Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өрлей бер, өрен, қанатың мәңгі талмасын,
Қиялыңды қияларға жалғасын!
«Өнер» атты киелі әлем төрінде,
Жұлдызың жанып, орындалсын арманың!
өнер мектебі оқушыларының 1 жылдық есеп беру концерті. Есептік концерт
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
2022 жыл – Балалар жылына
орай «Біз өмірдің гүліміз!»
атты Құрық балалар өнер
мектебінің бір жылдық
есеп беру
концертінің
С Ц Е Н А Р И
І
Әуен жіберіліп
тұрады.Қонақтар және ата-аналар шығып,арнайы орындарға
отырады.
Өткізілетін
жері:Аудандық мәдениет
үйі.
Басталуы:24.05.2022ж сағат
15.00
Сценариді дайындаған: ТЖЖО
Н.Махмудова
Ашылу салтанаты (бимен
ашылады «Құрбылар биі»)
Ортаға жүргізушілер
шығады
(фон)
Нұрлыбек:Ассалаумағалейкум қадірменді
ауыл тұрғындары және көрермен қауым!
Инара:Армысыздар құрметті ата-аналар
мен бүлдіршіндер!
Нұрлыбек:Тағылымды тәрбие – бала
болашағының іргетасы. Қазақтың көптеген қарадомалақ балалары
әлемдік деңгейде ел мерейін асырып жүргендері сөзсіз. Қарапайым
ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар
қатарына қосылуда. Сондай-ақ, биылғы барыс жылында ел ертеңі –
өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлу мақсатында мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп
атады.
Инара:Ия, Нұрлыбек ағай биыл балалар
жылына орай, осындай өнерлі, дарынды балаларды дамытып, шыңдайтын
өнер ордасы Құрық балалар өнер мектебінің бір жылдық есеп беру
концертін«Біз өмірдің
гүліміз!»деп
атадық.
Нұрлыбек:Жарайсыңдар! Сендер
біздің– басты
байлығымыз, болашағымыз, өміріміздің
жалғасысыздар!Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ
тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге
қарап ұл өсер» демекші, бала тәрбиесіне сонау заманнан бері аса
көңіл бөлген.
Инара:Нұрлыбек ағай, мына көрермен
халыққа, қонақтарымызға ауылымыздың өнерлі, талантты балаларын өнер
нәрімен сусындатып, аянбай дәріс беріп, әрі қарай дамып-өсуіне
ықпал етіп жүрген біздің ұстаздарымыз бен мектебіміз туралы қысқаша
мағлұмат берсек қалай болады?
Нұрлыбек:Дұрыс айтасың Инара.
Өздеріңдей бүлдіршіндерді өнерге баулып, сахна мадениетіне үйретіп,
дүбірлі додаларға қатыстырып, қоршаған ортамен қарым-қатынасын
нығайту мақсатында аянбай еңбек ететін Құрық балалар өнер мектебі
биылғы оқу жылын домбыра, қобыз, баян, фортепиано, вокал,
жыр-терме, бейнелеу, хореография мамандықтары бойынша
296оқушымен, ал «Асыл мұра» аула
клубы шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, қолөнер, актерлік шеберлік,
ағылшын үйірмелерінің 303 оқушысымен өз жұмысын
бастады.
Жалпы Құрық балалар өнер
мектебіндегі білім алушы 599 оқушыға – 16
жоғарыбілімді, - 11 арнаулы орта
білімді ұстаздар дәріс беруде. Және де биылғы оқу жылында домбыра,
жыр-терме, баян, қобыз, көркемсурет, хореография, мамандықтары
бойынша 30 түлек түлеп ұшқалы отыр.
Өнер мектебінің дарынды
шәкірттері осы білікті ұстаздардың дәріс беруінің арқасында
көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып
жүлделі орындарға ие болып жүр.
Осыжетістіктердің нәтижесінеде
өнер мектебі ауданымыздың, ауылымыздың мақтанышына
айналды.
Инара:Нұрлыбек ағай, мен осы өнер
мектебінде дәстүрлі ән сыныбында оқитынымды мақтан тұтамын. Маған
осы өнер ордасы қатты ұнайды.
Нұрлыбек:Олай болса, осы өнер ұжымын
басқарып, шәкірттердің жетістікке жетулеріне үлес қосып отырған
Құрық балалар өнер мектебінің директорыУскимбаева Амангүл
Тағанбергенқызынқұттықтау сөз кезегіне құрмет,
қошеметпен сахна төріне шақырамыз.Осы жерде Инара киім киеді
. екі қыз марапатқа.
(марапат,құттықтау)
Ата-аналарға
Дарынды
оқушылар
Түлектер
Нұрлыбек:Ғылым, Білім, Мәдениет пен
тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани бағдарламаны басшылыққа
алып, өткеннің өнегесін өркениеттің өрлеуімен өрнектеп, заманауи
өнерді талғамы зор, өресі биік тыңдарманның назарына ұсынғалы
отырған мектебіміздің«Біз өмірдің
гүліміз»атты есеп беру концертіне қош
келдіңіздер!
Өнерлі өрендерің - төрде
бүгін,
Бөлейді ән мен күйге
көрерменін.
Өнердің биігіне өрлей
берсін,
Өнер сүйген кішкентай
өрендерің! - алдарыңызда республикалық , облыстық байқаулардың
иегерлері«Ақ
сұңқар»дәстүрлі әншілер
ансамблі.«Махамбеттің
термесі». Жетекшісі Жақыпова Жаншуақ.
Қошеметтеріңіз!
Халық әні«16
қыз».
(ән)
Нұрлыбек:Ғажайып шақ өмірдің бал
даурені
Естен кетпес осы кездің ән
дәурені
Ертегілер еліндей
таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән
дәурені -
«Zhulduzga qadam»
аттыхалықаралық байқауының І орын
иегері, республикалық «Бақытты елдің ұрпағы» атты байқауының І орын
иегері, аудандық «Бала дауысы -2021» байқауының ІІ орын иегері,
биылғы вокал мамандығының түлегі –Абдулмажит
Нұрхаттыңорындауында
М.Магомаев«Бухенвальдский набат»
.Жетекшісі Меңдіғалиева Жансая.
Сүйемелдеуші Шыршықбаев Мағжан.
Инара:Заманауи биге назар
аударайық,
Бишілерге құрметпен қол
соғайық.
Жастардың жүрегіне жол
табатын,
«Снупидің» өнері
таңғажайып.-«Снупи»бишілер
тобы.«Чапау»Көркемдік
жетекшісіШәріп
Әсел
(би)
Нұрлыбек:Баршамызды бал тілімен
баурайтын
Бала деген бір бақыт қой
самғайтын.
Ата – ананың арманы мен
тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан
жалғайтын
Сүйкімділер, періштелер,
Сендерсің
Қандай бейне өздеріне тең
келсін!
Данышпан да, ғарышке де, Ғалым
да
Ең алдымен балалықты меңгерсін
- алдарыңызда сахна төріне алғаш шыққалы тұрған мектебіміздің
аспаптар бөлімінің 1 сынып оқушыларынБисенғалиҒизатовтың«Біз өмірдің гүліміз»атты әнімен қарсы
алыңыздар!
(ән)
осылар тартып болғасын,
қошеметтеріңіз дегендей бір сөздер айт уақыт созуға. Стол алып
үлгерсін.
Инара:Қазақтың даласында ән
тынбасын,
Үлкен - кіші, кәрі-
жас!
Халық әні -қазақтың
бойтұмары,
Ұлттық өнер бұлағы
сарқылмасын!
Нұрлыбек:вокал сыныбының
оқушыларыҚызылғұл Раяна мен Ерсайын
НазеркеніңорындауындаКеңес Дүйсекеевтің «Домбыра
туралы баллада» әні.Жетекшісі Көбесов
Саламат.Қошеметтеріңіз!
(ән)
Нұрлыбек:Теңіздей тербетіліп көл
бетінде.
Бишілер билеп кетті
тербетіле,
Аққудай қалықтаған
теңіздегі
Бишілер өнерлерін
көрсетуде
Инара:«Нұр шашу»бишілер ансамблінің кіші тобын«Өрнек»биімен қарсы алайық! Жетекшісі Айдана
Жақсылық
Биден шашу шашады мың бұралып
-«Брейк
данс». Жетекшісі Шәріп Әсел. Қабыл
алыңыздар!
(би)
Нұрлыбек:Біздерде ән кешіміз
жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән
салады.
Қошеметтеп, қол соғып
отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы
шаршағанды - дей келе алдарыңызда вокалмамандығының мұғалімі
Ерсайынов Сансызбай және шәкірттері Джумагазиева Нұрай, Жантілес
Жанерке, Мурад Аружан. Арман Дүйсенов«Джаз әлемі».
Қошеметтеріңіз!
