"Көңілді көліктер"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көңілді көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
• қазақ тіліндегі берілген сөздерді дұрыс айта білуді және ол сөздерді қолдануды үйрету; • сөз ішіндегі қазақ тіліне тән қ, і, ы, ұ, ғ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру; • көліктердің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру; • қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, диалогке қатысуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Көңілді көліктер

Міндеттері:

  • қазақ тіліндегі берілген сөздерді дұрыс айта білуді және ол сөздерді қолдануды үйрету;

  • сөз ішіндегі қазақ тіліне тән қ, і, ы, ұ, ғ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру;

  • көліктердің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру;

  • қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, диалогке қатысуға үйрету.

  • 10-ға дейін тура және кері санауды бекіту.


Жаңа сөздер: автокөлік, автобус, жүк көлігі, пойыз, ұшақ, тікұшақ, кеме, қайық.


Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы

Сөйлесу. Сұрақ-жауап

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Қал- жағдайымыз қалай?

  • Балалар, бүгін бізге қонақтар келді.Қонақтармен амандасайық!

  • Сәлеметсіздер ме апайлар!

  • Балалар ,бүгін аптаның қай күні?

  • Бүгін жұма.

  • Апта күндерін атайық ,балалар!

  • Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

  • Жарайсыңдар!

Самокатпен Ислам келеді.

  • Ислам, сен қайдан келе жатырсың? Мына ойыншық мәшинелерді неге алып келдің

  • Ойын алаңына барып едім, ешкім жоқ... бірге ойнайтын достарымды іздеп жүрмін.

  • Ендеше кел ортамызға , бірге ойын ойнайық.

  • Жарайды.


Тақырып мазмұнын ашу

  • Балалар, Ислам қандай көліктер алып келді екен? Қане,атайық

  • Бейнежазба көру: «Көлік түрлері».

  • Балалар, адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады. Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы жіне жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина,автобус сияқты жерде жүретін көліктерді ,содан кейін темір жол көліктері: пойыз,трамвайды ойлап тапқан.


Топпен жұмыс «Қара да ата»

(хормен және жеке бірнеше рет қайталау):

  • Жерде жүретін көліктер.

  • Автобус.

  • Автокөлі-і-і-к.

  • Жү-ү-үк кө-ө-ө-лі-і-і-гі-і-і.

  • Пойы-ы-ыз.

  • Әуеде жүретін көліктер.

  • Ұ-ұ-ұшақ.

  • Ті-і-ік-ұ-ұ-ұ-шақ-қ-қ.

  • Суда жүретін көліктер.

  • Кеме.

  • Қ-қ-қайық-қ-қ.

  • Балалар, көліктер қалай бөлінеді?

  • Әуе көліктер,жерде жүретін көліктер,суда жүзетін көліктер.

  • Дұрыс айтасыңдар, енді көліктерді тұрағына қарай орналастырайық.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»

Шарты: көліктерді атайды, тұрағына қарай ажыратып,орналастырады.

Мысалы: Мынау автобус.Автобус жерде жүреді. Мынау ұшақ. Ұшақ аспанда ұшады. Мынау кеме. Кеме суда жүзеді.


Дидактикалық ойын: «Сенде не бар?»

Шарты: тірек кесте арқылы сөйлем құрайды.

  • Менде көк трактор бар

  • Менде қызыл велосипед бар

  • Менде ақ ұшақ бар.

  • Менде сары автобус бар.

  • Менже жасыл самокат бар.


  • Балалар, көліктерді кім жүргізеді? Қандай мамандық иесі?

  • Көліктерді жүргізуші жүргізеді.

  • Ендеше, барлығымыз жүргізушіміз болайық!

Қимылды әрекет:

Сергіту сәті: «Жүргізуші»

Құйындатып келем мен,

Астым қанша белеңнен.

Ұшқан құспен жарыса,

Ұзап кеттім алысқа.

Асқар шыңнан асамын,

Газды аяқпен басамын.

Оңға-солға бұрамын,

Қаңбақтарды қуамын.

Мотор үні дүр-дүр,

Жолбарыстай гүр-гүр.

Дөңгелегім зыр-зыр,

Күннің көзі нұр-нұр.

Бозторғайлар шиқ-шиқ

Бипілдетем бип-бип.


Тақырып мазмұнын ашу.

  • Балалар, мына кілемшеден не көріп түрмыз?

  • Сандар.

  • Әрине. Балалар, біз тура санау білеміз бе?

  • 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

  • Енді кері санайықшы.

  • 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

Дидактикалық ойын: «Санымен сәйкестендір»

Шарты: Мұғалім нұсқауы бойынша балалар, тапсырманы түсініп, көліктерді саны бойынша сәйкес қалташаларға орналастырады.

Мыс:

  1. Жолда 1 жүк көлігі келе жатыр

  2. Екі пойыз тоқтады.

  3. 3 көк трактор жұмыс жасап жатыр.

  4. Аспанда 4 ұшақ ұшып барады.

  5. Жерге 5 тікұшақ қонды.

  6. Тұрақта 6 троллейбус тұр.

  7. Балаларда 7 велосипед бар.

  8. Ойын алаңында 8 самокат бар.

  9. Аялдамада 9 автобус тұр.

  10. Балабақшаға 10 автокөлік келді.


  • Жарайсыңдар,балалар! Қане, енді алдымызда сурет қиындылары берілген. Осы қиындыларды дұрыс құрастырып, қандай көліктер шыққаны туарлы әңгімелейік.

Дидактикалық ойын: «Құрастыру»

Шарты: көліктерді құрстырады,атайды.

Мыс: мынау автобус,мынау кеме,мынау троллейбус,мынау ұшақ,мынау тікұшақ,мынау пойыз, т.с.с

  • Жарайсыңдар,балалар! Ал осылар бір сөзбен қалай аталады?

  • Көліктер.

  • Дұрыс айтасыңдар,балалар!

Қорытындылау:


Күтілетін нәтиже:

  • сөз ішінде қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстайды;

  • көліктердің қазақша атауларын айтады;

  • күнделікті өмірде таныс сөздерді қолданады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі