БЕКІТЕМІН
«Алапамыс» бөбек
жай-
балабақшасының
меңгерушісі
____________________А.Алтаева
Көңілді
достар!
(эстафеталық жарыс ортаңғы топ)
Дене шынықтыру нұсқаушылары: Қашағанова
М.
Утегулова С.М.
Нұрдаулетов А.
2018-2019 оқу жылы
Көңілді
достар!
Мақсаты:
Балалардың арасында өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту,
Балалардың арасындағы адамгершілік қарым – қатынасты нығайту.
Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмылта білуге, ұжымшылдыққа баулып,
қимыл - әрекетке жаттықтыру. Балаларды дене тәрбиесі және
спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге,
ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді
пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Денсаулықты сақтау тенологиясын
қолдана отырып балалардың толыққанды денесін және психикасын
дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын
жағдайларменқамтамасыз ету.
Міндеті:
балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға
жағдай жасау; жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті
жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дағдыларын
қалыптастыру; дербестікке, дене жаттығуларын орындауға ынтасын
тәрбиелеу.
Өтетеін
орны: Сайыс спорт залда
өтеді.
Жарысқа қатысқалы отырған
тәрбиешілер бастаған балалар. Қарсы
алыңыздар:
І топ – Ботақан тобы
__________________
ІІ топ – Балапан
тобы__________________
Жарысты бастамас бұрын, ойынға
әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра
кетейік.
1. Балабақша меңгерушісі -
Алтаева Ажар Алмабаевна
2. Балабақша әдіскері -
Елюбаева Асель Ардаковна
3. Балабақша медбикесі -
Мешелова Ақжарқын Ауезханова
4. Балабақша психологы - Калиева Альмира
Мухитовна
Сайысты өткізу ережесі: команда құрамы теңбе –
тең болуы керек.
Сайыс 5 бөлімнен
тұрады.
-
Таныстыру
-
Әртүрлі ойындар
1.
«Таныстыру.»
Командалар өз командасын
таныстырады. Яғни, топтың аты мен ұранын таныстырып өтеді.Команданы
әнмен немесе топтың өздерінің қалаулары бойынша жүзеге асырылады
және оған шек қойылмайды. Осылай барлық қатысатын команда
таныстырып өтеді.
2. «Әртүрлі ойындар
сайысы.»
Бұл бөлімде командалар бір –
бірімен сайысқа түседі. Сайысты жалғастырайық.
1 – ойын.
«Допты шапшаң бер»
Әр команданың алдыңғы жағынан
6-8 метр қашықтықтан шеңбер сызылады.Шеңберде капитан допты ұстап
тұрады. Ойынды жүргізушінің берген белгісі бойынша капитан допты өз
жағының бірінші ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың
соңына тұрады. Бірінші ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп
келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы
ойыншыға дейін жалғасады. Капитан шеңберге қайта келгенде ойын
аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп
шығады.
Мақсаты:
денсаулық
сақтау технологияын қолдана отырып, балалардың қимылдық
белсенділігіндамыту және дене жаттығуларын орындауға
қызығушылықтарын қалыптастыру.
2 – ойын.
«Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м
қашықтыққа түзу бойынша әр жерге тасталған он кішкене шеңбер және
команда капитанының қолында дорбада он картоп болады. Белгі бойынша
капитандар шапшаң жүгіріп келіп, дорбаны екінші ойыншыға береді. Ол
картопты жинайды, үшінші егеді. Ойын осылай жалғасады. Капитан
дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын
аяқталады.
Мақсаты:
қимыл
белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына
қалыптастыру
3 – ойын.
«Допты қойып, секіре біл»
Секірме доппен белгіленген жерге дейін секіріп
келіп, секіріп қайту.
Мақсаты:
жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу негізгі
қимыл
түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды
қалыптастыру
4 – ойын.
«Арқан тарту»
Әрқайсысының аралығы 1м
параллель сызық сызылады. Командалар арқанның ортасынан 1м
қашықтықтан бір – біріне қарама – қарсы ұстап тұрады. Белгі бойынша
әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. 3 рет тартқаннан
кейін 2 ретінде де арқанды өз жағына тартып шығарған команда
жеңеді.
Мақсаты:
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік,
төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті
дамыту. балалардың танымдық қабілеттерін
дамыту, ой-өрісін кеңейту.
5 - ойын
" Велосипедшілер жарысы"
Велосипедпен кедергілер арасымен өтіп, келесі
камонда мүшелері өтеді.
Мақсаты:
қимыл
белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына
қалыптастыру
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында
(әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып,
жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).