|
Заманауи интерфейс LABQ-2
зертханалық құралымен жұмыс істеудің
тиімділігі.
Мусаева Г.М.
№12 ЖББ ОМ
биология пәнінің мұғалімі.
Қазіргі таңда дәстүрлі
оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге,
меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу
үшін оны технологияландыру қажеттігі туады.
Қазақстанның жан-жақты
дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет
болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім
кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз
етілуі тиіс»-деп, атап көрсетті.
Жаратылыстану –ғылыми
білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда
.Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық
және оқыту құралы болып ActivInspire бағдарламасы саналады. Бұл
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі –Интерфейс LABQ2
зертханалық құралы болып табылады.
Интерактивті құралдардың көмегімен
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр. Интерфейс LABQ2 − заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің
іргетасы. Сыныпта пайдалануға арналған бағдарлама оқытушыларға
интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.Сан алуан
арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасауға және оқуды бағалау
тапсырмаларын оқушылармен, топтармен және барлық сыныппен қолдануға
мүмкіндік береді.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген
техологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің
негізін құруға бағытталған.
Бүгін де неліктен білім технологиясы жайлы көп айтылуда? Жаңа
заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы
түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға
ерекше көңіл бөлудің себебі неде?
-Біріншіден, педагогикада
іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің
тууы.
- Екіншіден, оқытуда жеке
белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру.
- Ең соңында технологияны
жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып,
білімге қызғушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру,әдіс-тәсілдердің
түрлерін енгізу. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық
жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.
Бұл жетістіктерге арнайы
курс, тәжірбие алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек,
білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-
бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
1.Егер биология
сабағында Интерфейс LABQ2 тиімді пайдаланса, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,зерттеушілік
іскерлігі, шығармашылығы артады.
2.Интерфейс LABQ2 қолданса әрбір оқушы оқу процесінің
субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім
сапасы артады.
3.Интерфейс LABQ2
тиімсіз
пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса оқушының білім
сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі
мүмкін.
|