мәзірлерді басу арқылы көріп таңдауға болады.

Тест (байқау, тексеру) – оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы.

Электрондық оқулықты құру процесінде автор пәндік аймақ пен ақпараттық технологиялар аймағында білімдар болуы қажет. Тәжірибеде екі маманның ынтымақтастығы – «пәндік-дәріскер» және «программист-маманы» болады. Осы жұмыстың негізгі кезеңдері:

Оқулық мәтінінің «шимай жазу» вариантын дайындау (дәрістер курсы бойынша оқу құралының материалдарын түбегейлі өзгертісе де болады);

Электронды оқулықтың кейбір жеке бөлшектерінің «арнайы» әрекеттестігін құрастыру (оқулықтың рационалдық құрылымы және материалдардың баянадалуын мұқият ойластырған дәйектілік негізінде, мүмкін қиылыс сілтемелерді ұйымдастыру және т.б.), сонымен қатар, аудио және видеосюжеттер сценарийлардың, түрлі иллюстрациялардың алғашқы дайындығын (олар текстте статикалық немесе электрондық компьютерлiк оқулық оқу процесінде динамикалық пайда болады).

Компьютерде электрондық компьютерлiк оқулықтың құрамдас бөліктерін іске асыруға болады.

Жоғары оқу орындарында электронды оқулықты кейде «пәндік дәріскер» деп те атайды. «Пәндік - дәріскердің» ақпараттық технологиялар бойынша кез-келген білімдері аса пайдалы болады, бірақ міндетті емес. Бірінші екі кезеңде автордың біліктілігі пәндік салада және оның ұстаздық, әрі әдіскер мүмкіндіктері үлкен рөл атқарады. Бұған себеп: тек электрондық оқулықты жазу процесінде ғана емес, сол сияқты қарапайым оқу құралын немесе кітапты жазу процесі кезінде автор қиыншылықтарға тап болады. Осы қиыншылықтардың кейбіреулеріне тоқталайық.

Білімдердің айналу процесі мәтін арқылы сызба бойынша іске асырылады: «автордың білімі» - мәтін – «оқырманның білімі». Бірінші кезеңде автор мәтінді жазады, бірақ мәтінде автордың білімі емес, оның белгілі бір ақпараты болады. Күндізгі оқу формасындағы білікті дәріскер көптеген көмекші ресурстарға ие болады да, осы ресурстар арқылы жоғарыда айтылған ысыраптардың азаюына көмектеседі. Сөйлеуде дұрыс қойылған акценттері, вербальды қарым-қатынастардың артықшылықтары зерттелетін тараудағы маңызды жерлеріне назар аудару мүмкіндігін береді. Оған қоса, аудиториямен қайтымды байланысты орнату, материалды ұғыну деңгейіне байланысты дәрістердің жоспарын өзгерту мүмкіндігі болады. Бұл жерде тыңдаушылар сұрақтарының және дәріскердің қажетті сұрақтар рөлі, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасының рөлін бағаламаса болмайды. Көрсетілген мәселелерді ескерген кезде студенттің электрондық оқулықпен жұмыс істеу жұмысын жеңілдейді.

Әрбір дәріс суреттеулермен сипатталса студент тек өзінің мақсатымен және міндетімен танысып қана қоймай, сонымен бірге жан-жағындағы жағдайды ұғынып, пайда болған мәселелердің түбірін ұғып, оны шешу механизмдерімен танысады.

Ұстаздың кеңес беру уақыты шектеулі болғандықтан, электрондық оқулықта студенттердің аса көп ықтималдық сұрақтарына жауаптарын ұсынғаны жөн. Материалдың ұғынылуын бақылау үшін тесттерді қолданған жөн. Электрондық компьютерлiк оқулықты дайындаған кездегі маңызды сәті электрондық оқулықтың дара бөліктер қарым-қатынасының сценарийлерін және аудио-видео сценарийларін дайындауы болып табылады.

«Пәндік - дәріскердің» программалық қамсыздандыру туралы білімі аз болғанымен, бұл кедергілерді тудырмайды. Бірақ ол тек өз саласындағы оқулықтармен танысып қана қоймай, басқа да салалардағы оқулықтармен танысуы қажет. Негізгі мақсаты – қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеу. Аудио - және видео үзінділеріне, формулалардың визуализация әдістеріне, графиктерге, суреттерге, кестелерге және т.б. ерекше назар аудару керек. Мұнда ең бастысы студентке білімді толыққанды жеткізу. Келесі қадам: «пәндік - дәріскер» мен ақпараттық технологиялар маманының үйлесімді жұмысы.

Электрондық оқулықтарды құру технологиялары мультимедиа ортасында оқыту курстарын құрастыру ұзақ және қымбат тұратын процессі болып табылады. Сондықтан, компьютерлік оқу курсының барлық негізгі құру кезеңдерін алдымен жақсылап ойланып жасау қажет. Алдымен, мультимедиа ұсынылатын ортаның оқу курсы таңдалады. Берілген пән бойынша курстардың болжамды шығындары мен уақыттарын анықтау, оның мүмкіндік таралымы және аудиториясын анықтау керек. Мультимедиа типі курсқа қойылатын аудиториялық жалпы талаптарды анықтауға мүмкіндік береді. Негізінде курстың жалпы білімдік оқытылу ерекшеліктерін ескеруі қажет. Олар студенттің жалпы түрлі дайындық деңгейлерімен және компьютерлік білімдерінің деңгейлерімен байланысты. Осы білімдерін тексеру үшін алғашқы тестілеу өтіледі де, студенттің барлық білімі анықталады. Арнайы оқу курстарының да дайындық деңгейлері ескерілу керек. Білетін тақырыптарын қайталамау мүмкіндігі де беріледі. Сонымен бірге пән саласындағы ең соңғы ақпараттармен қамтамасыздандырылуы да қажет.

Электронды кітаптың дайындық кезеңінде оқулық мәтінінің жазылуы, иллюстративті және анықтамалық материалдың таңдалуы, интерфейстің эскизін және оқытатын бағдарламаның сценарийін құру, сонымен қатар, жеке блоктардың сценарийлерін құру (анимациялық үзінділер, видео үзінділер, компьютерлік модельдеуді жасайтын программалар, білімді тексеретін блоктар және т.б.). Осы кезеңде қалауы бойынша оқу материалының түрлі варианттарының ұсынулары форма және мазмұны бойынша құрастырылады. Ол студенттің психикалық типіне байланысты болады. Мұндай жағдайда тағы да, алдын ала психологиялық тестілеуді өткізу керек болып қалуы мүмкін. Оқулықтағы тестпен жұмыс істегенде оның құрылымдарына керекті барлық тақырыптардың нақты тізімін анықтап жасау керек. Олар берілген оқулықта баяндалуы қажет. Студенттің қандай білімді және дағдыларды үйренуі белгілі болса, әрбір тарау және оқу курсы оған толығымен жауап берсе, онда ол кітапты жетістікті деп есептеуге болады. Нәтижесінде, әртүрлі мнемоникалық амалдарды, шрифттік айыруларымен қоса, графиктерді, суреттерді және мультипликацияларды қолданған жөн. Бұл үшін қорытынды жинақтауларды күшейту керек: негізгі мәліметтерді қосу, негізгі жағдайларды құрастыру, кестелерді құру қажет. Кейін мәтінге үлкен өзгерістерді енгізбеу үшін оны ұқыпты саралау жөн. Толық сараланған мәтін гипертекстке түрленеді.

Оқулықтың мәтінімен қоса мультимедиа сценарийіне компоненттер мен тақырыптар тізімі, сонымен қатар, оның құрылымы алдын-ала баяндалуы қажет. Анимациялық, аудио және видео үзінділер, иллюстрациялар және т.б. сценарий бойынша таңдалады. Оқулықтың толық сценарийі әдетте мәтіннің тақырыптарға, тарауларға, түсініктерге байланысын да қарастырады. Сонымен бірге суреттерге, дауыстарға, видео үзінділерге, кестелік ақпараттың қолданылуына, бейнеленген материалдардың (графиктер, схемалар, суреттер) анимацияланған суреттердің және фотоматериалдардың, аудио және видео үзінділердің, компьютерлік модельдердің сілтемелеріне де жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Электронды кітапты жасаудың негізгі кезеңіне оқулықтың тікелей құрастырылу операциясы кіреді. Оның мазмұны ұсынылатын формадан өзгеше болуы қажет. Материалдың ұсынылатын формасы қатаң болуы қажет. Беттерде артық графикалық немесе мәтіндік ақпараттар болмауы керек. Олар оқырманның көңілін бөлуі мүмкін. Кітап фоны бірсазды болғаны жақсы (бірақ міндетті емес). Фоны жарық, ал мәтіні қараңғы түспен, мысалы, қара немесе қараңғы көкшіл түспен жазылуы қажет. Қараңғы фон мен жарық шрифтті қолданған дұрыс болмайды, себебі, оқырманның көздерін шаршатады. Шрифттің гарнитурасы жақсы таңдалса мәтіннің оқылуы жеңіл болады. Егерде ол серифтерсіз (засечкалар) жазылатын болса, онда шрифттік гарнитуралардың кіші шрифттерін қолданбау керек. Бағдарламаға графикалық суреттерді қосқанда ақпараттық құралдарға бейімделуін де ескерген жөн. Оқу бағдарламасының жалпы көлемін азайтуға арналған GIF, JPEG және т.б. форматтарды қолданса болады.

Анимациялық объектілердің қимылдарын жасаудың шексіз мүмкіндіктері бар. Соның ішінде мәтіннің және дауыстың визуалды өрнектеулерін көрсетуге болады. Әр түрлі компьютерлік платформаларға арналған көптеген анимациялардың екі өлшемді (2D) және үш өлшемді (3D) бағдарламалық құралдары бар. Видео үзінділерді жасау үшін компьютерлік видеомонтаждың бағдарламалық-техникалық кешендері қолданылады. Алдын-ала суреттер мен дауыстардың кітапханаларын дайындап алған дұрыс, олар монтаждау кезінде керек болады. Монтаждаудың сапасын жоғарлатуда Adobe Premiere және Video Studio сияқты пакеттер қолданылады. Материалды жақсы қабылдауға әсер ететін элементтердің бірі – дауыс болып табылады. Дауыс диктордың айтуы бойынша немесе видео үзіндінің немесе кейіпкерлердің диалогы ретінде естілуі мүмкін. Дауыспен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық қамсыздандырулар қолданылады. Олар дауыстарды ойнауға, жазуға және синтездеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа оқулықтардың әр түрлі элементтерінің құрылуында параллельді орындалуы мүмкін. Олардың біріктірілуі аяқталатын кезеңде іске асады. Оқулық тақырыптарға бөлінеді, гипермәтіндік сілтемелердің жүйесі пайда болады. Мультимедиа оқулықтарына тән үлкен көлемдік ақпараттар тек ойластырылған интерфейстің және навигация жүйесінің бар болуына байланысты болады.

Аяқталатын кезеңді өткізгеннен кейін оқулықтың тестілеуі мен түзетілуі жүргізіледі. Тестілеуден өткен мультимедиа-оқулық зерделік меншік ретінде тіркелу керек. Мультимедиа - оқулығын құрастыруға қатысқан құрастырушы ұжымның авторлық құқықтарын міндетті түрде ескеру керек. Оқулықтың пайдаланылуы кезінде туындаған кемшіліктерді түзету үшін, жаңа қосымша модульдерді қосу үшін, анықтамалық ақпаратты жаңалау үшін арнайы орындар қалдырып қойған жөн.Баспалық оқулықтарға қарағанда, электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар өзгеше. Бірақ принципі өзгермейді: нақты құрылым, шрифттің өлшемдерінің өлшемін қатаң қадағалау және оның тағайындалуы және т.с.с.

Электрондық оқулықтың артықшылығы – материалдың ұйғарылуы бұл жерде айтарлықтай көп болады. Материалдың ұйғаруын қалай көбейтуге болады? Біреулер – фреймдерді қолданған жөн деп есептейді, ал тағы біреулері экрандағы орнын алады, ал басқалар мәтінді бүкіл экранға ашады. Фреймдер мониторда жиі болатын ақпаратты құруға мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттарға: автордың аты-жөні, вебмастердің аты-жөні, ұйым туралы мәліметтерді орналастыруға болады. Бірақ фреймдер ақпараттық кеңістіктің көп бөлігін алатындықтан, мәтіннің өзіне аз орын тиіп қалады.Электронды оқулықты баспа кітап сияқты құрылымда да жасауға болады. Бірақ оэлектронды оқулықтың тиімділігі жоғалады, жүктеме уақыты көбейеді, оқулықты пайдалану қиын болады. Бірақ кеңістік жеткілікті болады да, мәтіннің орын ауыстырылуын, гиперсілтемелерді әр параграфтың соңында енгізу мүмкіндігін іске асыруға болады. Ал егер браузердің терезесін бүкіл экранға ашсақ, ешбір көркемдеудің элементтері студентті алаңдатпайды да, ол сіздің оқулықпен бірге жалғыз қалады.

Оқулықты көркемдеген кезде жоғары сапалы суреттерден аулақ болған жөн. Олар жүктеменің жылдамдығын төмендетеді. Мәтінді көркемдеген кезде өзінің стильдерін қолданбаған да жөн. Шрифттерді асыра пайдалану да артық болады. Браузер дайындаушыларының үндеу бойынша тұрған дайын стильдерін қолданған дұрыс. Олар әр түрлі деңгейдегі атауларды айыруға қолайлы. Шрифтті де үндеу бойынша қойған жөн. Тағы біз айта кетер жай: оларды құрылымымен сәйкестендіріп қойған жөн. Яғни, оқулықта үш деңгейлі атаулар құрылымдардың закладкалары үш санмен белгіленуі қажет.

Қазіргі уақытта электронды білім алу болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс. Электронды оқыту жүйесі (е-learning) білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекшеленуде.

Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше, ЖОО оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты  дерек-дәйектерді қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасайды. Заманауи оқытушы жаңа техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Өз дәрісінің режиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген болуы тиіс. Яғни, заманауи оқытушыдан үздіксіз жетілу, біліктілігін жоғарылату үдерісін талап етеді. Жаңашылдықты игерген тұлға десек артық емес. Тек шығармашылығы мол оқытушы ғана студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады, дамытады. Өз беттерінше жұмыс істеуіне, ойлануына дағдыландырады.

Қандай мемлекетте болсын болашақ дамуының басты мақсаты адами капиталдың өсуіне байланысты. Біздің еліміздің де ұзақ мерзімді стратегиясының бірі - білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру. Білім саласындағы оқыту үрдістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны. Осындай озықтыққа элекронды оқулықтардағы олқылықтар жараспайды. ХХІ ғасыр техника заманы болғандықтан елімізде білім беруде орнын ойып алар сауатты электронды оқулықтар жасау біздің міндетіміз.

Енді электронды оқулықты жасау кезеңдеріне тоқтала кетейік. Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:

  • Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек

  • Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы

  • Көптеген мысалдар мен тапсырмаларды қамтиды

  • Ыңғайлы форматта болады.

Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым – қатынастардан келiсiмдер жасалынады.

Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.

Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.

Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.

Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады.

Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.

Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.

Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.

Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.

Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.

Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.

Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны пайдалануға дайындық басталады.


2 Компьютерлік графика пәнін Adobe Photoshop негізінде оқытуға арналған электронды оқулық құру


2.1 Бағдарламалық жабдықтау


HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, <html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көру үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.Бұл HTML гипертекстік белгілеу тілінің қарапайым мысалы.

Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Бұл бағдарламалар арқылы біз сайт құру үшін, оны жобалап, мақсат міндеттерін анықтап аламыз.Сайтты жобалау мақсаты мен міндеттерін төмендегі сурет 1-ден көруге болады.


Сурет 1- Сайтты жобалау мақсаты мен міндеттері


Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра, ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар күрделене түсті, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи сайттарды құру үшін: HTML, CSS, JavaScript (немесе VBScript), Flash, PHP (немесе Perl) және MySQL реляциялық мәліметтер қоры пайдаланылады. Технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты web-сайттардың оңтайлы өзгеруін байқауға болады

Менің дипломдық жұмысым «Компьютерлік графика пәнін оқытуға арналған Adobe Photoshop негізінде электронды оқулық құру». Мен бұл оқулығымды Php ортасында MySQL деректер қорын қолдана отырып жасадым.

Сайтты дайындау технологиясы

  1. Сайттың жоспарын жасау. /қанша беттен тұрады, қандай ақпараттар жазылады, қандай байланыстар орнатылады/

  2. Веб беттерді мәтіндік және графиктік ақпараттармен толтыру

  3. Сайтты безендіру.

  4. Қажетті гиперсілтемелерді орнату.

  5. Сайтты браузер арқылы көріп, тексеру

  6. Веб сайтты жүктеу үшін провайдер таңдау

  7. Сайтты жүктеу

«Adobe Photoshop графикалық редакторы» тақырыбы бойынша онлайн оқулық дайындау.

Сайттың жоспарын жасау

  1. Бірінші беті титул парағы

  2. Екінші беті сайттың мазмұны

  3. Такырыпқа қатысты мәліметтер, суреттер, видео, анимациялар

  4. Сайт жасаушының суреті.

  5. Өзі туралы қысқаша ақпарат болады.

Adobe Photoshop-онлайн оқулығын дайындау PHP бағдарламалау тілінде тиімді деп санаған себебім, оның мүмкіндіктері жоғары болады. Мысал ретінде PHP бағдарламалау тілінің артықшылықтарын айта кететін болсақ:

    • Сайттағы барлық мәліметтер, MySQL арқылы құрылған мәліметер қорында сақталады;

    • Қарапайым HTML тілінде құрылған сайтта сайтқа кіру мүмкіндігін шектету сиякты мүмкіндігі жок;

    • Сайтта мәліметер көп болғандықтан, оны серверде сақтап, керек кезінде сол серверде алу ыңғайлы. HTML тілінін мұндай мүмкіндігі жоқ;

    • PHP бағдарламалау тілінде жасалған сайттын жұмыс істеу жылдамдығы жоғырырақ болады.

РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web- беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді.

PHP ні қолданудың үш түрі бар:

  1. Сайттың әр жүктелгенде  өзгермейтін үш бөлігі бар. Олар-сайтың басы, ортасы-мазмұны мен менюі және табаны.Бұлардың әрқайсысын жеке-жеке файл қылып жазамыз да керек кезде шақырып отырамыз. Яғни әр парақшаның бірдей бөліктерін қайта-қайта жаза беруден құтылып, тек қана мысалы PHP тілімен жазылған include "menu.php" деп шақырамыз.

  2. Кішкентай жеке программалар жазуға қолданылады.Мысалы, қонақтар кітабы, дауыс жинау т.с.с.

  3. Ең негізгі және көп қолданылатыны –жаңа мағлұматтар енгізу үшін админге арналған сайттың жалпыға көрінбейтін бір бөлігіне және жалпыға арналған екінші бөлігіне жазылатын екі программа.

PHP коды HTML парақшасының ішіне жазылады және ол интерпрета-торланып тек сервердің өзінде ғана орындалатын скрипт тілі.

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде РНР тілінің артықшылығы- берілгендер қорымен жұмыс істеуі.

Сайтпен жұмыста ең танымал деректер қорын басқару жүйелері болып MySQL және PostgreSQL табылады. Сонымен қатар MSSQL, Oracle, Firebird және басқалары қолданылады. MySQL және PostgreSQL басқа деректер қорын басқару жүйесіне қарағанда танымалдығының себебі - бағдарламашылардың үлкен бірлестігі, өнімнің ашықтығы және дерекқордың тез әрекет етуін жөнге салу бойынша үлкен мүмкіндіктердің болуы. Егер MySQL мен PostgreSQL нақты салыстырсақ, онда MySQL-дің келесі артықшылықтарын анықтауға болады:

      • SQL стандарттарына сәйкестігі - бесінші шығарылған MySQL-ден бастап оны жасаушылар оның SQL-дің стандарттарына сәйкес болуына аса үлкен назар аударды. MySQL сұраныстары SQL'99 стандарттарына максималды сәйкес.

      • Платформалардың көп саны - MySQL алғашынан бастап кроссплатформалық деректер қорын басқару жүйесі ретінде құрылды. Windows-та MySQL қызмет ретінде, ал *nix жүйелерінде демон ретінде жұмыс істейді. PostgreSQL алғашынан *nix жүйелерінде жұмыс жасайтын БЖД ретінде жазылды.

      • Жай сұраныстарда жұмыс істеу жылдамдығы - MySQL-дің үлкен артықшылығы жай сұраныстардың орындалу жылдамдығында болып табылады. MySQL-де кестелердің түрлі типтерін қолдану арқасында және таңдалмаған жағдайда MyISAM кестелер типі қолданылатындықтан жай сұраныстармен жұмыс жасағанда үлкен жылдамдық жүзеге асырылады. Сонымен қатар InnoDB кестелер типі транзакцияларды іске асырып, деректердің тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді, бірақ жылдамдықтан ұта алмайды.

      • Жұмыстың тұрақтылығы - MySQL айтарлықтай тұрақты болуы тарихи қалыптасты. PostgreSQL жастау, ал MySQL-дің одан ертерек жазылуы арқасында оны қолданатын бағдарламашылар үлкендеу бірлестігі қалыптасты.

      • Тұрақтылықпен байланысты қауіпсізідік;

      • Үлкен объектермен жұмыс - MySQL-де PostgreSQL-де жоқ BLOB типіндегі өрістерде шексіз дерлік мөлшерлі бинарлы объектерді қолдау ұйымдастырылған.

      • Кестелерді оңай өзгерту мүмкіндігі - PostgreSQL-де жоқ, кестелерді оңай өзгерту мүмкіндігі MySQL-де жүзеге асырылған. Көріп тұрғандай, MySQL-дің басты артықшылығы – жай сұраныстардағы 58 жұмыс жылдамдығы. Дерекқордың логикасы айтарлықтай жай және жүзеге асыру үшін процедураларды қажет етпейді. Бұл басымдылық ДБЖ таңдауда негізгі ретінде таңдалды.

Ендігі кезекте біз сайт жасауды бастауымызға болады. Ол үшін ең бірінші қосымша бағдарлармаларды компьютерде қондыру қажет. Ол бағдарламаның бірі – Denwer локальдық сервері (Сурет 2). Denwer – бұл біздің интернетке шықпай-ақ сайт жасауға болатын бағдарлама.


Сурет 2 - Denwer локальдық сервері


Денверді жүктеп алу үшін оның сайтына кіріп, регистрациядан өтесіз.Ол тегін таратылады(Сурет 2).


Сурет 3 - Denwer локальдық серверін жүктеу

Файл жүктелер алдында пакеттің қондыруына рұқсат сұрайды, сосын бірінен кейін бірі келетін қара DOS-тың терезелері шыға бастайды.

Сурет 4 - Denwer локальдық серверін орнату этаптары



Enter ді басқан соң келесі терезе шығады және сізбен диалогтар басталады.Сіз көрсеткен сары шеңбердің ішіне сіздің С дискіде жоқ папканы көрсетіңіз.Мысалы мен С:\servers деп жаздым.Сосын ол тағы нақтылап сұрайды, оған "y" деп жауап жазыңыз.


Сурет 5 - Папканың атын енгізу



Енді сізден виртуальный дискінің атын сұрайды.Сіз компьютеріңізде жоқ дискінің атын жазыңыз.Егер қателесіп кетсеңіз, ол қайта сұрай береді.Мен мысалы өз компьютерімде жоқ О ны жаздым.

Сурет 6 - Виртуальды дискінің атын енгізу


Енді келесі шыққан терезеде режимге "1" ді таңдаңыз және ярлыктар болсын десеңіз "y" деп жазыңыз.



Сурет 7 - Жұмыс үстелінде ярлык орнату


Енді Денвер жақсы жүктеліп орнатылғанын хабарлап мына терезе шығады.



Сурет 8 – Денвер орнатылды


Осымен Денверді орнатып болдық.Барлық пәрмендерді орындаған соң Denwer-дің іске қосылған терезесі ашылады (Сурет 9).


Сурет 9 - Denwer-дің іске қосылған терезесі


Енді Денверде деректер қорын құрамыз. Деректер қорын құрып,  олармен жұмыс істеумен Денвердің құрамына кіретін phpmyadmin деген программа айналысады.Хостингтерде ондай жұмысты сPanel атқарады.

PHP тілінің атқаратын функциялары болады. Солардың біразына тоқтала кетейін. Кез келген бағдарламалау тілінде функция болады. Функция дегеніміз-бағдарламаның кез келген жерінен оған жүгінуге болатын,  бағдарламаның арнайы жасалған бір фрагменті болып есептеледі. Функциялардың басты қызметі бірнеше қайталынатын іс-әрекеттерді жеңілдету болып табылады. Әрине әрбір жеке функцияның өзіндік орындайтын жұмыстары болады. Оған қарамастан әрбір пайдаланушы өзінің жеке функциясын құруға болады. Пайдаланушының функцияларын құру үшін ағылшын тілінің function сөзін қолданамыз.

Пайдаланушы функцияларының ерекшеліктері

  • Алдын ала параметрлердің қол жетімділігі;

  • Пайдаланушы функциялары әртүрлі типтерді қайтаруы мүмкін;

  • Функция ішіндегі айнымалылардың көрінетін областары иерархиялық болып табылады;

  • Айнымалыларды өзгертуге болады.

Пайдаланушы функцияларының кемшіліктері

  • Локальдық функцияларды жариялаудың жоқтығы;

  • Функцияның көрінетін облысымен байланысты.

PHP тіліндегі айнымалылардың көріну облысы олардың анықталуына байланысты. Яғни айнымалылар локалдық немесе глобалдық болуы мүмкін.

Глобалдық айнымалылар – бұл айнымалыларға бағдарламаның барлық жерінде қол жеткізуге болады.

Локалдық айнымалылар – бұл айнымалылар нақты бір функцияның ішінде анықталады. Сонымен қатар оған осы функцияның ішінде ғана қол жеткізуге болады.

Глобалдық айнымалылар ағылшын тілінің global сөзімен анықталады. Мысалы,бұл жерде а айнымалы глобалдық болып табылады.

PHP тіліндегі функциялар әртүрлі категорияларға бөлінеді. Оларды төменде көрсетіп өтейік:

  • Қатарлармен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Массивтермен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Файлдық жүйемен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Дерек қорының функциялары;

  • Математикалық функциялар;

  • Уақыттық және күнтізбелік функциялар;

  • Протокол және желілердің функциялары;

  • Электрондық почтаның функциялары;

  • Графикалық функциялар;

  • Регулярдық түрлердің функциялары;

  • Қысу (архивтеу) функциялары;

  • Сессиямен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • PHP ның информациялық және опциондық функциялары

  • Орындау командаларының функциялары;

  • Айнымалыларға жүгіну функциялары;

  • Функцияларды басқару;

  • Көрсетуді басқару функциялары;

  • PHP ядросымен жұмыс істеуге арналған функциялар

  • Құжаттармен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • PHP ның интеграциялық функциялары;

  • PHP ның криптографиялық функциялары;

  • ООП ның функциялары;

  • Принтермен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Локализациялау және интернациалау функциялары;

  • XML-мәліметтерімен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Веб-сервермен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Электрондық төлем жүйелерінің функциялары;

  • Музыкалық сервистерінің функциялары;

  • Терминалдардың функциялары;

  • Ағым және жадпен жұмыс істеуге арналған функциялар;

  • Интернет-сервистерінің функциялары;

  • Авторизация мен аутентификацияның функциялары;

  • GNU функциялары;

  • PHP-кодының парсинг (Parsekit) функциялары;

  • File Alteration Monitor функциялары;

  • PHP ның басқа да функциялары.

Енді браузердің адрестік тармағына  localhost/tools  деп теріңіз.Шыққан терезедегі phpmyadmin сілтемесін түртіңіз.

  1. Пайда болған бет арқылы деректер базасын, яғни «Деректер қоры» закладкасын ашамыз. Оның көрінісі келесідей (Сурет 12):


Сурет 10 - «Деректер қоры» закладкасы


Деректер базасын «almaty» деп атаймын.Сосын создать батырмасын басамыз. Деректер қоры құрылғаннан кейін терезенің сол жақ бөлігінде көрсетіледі (Сурет 11).

Сурет 11 – Құрылған дерек қорлар терезесі


  1. Енді привилегия закладкасын басамыз да Қолданушыны қосу батырмасын түртіп жібереміз.



Сурет 12 – Қолданушыны қосу терезесі


Келесі терезеде сіз админнің, яғни өзіңіздің атыңыз бен пароліңізді нақтылайсыз.Хост- localhost болып қалады(Сурет 13 ).


Сурет 13 – Қолданушынының есімі мен құпия сөз теру терезесі


Енді пайдаланушы админге, яғни сізге привилегия, яғни барлық құқықтар- Отметить все-арқылы белгіленеді.


Сурет 14 - Пайдаланушы админ құқықтары



Одан ары деректер базасының құрылымы мынадай болады:

Сурет 15 - Деректер қорының құрылымы



Қолданушыны қосқаннан кейінгі көрінісі келесідей болады(Сурет 16):


Сурет 16–Қолданушы терезесі


Сайттың нәтижесін көру үшін өзіңіз Денвер пакетін қондыруға рұқсат еткен С дискіңіздегі папканы ашыңыз. Сосын ол папканың ішіндегі home\localhost\www  папкасының ішінен болашақ проектіңіз, яғни сайттың уақытша атын атап жаңа тағы бір папка ашасыз. Мен өзім Денверге таңдаған c:\servers\home\localhost дің ішіндегі www папкасының ішінен жаңа папка ашып оны test1 деп атадым. Осындай бірнеше жаңа папка ашу арқылы сіз әр түрлі проектілер, яғни басқа сайттар аша аласыз. Енді осы аталған папканың ішіне жаңа сайтыңызға қатысты барлық файлдарды орналастыру керек болады.

Бұл сайтты құру барысында жоба қазіргі заман талабына сай жасалуы керек екендігін ескерілген. Сол себептен жобаны мүмкіндігі жоғары PHP скриптін қолдандым. PHP бағдарламалау тілін MySQL мәліметтер қорымен байланыстыра отырып осы сайтты құру арқылы, сайт құрудын ең тиімді жолы осы екенін түсіндім.


Онлайн оқулықтың құрылымы төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • Басты бет;

  • Мақалалар бөлімі;

  • Мақала жазу бөлімі;

  • Adobe Photoshop туралы ақпараттар бөлімі;

  • Сабақтар мәзірі бөлімі;

  • Жаңалықтар бөлімі;

  • Пікір қосу бөлімі;

  • Әлуметтік желілерде жаңалықтармен бөлісу бөлімі;

  • Меню жолы;

Онлайн-оқулықтыңалғашқы беті (Сурет 19).


Сурет 17- Онлайн оқулықтың алғашқы беті


Мен онлайн оқулығымның алғашқы бетін анимация қолдану арқылы жасадым. Алғашқы беттің ары қарай ашылуы келесідей (сурет 18)


Сурет 18 – Онлайн оқулықтың анимациямен өзгеруі


Сурет 19 – Анимациямен өзгеруі


Әрі қарай Басты бет батырмасына басу арқылы онлайн оқулықтың құрылымымен танысамыз (Сурет 20).

Сурет 20 – Оқулық құрылымымен танысу


Сайттың авторына арналған профиль батырмасы жасалынған (Сурет 21).


Shape1

Сурет 21 – Профиль батырмасы


Профиль батырмасын басса админ басқаратын орталық терезе ашылады (Сурет 22).


Сурет 22 – Админ орталығы


Сіз веб-сайттын авторы ретінде өзініздің басқару орталығыныз болады.

Бұл орталық келесідегідей бөліктерден тұрады:

  • Админцентр

  • Менің профилім

  • Жаңалық қосу

  • Менің хаттарым

  • Бетбелгілер

  • Оқылмағандар

Бұл орталықтан сайттағы жаңалықтарды бақылап отыруға, оларды түзетуге, белгілі бір уақыт аралығында мақалаларды жаңартып отыруға мүмкіндігіңіз бар. «Менің профилім» батырмасында сіз өзіңіз туралы жеке мәліметтерді толтырып қоя аласыз. Сонымен қатар «жаңалық қосу» және «менің хаттарым» яғни, келген хаттарды білуге болатын батырмалар қызмет істейді.

«Админцентр» батырмасын басып сайтты өңдеуге арналған терезе ашылады (Сурет 23).


Сурет 23 – Сайтты өңдеу орталығы

Бұл терезе арқылы бағдарламаның админі сайттың баптауларын қалауынша өзгерте алады. Сайтты өңдеу орталығы мынандай бөлімдерден тұрады:

  1. Скрипт баптаулары (сурет ?)


Сурет 24 – Скрипт баптаулары


  1. Қолданушылар


Сурет 25 – Қолданушылар бөлімі


  1. Шаблондарды басқару


Сурет 26 – Шаблондарды басқару бөлімі


  1. Утилиттер


Сурет 27 – Утилиттер бөлімі

  1. Басқа бөлімдер

Сурет 28 - Басқа бөлімдер


Аталған бөлімдерде біз жасаған сайтымызды басқарып, оны түзетуге, сайттағы барлық мәліметтер қорымен жұмыс жасауға, категорияларды өзгертуге, жүйе баптауларын реттеуге, қолданушылардың әлеуметтік желілер арқылы қосылуын, жаңалықтарды бөлісуін бақылып отыруға, пікір қалдырған қолданушыларды жариялауға, қолданушылардың жеке профильдерін басқаруға сол сияқты көптеген баптауларды жасауға толық мүмкіндік аламыз.


2.2 Adobe Photoshop онлайн оқулығын компьютерлік графика пәніне қолдану әдістері


Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде. Қазіргі таңда компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратындығы бәрімізге белгілі. Қоғамымыздың жаңа қарқынмен жылдам алға басу динамикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес білім берудің бұрын болмаған басқаша парадигмасын қалыптастыруды талап ете бастады. Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шаттарына сәйкес студенттерді тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

Shape2

Сурет 29 – Электронды оқулықты пайдаланудың тиімділігі

Онлайн оқулық жасауда пайдаланушы оқытушы және оқушы немесе студент екенін ескердік. Оқытушының міндеті мәліметтерді өңдеп оқушыға ұсыну болса, оқушының міндеті ұсынылған мәліметтерді дұрыс қолдана білу болып табылады. Бұл онлайн оқулық мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушыға түсініктіде қызықты болуы тиіс. Онлайн оқулықтың мазмұны келесідей(Сурет 30):


Сурет 30 – Оқулықтың мазмұны


Онлайн оқулық 5 негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Adobe Photoshop бағдарламасы дегеніміз не?

  2. Photoshop графикалық редакторының шығу тарихы

  3. Photoshop графикалық редакторының қолданылу салалары

  4. Photoshop бағдарламасын компьютерлік графика пәніне қолдану

  5. Өз біліміңді тексер!(Онлайн тестілеу)

Бірінші бөлімде Photoshop бағдарламасы жайлы жалпы түсінік берілген(Сурет 31).


Сурет 31 – Бірінші бөлім


Екінші бөлімде Photoshop графикалық редакторының шығу тарихына тоқталдық. Яғни бұл бағдарламаның қолданыла бастаған уақыты, алғаш қай елдерде пайда болғаны, осы күнге дейінгі нұсқалары жайлы айтылған(Сурет ?).

Үшінші бөлімде Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылу салалары туралы айтылған(Сурет 32). Соның ішінде Photoshop бағдарламасын фотосалондарда, әсемдік салондарында, жиһаз жасауда, кино афиша дайындауда, жарнама жасауда, түрлі кез келген суреттер жасап өңдеуде, фотосуреттерді жаңарту, болмаса гүл салып электрондық поштадан жіберу сияқты т.б. Айта берсек, салалар өте көп, солардың біразында қолданысқа ие. Тек қана осындай салаларда емес, сонымен қатар күнделікті оны өзіміз сияқты адамдар, студенттер, оқушылар пайдалануда.

Сурет 32 – Фотошоптың қолданылу салалары


Келесі бөлімде Photoshop бағдарламасын компьютерлік графика пәніне қолдану, яғни дәрістер мен практикалық тапсырмалар бөлімі(Сурет 33-34).


Сурет 33 – Дәрістер

Сурет 34 – Практикалық жұмыстар


Мәселен біз рhotoshop бағдарламасын үйрену үшін, ең алдымен шығу тарихын білуіміз керек делік. Мәлімет алу үшін тараудың астындағы «толығырақ» батырмасына басамыз(Сурет 35)


Сурет 35 – Мәліметтерді толықтай көру


Ендігі кезекте оқушының берілген тапсырманы қалай орындағаны жайлы мәліметтерді тіркеу қажет. Сол себепті онлайн оқулықтың соңында онлайн-тестілеу мен практикалық жұмыстар қарастырылған. Оқушы немесе студенттер Photoshop графикалық бағдарламасы туралы мәлімет қана алмай, онымен қоса практикалық тапсырмаларды да орындауға мүмкіндігі бар. Практикалық сабақтарды онлайн-оқулыққа салған себебім, тек қана теория жүзінде емес практика жүзінде де үйрену өте тиімді деп есептеймін.

Білімді тексерудің тестілік әдістемесі. Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады.

Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.

Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай  осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында  білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін  даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе- кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.

Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге  арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі  жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.

Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да  бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.

Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ағымды емтихандар негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім  және біліктілік сапсын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тесттік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады. Осы мәселеге тікелей көшердің  алдында арықарай түсінікті болуы үшін тест және компьютерлік тестілеуге байланысты басты ұғымдардың мазмұнына тоқталуға болады.

Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тесттер көмегімен жүргізіледі. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін  сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тесттік тапсырмалар жинағы. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уақыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тестті дайындау.

Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу –тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалының меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларды есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар тесттік тапсырмалары дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту құралы ретінде пайдалануға болады. Сол ұшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі формаларын және типтерін пайдаланған жөн. Мысалы, белгілі тесттік қабыршақтарда тесттік тапсырмаларды берудің  мына компьютерлік формалары пайдаланылады. Біз бұл оқулықта білімді тексерудің тесттік әдісін онлайн тестілеу арқылы жасадық.

Онлайн тестілеуге келіп тоқталатын болсақ, бұл тестілеу арқылы оқытушы компьютерлік графика пәнінен Adobe Photoshop графикалық бағдарламасын қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтап, бағалай алады.

Тестілеудің бірінші бетінде сұрақтар берілген және әр сұраққа сәйкесінше 5 жауап жазылды, оның көрінісі келесідей(Сурет 36):


Сурет 36– Онлайн тестілеу бөлімі


Соңында нәтижені тексеруге арналған батырма бар. Ол батырма арқылы дұрыс жауаптардың санын анықтауға және дұрыс жауап бермеген сұрақтарыңыздың жауаптарын білуге болады(Сурет 37).


Сурет 37 – Нәтижені тексеру


Сонымен біз бұл онлайн оқулықты компьютерлік графика пәнін оқытуда пайдаланумен қатар, өзге де дербес қолданушылардың Adobe Photoshop графикалық бағдарламасын ғаламтордан оқып үйренуіне мүмкіндік жасадық.



















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. «Информатика негіздері» журналы 2006 жылы, 16-қазан

  2. www. mail. ru

  3. www. rambler.ru

  4. Нэд Снелл. Internet. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2002, -384с.:ил.

  5. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003.

  6. www.google.ru

  7. О.Н.Рева. HTML. Просто как дважды два. Москва: Эксмо, 2007. – 256с.

  8. С.Велихов. Справочник по HTML 4.0. Серия книг «Руководство по работе: советы, хитрости, трюки и секреты». Москва: Бук-пресс, 2006. – 412с.

  9. Е.Л.Полонская. Язык HTML. Самоучитель.: - М.: Издательский дом «Вильяме», 2003. – 320с.

  10. С.Луций. «Изучаем Photoshop». Санкт-Петербург, 2002.

  11. Гурский Ю.А., А.В.Васильев. Photoshop CS 2. Трюки и эффекты. – СПб.: Питер, 2004. – 555с.

  12. Ю.Гурский, И.Гурская. Photoshop CS 2. Питер, 2007.

  13. Н.Комолова, Е.Яковлева. Adobe Photoshop CS 3. Санкт-Петербург, 2007.

  14. М.Владина. Adobe Photoshop CS 2 c нуля! Москва: Лучшие книги, 2007. - 320с.

  15. С.И.Пономоренко. Adobe Photoshop CS 2. Петербург, 2007. - 992с.

  16. Ю.Гурский, А.Жвалевский. Photoshop CS. Питер, 2005. - 640с.

  17. К.Роуз. «Освой самостоятельно Adobe Photoshop за 24 часа». Москва, 2000.

  18. Электронды оқулықтарды пайдалану. А.Абубаева, Информатика негіздері, №4-2006ж

  19. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6-2006ж

  20. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, № 7-8-2006ж

  21. Л.А.Залогова. Компьютерная графика. Элективный курс. Практикум. –М:Бином. Лаборатория занятий., 2005. – 264

  22. Миронов Д. «CorelDRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004

  23. ШукетаеваК.К., Белгожаева Ш.Д., Текесбаева Н.А. Компьютерная графика. СorelDraw., 2008. -138с

  24. Р.Рейнхардт., С.Дауд. FlashMX 2004.-М.СПБ.Киев., 2005.-1311 с.

  25. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. – М.: ДМК Пресс, 2001. – 592 с.

  26. Панкратова Т. PhotoShop 6. Учебный курс.

  27. Давыдова Е.В. «Создание графики для WEB-страниц Журнал «Информатика и образование» 6.2001, 7.2001, 8. 2001 стр. 72.

  28. Цветкова М.С. Интегрированный курс «Изобразительное искусство и информационные технологии». Журнал «Информатика и образование» 9.2001.

  29. Воздвиженский И. GRAPHING: Программа для построения графиков и анализа зависимости. Журнал «Информатика и образование» 2.2000.

  30. Сафронова Н.В. Богомолов А.В. «Развитие воображения при изучении графических редакторов». Журнал «Информатика и образование» 6.2000.

  31. Цветкова М.С. Интегрированный курс «Изобразительное искусство и информационные технологии».

  32. Петров М.Н., В.П.Молчанов. Компьютерная графика. СПб.: Питер, 2002.

  33. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.

  34. Балафанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.

  35. Смирнова И. Е., Web-дизайн бастамасы. – Санкт-Петербург, 2003.

  36. Гончаров А. Самоучитель HTML. – Москва, 2002.

  37. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. PhotoshopCS/, СПб.: Питер, 2005

  38. Панкратов Т. Photoshop7. СПб.: Питер, 2005

  39. Александр Левин Интернет-это очень просто

  40. WEB-дизайн:книга Якоба Нильсена. «Символ Плюс». Санкт-Петербург,2001.

  41. Под редакцией Комягина В.Б “Создание Web-страниц

  42. Под редакцией Ю.М.Алексеева Быстро и легко создаем, программируем, шлифуеми раскручиваем Web-сайт

  43. А.Федорчук Современный самоучительработы в сети Интернет

  44. Методическая инструкция система менеджмента качества. Дипломное проектирование(дипломная работа). Общее требования к содержанию и проведению. Шымкент-ЮКГУ.2006г.

  45. Методические указания по разработке бизнес-планов для студентов технических и экономических специальностьей. Уркунбаев М.Ф, Уркунбаев Б.Ф, Аманбаев Б.Б, Ақылов Т.К, Есиркепова А.М. Шымкент-ЮКГУ. 2006г.

  46. Балафанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқүлов А.Б. Информатикадан
    сабақ. Алматы,2003.

  47. Березин С. Интернет у вас дома. Санк-Петербург., 1998.

  48. Денисов. Іпtегпеt Ехрlогег 5.0 Справочник. Санк-Петербург:Питер. 1997.

  49. Денмор А. Самаучитель Интернет. Санк-Петербург:Питер. 2001.

  50. Донской М. Интернет и пользовательский интерфейс.// Мир Іnterеt.1999.

  51. Досжанов Б., Альменаева Р. Қазақ тілінде электрондык оқулықтар менWeb-парақтар даярлау әдістері. Информатика негіздері. А.,2002.

  52. Дьяконов В.П. Мой компьютер. М.:АСТ. - 1998.

  53. Дьяконов В.П. Компьютер в быту. Смоленск:Русич. - 1996.

  54. Дьяконов Д.П. Іпtегпеt. Настольная книга пользователя. N4,Москва.,2002.

  55. Ю.Ефимов, Шафрин Основы информационной технологии. М.,2002.

  56. Левина О. Взаимодействие компьютера и человека как социальное явление//Педагогический Вестник, 1998.

  57. Майкөтов М., Омарова Г. НТМL тіліне кіріспе. Информатика негіздері: ғылыми-әдістемелік журналы, N2,3,4.2002.

  58. Олейников М. Интернет для всех. Москва.,2000.

  59. Федорчук А. Как создаются Веб-сайты: краткий курс. Санк-Петербург:Питер. 2000.

  60. Шапошников И.В. Интернет-программирование –СПб. : БХВ – Санкт-Петербург, 2000. -224с;

  61. Каймин В. А. Информатика.- М.: Инфра-М, 2003;












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі