Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түркі халықтарының көне тілін, тарихын, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Көне түркі жазулары – дыбыстық жазу түрі, сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Соңғы 50–60 жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл обл.) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы обл.) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды.
Сыр бойындағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған дөңгелек алқаға, сазбалшықтан күйдірілген құмыраға ойылып жазылған руникалық жазулар белгілі болды.
Ертіс өңірінен (Шығыс Қазақстан обл.) екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазулар табылды.
Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды.
(Алтай АманжоловМәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі атауларды теріп жазып, жасалу жолын түсіндір.
Үлгі: Оңтүстік – біріккен сөз
Ақтөбе - біріккен сөз
Шығыс Қазақстан – тіркесті сөз т.б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түркі халықтарының көне тілін, тарихын, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Көне түркі жазулары – дыбыстық жазу түрі, сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Соңғы 50–60 жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл обл.) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы обл.) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды.
Сыр бойындағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған дөңгелек алқаға, сазбалшықтан күйдірілген құмыраға ойылып жазылған руникалық жазулар белгілі болды.
Ертіс өңірінен (Шығыс Қазақстан обл.) екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазулар табылды.
Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды.
(Алтай АманжоловМәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі атауларды теріп жазып, жасалу жолын түсіндір.
Үлгі: Оңтүстік – біріккен сөз
Ақтөбе - біріккен сөз
Шығыс Қазақстан – тіркесті сөз т.б
шағым қалдыра аласыз













