400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерлік ноталық редакторды музыка сабағында қолдану тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік ноталық редакторды музыка сабағында қолдану тиімділігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Компьтерлік ноталық редакторды музыка сабақтарында қолданудың тиімділігі

Мақсаты: Дамыған инновацилық технологияларды кеңінен қолдану

Міндеттері: Музыкалық ноталық редакторлардың бағдарламаларын оқушыға меңгерту.



Компьтерлік ноталық редакторды музыка сабақтарында қолданудың тиімділігі

Қазіргі таңда білім беріһу ісінің басты мақсаты- тек білім, білік, дағдыларын меңгеріп қана қоймай, ақыл да алғыр ой- өріс ақпарат көздерін өз бетімен құрытып, қолдануғағ өзін- өзі дамыта алуға қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Осы күні білім беру жұмыстарында алдымызға қойылған негізгі мақсат – дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

Бұл мақсатты орындауда музыка пәнінің оқытушыларына компьютерлік – музыкалық ноталық редакторларын (бағдарламаларын) музыка мектептерінің жұмыстарында тиімді пайдалану музыкалық білім беру ісінің жаңа әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады.

Бұл бағдарламалармен жұмыс жүргізу арқылы музыка оқытушылары мен оқушылардың кәсіби деңгейлерін шыңдай түсуіне үлкен мүмкіндіктер туады. Сонымен қатар, музыка өнерінің кез келген жанрларымен өз беттерінше танысып, жұмыстар жасауына болады. Тек бір ескере кететін жағдай бұл ноталық редакторлардың (бағдарламаладың) көбісі ағылшын тілінде. Мысалы:

 

Geniesoft Overture 4.1.5

Finale 2008

ABC Music Notation

Audimus

Canorus

MusicTeX

Philip's Music Writer (PMW),

Rosegarden, MIDI

Midisoft Recording Session и Midisoft

Graphire Music Press

Power Tab



Final  бағдарламасы – Орыс тіліндегі аудармасымен «Finale 2000...-2011» ноталық редакторы. Бұл бағдарламаға қазақ тілінде жұмыс жасауға арналған оқу – әдістемелік құралды алғаш жазған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Раушанбек Салманов.

Осы ноталық редакторлардың (бағдарламалардың) барлығының негізгі жұмыс жүргізу принциптері бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан компьютер сауаттылығы және музыкалық сауаттылығы (нота сауаттылығы) бар адамға қиындық туғыза қоймайды деп ойлаймын.

Бұл ноталық редакторларды (бағдарламаларды) музыканы оқыту пәндерінде қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Себебі бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп.

Мысалы, оқушылар осы бағдарламалар арқылы компьютерде нотаны (шығарманы) теріп үйренеді және қалауы бойынша өзгерте алады. Және де терілген нотаны (шығарманы) қалауы бойынша қай аспаптың үніне қойып ойнатса, компьютер шебер орындаушының мүмкіндігі келмейтін музыкалық шығармаларды айна қатесіз толықтай немесе әр бөлшектерін дыбыстайды. Бұдан оқушылардың музыкаға деген қызығушылығымен қатар шығармашылық қабілеттері де артады.

Осы бағдарламалармен жазылған электрондық партитурадағы түрлі музыкалық аспаптардың дыбыс бояулары кәдімгі аспапша дыбысталады. Және мұны «midi» форматта сақтап, басқа компьютерлік ойнатқыштарда ойнатып, мүмкіндігінше әрлеуге де болады. Осы заманғы эстрадалық музыка жанрларымен жұмыс жүргізуге өте тиімді.

Бағдарламаның мүмкіндіктері мол деп жоғарыда айтылғандай шығармалардың әсерлік белгілерін (дыбыстық динамикалары, мелизмдер мен штрихтерін, жылдамдығын, тональностін т.б) редактор меңгерушісі өзінің қалауы бойынша қолданып, қажет жағдайда өзгерте де алады.

Жазылған музыкалық шығарманы электронды оқу құралдарын жасауда және кітап басылымы ретінде пайдалану мүмкіндіктері де бар.

Қорыта айтқанда, бұл компьютерлік ноталық редакторлар (бағдарламалар) музыка оқытушыларына, хор немесе оркестр ұжымдарының жетекшілеріне (дирижерларға), музыкалық шығармаларды әрлендіруші мамандарға (аранжировщиктерге), шығармашылықпен айналысатын сазгерлерге үлкен пайдасын әкелетіні рас.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
112
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі