«Көңілді жаз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілді жаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын сауық кештері Тақырыбы: «Көңілді жаз» Мектепке дейінгі орта топ Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерімен меңгеру. Балалардың ептілігі мен шапшаңдылық қасиеттерін дамыту. Жаттығуларды текске сәйкес қимыл жасауға дағыландыру. Досытыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «№9 бөбекжай бақшасы»















Ойын сауық кештері



Тақырыбы: «Көңілді жаз»

Мектепке дейінгі орта топ










Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Сағатова Э.С.



Көңілді жаз

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерімен меңгеру. Балалардың ептілігі мен шапшаңдылық қасиеттерін дамыту. Жаттығуларды текске сәйкес қимыл жасауға дағыландыру. Досытыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал жабдықтар: Жалаулар, шар, үйшік, бөрене, кірпі, қоян, бала санына шуылдақтар, себет, орман жаңғағы, текшелер, бубин, шашақтар (жаңбырға) т.б.

Өткізулі орны: Спорттық алаң

Қатысатын топ: Екінші кіші жас тобы

Ойын сауықтың өту барысы:

Жүргізуші: Жаз келіп жадырап

Балалар ойнайды.

Далада асыр сап,

Ойынға тоймайды деп ортаға №06 топ бүлдіршіндерін шақырамыз.

Балалар музыкамен ортаға кіреді. (3-тілде сәлемдеседі)

(кішкентай бала ұшып келіп хат тастап кетеді)

Жүр: балалар бұл хатты кім жазғанын білгілерң келеме?

Балалар – ия

Жүр: олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар:

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан (аю)

Жүр: хатты оқиық

Балалар маған көмектесіңдер, қиын жағдайға тап болдым.

Жүр: Мұнда басқа ешнәрсе жазылмаған, аюға көмектесемізбе?

Балалар – ия

Жүр: орманға барайық, орандағы аңдар ұқсап жүрейік

  • Аю маң-маң басады,

  • Түлкі бұлаң қағады,

  • Қасқыр ылаң салады,

  • Қоян үркіп қашады. (жүгіреді, жүреді)

Жүр: орманға келдік. Аюмен сәлемдеседі!

Аю достым саған не болды? Берген хатыңды алдық, саған көмекке келдік солай ғой балалар. Аю балалар тәттілерімді жоғалтып алдым, сендер көрген жоқсыңдарма?

Балалар --- жооооқ

Жүр: Саған көмектесеміз алдымен жаттығу жасап алайық (саған азу керек)

Шуылдақтармен жаттығу. (жүрсімізді жалғастырамыз)

  • Бала бала баламыз

  • Біз орманға барамыз

  • Ормандағы қызықты

  • Тамашалап қайтамыз.


Балалар аюға тақпақ айтады (жаз туралы)

Ой балалар мынау кімнің себеті?

Кім орманда жаңғақ тергенді жақсы көреді?

Аюға жаңғақ жинауға көмектесейік.

  1. Ойын: Жаңғақ жинау

Шарты: шашылған жаңғақты себетке жинайды.

Аю:Жарайсыңдар епті екенсіңдер.

Жүр: Күн бұлттанып жаңбыр жауатын сияқты олай болса тағыда ойын ойнайық.

  1. Ойын: күн мен жаңбыр

  • Жаңбыр, жаңбыр жауасың

  • Жанымызға дауасың

  • Біз ойнайтын ауланың

  • Тазартасың ауласын.

  1. Ойын: Аю

  • Қорбаңдаған аюдың

  • Құлпынайы көп екен

  • Теріп, теріп алайық

  • Аюдан біз қашайық

Аю: Балалар сендерге рахмет тәттіні қайда қойғаным есіме түсті, әрі маған жаттығу жасауды, ойнауды үйреттіңдер. Осы тәттіні сендерге сыйға беремін.

Жүр: Аю тәттіңе рахмет.

Жүр:Шеңберге тұрады

  • Қолға алып шарды

  • Үрлеймін мен былай

  • Үрлеймін деп қатты

  • Жарып алдым шарды.

Балаларды мақтап – марапаттау

Сиқырлы сөзімізді айтып тобымызға қайтайық.

  • Кел балалар тұрайық

  • Үлкен шеңбер құрайық

  • Қоян болып секіріп

  • Орнымызды табайық.

Осымен ойын сауығымыз аяқталды келгендеріңе рахмет.

Сау болыңдар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2021
1118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі