400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді эстафета" атты сыныптан шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Көңілді старт
Мақсаты:
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар, мектепте үлкен мереке. Бізде
оқушыларымыздың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың балаларымен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епте, ұйымшыл және қөңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз! Сайысқа қатынасатын ата - аналардың кеуделеріне өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс әділқазылармен таныстырады, және сайысқа қатысушылармен танысу.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке – жеке таныстыру.
2. «Кім жылдам» эстафетасы
3. «Қаппен секір» эстафетасы
4. «Асық ату» эстафетасы
5. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
6. «Жүйрік ат» эстафетасы
7. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы


Жүргізуші: Алғашқы сайысқа 1.
Қожантаевтардың отбасы
2.
Есенғалиевтер отбасы
3.Шамғоновтар отбасы
I: Аталғандар отбасы шығып өздерін таныстырады.
1. «------------------------»
Біз ананың қуанышымыз
Бала кезден шыныққан
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз.
2. «------------------------»
Қатар өскен құрдасқа
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
3. «-----------------------»
Қане, қане жарысуды
Айналдырайық әдетке
Денемізді шынықтыру
Денсаулыққа қажет те.

II: «Кім жылдам» эстафетасы
Ойынның шарты: Үш отбасының алдында, үш себет тұрады оның ішінде көкөніс пен жемістер салынған. Бірінші сайыскер көкөністерді отырғызады, ал екінші жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып

III: «Қаппен секіру» эстафетасы
Ойынның шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады.
Бірінші адамның аяғында қап, осы қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп барып қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.

IV «Асық ату» эстафетасы
Ойынның шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскерлері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп шығады.

V «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
Ойынның шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тез тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

VI «Жүйрік ат» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

VII «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
Ойынның шарты: Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай жағы жеңгенін айтады.
Жарыстың соңына қарай барлық ойында жеңіске жеткен отбасына сыйлықтар, балаларына арнайы әзірленген алқалар тапсырылады. Бала тәрбиесіне құттықтау сөздер айтылып, отбасылар бір – бірімен қол алысып қоштасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.11.2018
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі