Концерттік бағдарлама Бала – біздің болашағымыз 5-10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Концерттік бағдарлама Бала – біздің болашағымыз 5-10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 - маусым балаларды қорғау күнін концерттік бағдарлама ретінде өткіздік. Демеушілер оқушыларға сыйдықтарын таратты. Балалар өз өнерлерін ортаға салды. Алдыңғы буын асыл ағаларымыз мүгедек балаларға қайрымдылық танытып, қамқорлық жасайтындығы қандай керемет. Барлық бала – біздің балаларымыз. Келіп отырған демеуші ағамызға 10 сынып оқушысы Ибрагимов Нұрболат алғысын айтты және Ардақты аға өлеңін арнады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаларды қорғау күніне арналған 
«Бала – біздің болашағымыз» атты концерттік 
Б А Ғ Д А Р Л А М А


1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар, сүйкімді балақайлар!

1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз. Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Леңгер көмекші мектеп-интернатының талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Бала – біздің болашағымыз» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

Балалар, бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?» 

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» (хормен) 

2-жүргізуші:

- Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! 

1-жүргізуші:

Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз. 

2-жүргізуші:

Бүгінгі 1 - маусым Балалар күніне арналған «Бала – біздің болашағымыз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді мектеп директоры Абдуллаева Нағима Ералханқызына береміз.

1-жүргізуші:

Біздің ортамызда жомарт жүректі, балғындарға қамқор болып жүрген жандар қаншама? Ендеше, бүгінгі кең пейілді, ақ жүректі қонақтармен таныстырып өтейін:

  1. Ленгер қалалық емхананың бас дәрігері Талғат Көлбайұлы Есжанов мырза.

  2. Ленгер қалалық емхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Қоңырбаева Шолпан Ерғалиқызы.

Қонақтарға қол соғып, қошемет көрсетейік!

2-жүргізуші:

Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Тақпақтар

Би

Ән

1-жүргізуші:

Бүкіл елім қуанышты тойлауда,

Ата-жұрттың болашағын ойлауда.

Ұлағатты басшыларым басында

Іскер мен кәсіпкер де осында - дей келе біздің мектеп оқушыларына өзінің демеушілігін жасап отырған ағамыз Есжанов Талғат Көлбайұлын қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз.

(Демеуші сөз сөйлейді).

2-жүргізуші:

Алдыңғы буын асыл ағаларымыз бізге қайрымдылық танытып, қамқорлық жасайтындығы қандай керемет. Барлық бала – біздің балаларымыз деп келіп отырған демеуші ағамызға 10 сынып оқушысы Ибрагимов Нұрболат алғысын айтады.

Ардақты аға

Белгілі есімің, бауырмал ағасың.

Көңілдің есігін күй болып қағасың.

Қашанда жақсыға, құшағын жаясың,

Аязда ақ шуақ, аптапта – саясың.


Тулайды жүрегің, тасытып қаныңды.

Жұрт үшін жүресің қинап-ақ жаныңды.

Біреудің қайғысын қайғыңдай көресің,

Халықтың алғысын гүліндей тересің.


Кең көңіл даладай, бересің қол ұшын

Бір туған ағадай сыйлаймыз сол үшін!

Жақсылық кезінде жырға да сымбат қой.

Бұл өмір өзіңдей жандармен қымбат қой.

1-жүргізуші:

Мінекей, бүгінгі өткізіліп отырған мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Осы мерекеге қатысып мейірімділігі мен жаны жайсаңдылығын танытқан ел ағаларымызға алғысымызды білдіріп, Алланың нұры жаусын дейміз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2019
917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі