400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Материал туралы қысқаша түсінік
ывапр пролдж авпрол нролдж смить гшщз митьб олджждло митьб
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзім жоспары

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Оқу мақсаттары

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:


  • күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамытады;

  • мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан әрі дамыта болжам жасайды


Бағалау критерийі

  • дәйексөз бен тірек сөздерді анықтау

Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш, руналық жазба, антропонимдер топонимдер,зонимдер, астронимдер, хрононимдер, идеонимдер

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

менің ойымша....., дегенмен....,

бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

Жұптық тапсырмада көне түркі жазуы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту


Бұл сабақ оқушыларды тарихи жәдігерлерді құметтеуге жетелейді

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Бастапқы білім

Көне жазба ескерткіші туралы алғашқы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту:« Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына көне түркі жазуына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен тарихи ескерткіштер, көне түркі жазуы туралы ойларын айтып әңгімелеседі.







Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:

  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясы не?

  • Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы қандай мақсатта құрылған?


Тақырыпқа қажетті суреттер


Сабақ ортасы














1-тапсырма.

Алдымен, оқушылар мәтіннен берілген үзіндіні тыңдап, көтерілетін мәселеге болжам жасайShape2

VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды…

ды.







2-тапсырма.

Аудиомәтінді толығымен тыңдап, өз болжамымен салыстырады.

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

Оқушылардың жұптық тапсырмасы:

Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады.

Үлгі:

Көтерілген мәселе

Себептері

Менің пікірім

Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ

Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы

Ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды

---

---

---

---

---

---

---

---

---

Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың бірізділігіне зерттеу жүргізеді.


Грамматикалық тапсырма.

Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі.

Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды.

Мысалы,

Адам аттары-антропонимдер (Күлтегін, Тоныкөк, Тұмар)

Географиялық атаулар –топонимдер (Жидебай, Қоскөл)

Жануарлар атаулары –зоонимдер (Байшұбар, Кеоқұла)

Аспан денелерінің атаулары -астронимдер (Шолпан, Марс)

Тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары - хрононимдер (мысалы, Жеңіс күні, Түркі дәуірі т.б.)

Рухани нысандар атаулары - идеонимдер (Арыстан баб кесенесі)















Бағалау критерийі:

Т/А8.1.3.1 – Мəтіннен алынған дəйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мəселені болжау

Дескриптор

Балл

Білім алушы:

Дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтау


3


Тірек сөздердің қызметін түсіну

3

Сұраққа дәлелді әрі дұрыс жауап беру


2

Сөйлеу мәдениеті

2

Барлығы 10



Аудимәтінге қажетті медиаматериалдар,


https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714






Сабақтың соңы


«Түркі әлеміне саяхат» әдісі.

Оқушылар топта зерттеуші, саяхатшы, тілші және суретші мамандықтарының бірін таңдайды.

Міндеттері:

- зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.

- Саяхатшы Орхан –Енесей жерлеріндегі оқиға жайлы күнделік жазады.

- Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.

- Суретші түркі сапары жайлы сурет салады.


Стикерлер, мамандық атаулары жазылған парақшалар















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі