Материалдар / конференция
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

конференция

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
253
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Егемендігім - елдігім» атты конференция сценарииі


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, , қымбатты оқушылар!


Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Құрметті бүгінгі конференциямызға жиналған қонақтар! Баршамызға аян, жыл басында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашыққа бағдар» мақаласы халыққа жолданған болатын. Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік береді. Сондықтан заман талаптарына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттау міндетті. Міне, осы мақсатта пікір алаңын ұйымдастырып, мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының басын қосып отырмыз. Осыған орай ұйымдастырылып отырған «Егемендігім-елдігім» атты конференцияға қош келдіңіздер.


Конференцияны бастамас бұрын ҚР әнұраны орындалсын.


Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, шарамызды 8- сынып оқушысы Ерсайын Айманай С.Торайғыровтың «Мен-Қазақ» өлеңімен ашады.


Жүргізуші:

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озуда. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сіздер алдын- ала конференцияда қандай мәселе көтерілетінін білгендіктен, сіздердің рұқсаттарыңызбен бірден сол мәселелерді қарастыруға көшсек деймін.

Алдымен, Алаш арыстары туралы бейнероликке назар аударуыңызды өтінемін.

Баяндамашыларға сөз беріледі.

  1. Дүзбаев Е. К. «Алаш тағылымы-тәуелсіздік негізі»

  2. Нагумова Д.Ж «Ұлттық нартәуекел. Латын қарпіне көшу мәселелері»

  3. Амиржанова А. Е. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»

Жүргізуші:

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жер» жобасы да туралы егжей- тегжейлі айтылады. «Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады. 


Ғ. Қайырбековтың «Туған жер- Алтын бесік» өлеңін 5-сынып оқушысы Сәлімжан Аруан оқиды.

С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ғ.Қайырбеков өлеңдерін мәнерлеп оқуға алып отырғанымыз тегін емес, биылғы жылы аталған ақындарымыздың мерейтойы екендігі ескеріле жүрсін деген де ойымыз болды.

Ғ.Қайырбеков «Домбыра». 5-сынып оқушысы Отарбай Әсемжан.

М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін». 6-сынып оқушысы Серикова Диана.








Жүргізуші: Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде инновациялық үрдістерді дамыту үшін, ғылыми ізденістерді қолдау мақсатында және облыстық Білім басқармасының жанындағы сараптамалық кеңес шешіміне сәйкес 2016-2017 оқу жылында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша мектепте 3,5- сыныптарда эксперименттік алаң жұмысы басталғанын бәріңіз де білесіздер,сол жұмыс нәтижесін сіздердің назарыңызға ұсынбақпыз.

Тақырыбымызға сәйкесті, оқылған өлең үзінділерінен «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша шеберлік сыныбын ұсынамыз. Жетекшісі: Р.Тлеков.


Жүргізуші: Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Өмір сүру үшін өзгере білу керек», - деп үндеу тастаған еді.

Ендеше, конференцияға қатысушылар , елбасы сөзін ұран қылып, «Аудиториямен сұхбат» бөліміне белсенді қатысады деп сенеміз!

Бүгінгі конференциядан түйгеніміз жөнінде өз ойларымызды бөлісіп, ұсынбалар түсірейік. Қатысушылар сөз кезегі өздеріңізде.



Апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап жіберсек. Сөз кезегі бірлестік жетекшісі Динара Жәдігерқызына берейік.


Қорытынды сөз кезегі:

  1. Ауыл әкімшілігінен қатысып отырған делегат : Ауылдық округ әкімі Ернар Бахтиярұлына береміз.

  2. Мектеп директоры: Арман Максимұлына беріледі.


Қорытынды: Бүгінгі шарамыз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да биік. Қазіргі күннің өзекті мәселері туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Мұндай шаралардың өтуі шын патриот болуға жетелейді деп ойлаймыз. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып, Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегіңде болсын көз.


Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Шарамызды барлығымыз қосылып, «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтасақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!