(ән)
Инара:Бойымды қазақ қаны
билеген, Қос ішегі бір-біріне
тимеген, Қазағымның домбырасы күй
тартса, Тебіреніп, ерекше бір күйге енем –
домбырашылар триосы. Халық күйі«Тепен-көк».Жетекшілері Тулендиева Гүлжан, Шыршықбаев
Мағжан.
(күй)
Нұрлыбек:Жанарында жұлдыз жанып
тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды
сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен
шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері
–«Кербез
гүлдер». Ортада хореография
сыныбының 1 сынып оқушылары,«Нұр шашу»бишілер ансамблінің кіші тобы. Жетекшісі Жақсылық Айдана.
Қошеметтеріңіз!
(би)
Инара:Ана – тіршіліктің алтын
арқауы. Осы сөздің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян.
Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең
лайықты баға.
Ертеңінде көрсетеді халқына! –
Сіздердің алдарыңызда Республикалық «Каспий жұлдыздары» балалар
шығармашылығы фестивалінің «Бас жүлде» иегері, ІІ Республикалық
«Алатау шыңы» конкурсының І орын иегері,халықаралық«Жұлдызға қадам»
байқауының«Гран-при»
иегері«Снупи» бишілер тобы. «туенти-
тю» («22»
)Көркемдік
жетекшісіШәріп
Әсел
(би)
Нұрлыбек:Бүгінгі еліміздің
қырмызымыз,
Арайлы болашақтың ұл
қызымыз.
Арасын жер мен көктің
жалғайтұғын
Қанаты жарқыраған
жұлдызымыз
-
__________«Кукушка»«Zhulduzga qadam»
аттыхалықаралық байқауының І орын
иегері, республикалық «Бақытты елдің ұрпағы» атты байқауының І орын
иегері, аудандық «Бала дауысы -2021» байқауының бас жүлде иегері,
талантты оқушымызДошаева
Аңсаған.
(ән)
Нұрлыбек:Мың бұралу аз екен бұл
өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен
әуенге.
Бар сезімді көрерменге
жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде
-
Нұрлыбек:«Релоксинг данс»биі. Орындайтын хореография сыныбының түлегі Әнесова Динара
және жетекшісі Әнесов Ержан.
(би)
Нұрлыбек:Мен қашаған жүйрігім
Топ ішінде толғаған
Шынымменен шырқасам
Бабам қадыр қолдаған –Нұрымның насихат
сөзі.Орындайтындар дәстүрлі ән
сыныбының оқушыларыСейіт Гүлназ, Әлібекова
Назерке, Солдат Инара.
(ән)
Нұрлыбек:Өнердің қай саласы болса
дағы,
Біздердің арамыздан
табылады.
Бишілер жаңа бимен таң
қалдырар,
Келесі биін тамашалап көрсек
тағы -«Снупи»бишілер
тобы.«Джунглия
шақырады».
Қошеметтеріңіз!
(би)
Нұрлыбек:Құрманғазы,
Тәттімбет
Домбырамен
сайраған.
Жүректе от жансын
деп,
Елге күйін арнаған - домбыра
сыныбының түлектері Қарлыбаева Мадина, Анвар Бағжан, Қыдырша
Ақнұрдың орындауында Құрманғазының күйі«Балбырауын». Жетекшісі
Аяпбергенова Балғаным
Нұрлыбек:Өнердің түр-түрі бар, бұл
ғаламда,
Ән салады әншілер,
қыр-далада.
Бишілер мың бұралып
билегенде,
Тебіренер сілкініп, жер – ана
да – Республикалық«Ақ
шағала»конкурсында ІІІ орын,
халықаралық «Жұлдызға қадам» байқауының ІІ орын, Республикалық
«Алатау шыңы» конкурсының І орын иегері«Нұр
шашу»бишілер ансамблінің орта
тобының орындауында испан биі«El
fuego». Қабыл алыңыздар! Көркемдік
жетекшісіЖақсылық
Айдана.
(би)
Нұрлыбек:Қазақтың даласында ән
тынбасын,
Үлкен - кіші, кәрі- жас ән
тыңдасын!
Халық әні -қазақтың
бойтұмары,
Ұлттық өнер бұлағы
сарқылмасын!
Балалар хоры. Халық әні
«Илигай».ЖетекшісіМеңдіғалиева Жансая. Сүйемелдеуші Шыршықбаев
Мағжан.
(хор)
Нұрлыбек:Өрлей бер, өрен, қанатың мәңгі
талмасын,
Қиялыңды қияларға
жалғасын!
«Өнер» атты киелі әлем
төрінде,
Жұлдызың жанып, орындалсын
арманың!
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз