БЕКІТЕМІН
«Алапамыс» бөбек жай-
балабақшасының
меңгерушісі
____________________А.Алтаева
Көңілді
достар!
(эстафеталық жарыс ересектер
тобы)
Дене шынықтыру нұсқаушылары: Қашағанова
М.
Утегулова С.М.
2018-2019 оқу жылы
Көңілді
достар!
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесі және
спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге,
ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді
пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Денсаулықты сақтау тенологиясын
қолдана отырып балалардың толыққанды денесін және психикасын
дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын
жағдайларменқамтамасыз ету. Балалардың арасында өзара бірлесе қимыл
жасауды дамыту, Балалардың арасындағы адамгершілік қарым –
қатынасты нығайту. Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмылта білуге,
ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке
жаттықтыру
Міндеті: балалардың өмірін қорғауға
және денсаулықты нығайтуға жағдай жасау; жүру, жүгіру, өрмелеу,
лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін
негізгі қимыл түрлерін дағдыларын қалыптастыру; дербестікке, дене
жаттығуларын орындауға ынтасын тәрбиелеу.
Түрі: эстафеталық
жарыс
Қатысатын:
ересектер тобтары,
капитан командалары.
Керекті құралдар:
ту, үлкен доп, кішкентай
доп, шығыршық, гимнастикалық
төсеме т.
б.
Чемпион болу оңай ма?
Шынықсаң шымыр боласың,
Арман болған талайға.
Сауығып айдай толасың,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Спортты серік ете біл,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар, балалар!
Бүгінгі «Қөнілді
достар!»
атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз
құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет.
Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік,
денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір
Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің,
жерінің, халқының денсаулығ н
жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен
шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі
өтетін «Қөнілді
достар!»
атты эстафеталық ойындар жарысын көріп
тамашалаңыздар!
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы
отырған балаларды шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Сайысқа қатысуға ортамызға
Спорт саңлақтарын шақырамыз.
Жарысқа қатысқалы отырған
тәрбиешілер бастаған балалар. Қарсы алыңыздар:
І топ – Балдырған
тобы __________________
ІІ топ – Құлыншақ
_____________________
ІІІ топ – Қошақан
______________________
Жарысты бастамас бұрын, ойынға
әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра
кетейік.
1. Балабақша меңгерушісі - Алтаева Ажар
Алмабаевна
2. Балабақша әдіскері - Елюбаева Асель
Ардаковна
3. Балабақша медбикесі - Мешелова Ақжарқын
Ауезханова
4.
Балабақша психологы - Калиева Альмира Мухитовна
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру / топ атын, ұранын
таныстыру.
2. Өз туыңды тік!
3.
Акробатика
4.
Аяқ арасына допты қыстыру
5.
Паровоз
6.
Қара жорға биі.
Құрметті сайыскерлер,
сіз-дерге сәт – сапар!
1.
Таныстыру: Әр топ атын, ұранын
таныстыру.
2. «Өз туыңды тік!» Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді,
соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.
Мақсаты: денсаулық сақтау технологияын
қолдана отырып, балалардың қимылдық белсенділігіндамыту және дене
жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын
қалыптастыру.
3.
«Акробатика»
Ойын
шарты: «Әр команда мүшелері
гимнастикалық орындықтан секіріп өтіп, аунап түседі және жүгіріп
келеді.
Мақсаты: қимыл белсенділігін дамыту мен
үйлестіру және дене жаттығуларына
қалыптастыру
4.
Аяқ арасына допты
қыстыру
Ойын
шарты: берілген допты аяқ арасына
қысып қос аяқпен секіріп келіп келесі ойыншыға
беру.
Мақсаты: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру
мен қағып алу негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды
орындауды қалыптастыру
5.
«Паровоз»
ойыны.
Ойын
шарты: команда ойыншылары ретсіз
орналасып, қолтықтасып тұрады, осы тізбекпен кедергілер арқылы
өту.
Мақсаты: денсаулықты нығайтуға ықпал
ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық,
үйлесімділікті дамыту. балалардың танымдық қабілеттерін дамыту,
ой-өрісін кеңейту.
6.
«Қара
жорға» биін нақышына келтіріп
билеу.
Мақсаты: балалардың танымдық,
шығармашылық, музыкалық қбілеттерін
қалыптастыру.
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Қара жорға билесін, - дей отырып, соңғы бөлімді
бастаймыз.
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында
(әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып,
жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар
денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген
сөзді
Ұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып,
барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды
аяқтаймыз.