Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көңілді күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге,ата аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Көңілді әуенмен күлдіргіштер кіреді.Бір-біріне қарап балалардың суреттеріне қарап оларды жоқтап,мұңайып жылауда.


Слайд көрсетіледі

.

1-жүргізуші;

сәлеметпе күлдіргіштер! Бүгін көңілді күн сендер мына әсем залда неге мұңаясыңдар?


Күлдіргіштер;

Сәлеметсіз бе біздер балалармен қоштасқымыз келмейді олар кетсе біз сағынамыз.


2-жүргізуші;

Олар кетсе де бізге келіп тұрады. Сендер көп мұңаймаңдар,өйткені балабақшада әлі де кішкентай бүлдіршіндеріміз бар.

Күлдіргіштер:

Ендеше жарайды көңілді көтеріңкі көңіл күймен балаларды қарсылауға дайынбыз.

1-жүргізуші.

:Армысыздар қымббатты ата-аналар, қонақтар біз бүгін мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.Ендеше бүгінгі салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаумыз.


2-жүргізуші: Ақ тілекті ағылтып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Бүгінгінің түлектерін,

Қошеметтеп қарсы алайық.

(Балаларды қошеметпен қарсы алады)

1.Білімге жаны құмар бүлдіршініміз-Ғизатова Анеля.

2.Сен тимесең мен тимеймін деген ұстанымы бар бүлдіршін-Ербөлек Даурен.

3.Отбасының еркесі тобымыздың қамқоршысы болған бүлдіршініміз-Байжанова Сивара.

4.Епті де пысық бүлдіршініміз-Хайранов Темірлан.

5.Ұқыпты да байсалды бүлдіршініміз-Тубетов Өтеғали.

6.Қарапайым да сүйкімді бүлдіршініміз-Диярова Алина.

7.Анасының тілеуі тобымыздың спортшысы –Мукашев Абзал.

8.Қарапайым да байсалды бүлдіршініміз-Исаева Альбина.

9. Ақылына көркі сай бүлдіршініміз-Чукеева Эльнара.

10.Әкесінің серігі, анасының қамқоршысы болған бүлдіршініміз-Кулумбетов Ернар.

11.Сабырлықтың символы болған бүлдіршініміз-Алмасов Ислям.

12.Ойы ұшқыр,талабы таудай бүлдіршініміз-Есқалиева Ляззат.

13.Анасының тұңғышы тоымыздың бишісі-Туреева Мадина.

14.Әкесінің серігі анасының қолғанаты –Жұмабаев Арман.

15.Шапшаңдықтың символы болған-Максотов Рай.

16Ата-әжесінің тілекшісі,анасының қамқоршысы Тынышкерей Гүлдария.

17.Бойы кіші болсада ойы ұшқыр бүлдіршініміз-Тілешов Есабыз.

1-жүргізуші; Өсті міне бойларың,

Өскен-ау ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

2жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке ,

Бір белестер өттіңдер.



Ән; Көктем вальсі.

1жүргізуші; Алдымыздан балалар

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден,

Қимай кетіп барады.


Абзал. Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.


Сивара. Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Балабақшаны қимаймыз,

Қоштасатын кун бүгін.

Есабыз.





Өтегали.







Гүлдария.









Темірлан.







2жүргізуші

. Балалр сендер балабақшаның алғаш есігін ашқандакішкентай 3 жасар бала едіңдер.Ата-аналарыңнан қалмай жылаушы едіңдер ал қазір 6 жасқа толып есейдіңдер қазір сол кішкене күнімізді есімізге алып кішкентай таңқурай тобының бүлдіршіндерің орттаға шақырамыз.


2-жүргізуші.

Балалар ертен сендер мектепке барғанда сабақты жақсы оқуларыңа сөз бересіңдер ме? Жалқау бала ,жалқау қыз болуға болмайды.



Жалқаубек.

Уф шаршадым .Сабақ оқыған жаман екен. Неге мектепті шығарды екен.Одан да жатып ұйықтасам ғой шіркін.


1-жүргізуші.

Ой балалар мынау кім ? Жалқаубек екен.Көрдіңдер ме ол жалқау мүлдем сендерге жалқау болмаңдар деген себебім осыдан.


2-жүргізуші. Жалқаубек тұр кәне саған не болған?


Жалқаубек. Ұйқым қанбады кішкене ұйықтай тұрайыншы .


2-жүрізуші. Жоқ бізде мереке сондықтан ұйықтауға болмайды.


Жалқаубек. Ой оқымап ем бір алдым,

Кейіп қалды мұғалім.

әкеп едім екілік,

мамам шықты секіріп.

Үш алғанда байқадым,

Папам басын шайқады.

Бес деп едім бүгін кеп

Қарады бәрі күлімдеп.


1-жүргізуші.Кәне бесін көрсетші күнделігінді.


Жалқаубек. Міне менім бесім.


1-жүргізуші. Мынауың тұрған үш делік,

Ал мынауың екілік.

Бес алдым деп бүгін сен

Неге айтасын өтірік.

Жалқаубек. Ой апай есеп білмеуші едіңіз бе?

Қарашы үшті қос екіге.

Бес болмайма шешуі.

2-жүргізуші. Жоқ Жалқаубек сен шатастырма Ендеше ұйқыңды ашып мына біздің балалармен ойын ойна.


Ойын Сумкаңды тез жина.

1-жүргізуші. Үйренеміз өнер біз ,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып би билеп

Ән де салып береміз деп

Ән:Жалқаубек

.орындайтын осы балабақшаның түлегі болған Дана билейтіндер құлпынай тобы.


Жалқаубек. Олай болса балалар сендер тәртіпті екенсіңдер ертеңнен бастап мен де сендер сияқты таза мектепке әдепті бала боламын Ендігі менім атым Жалқаубек емес тәртіпбек деп атаңдар. Сау болыңдар.


1-жүргізуші. Бүгін қызық бүгін той

Сендер үшін біліп қой.

Әнде салып би билеп

Жалғастырсын әнменен.



2-жүргізуші. Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санамыз.

Білім әлем көгінде.

Қанат қағып ұшады.


Ән; ағылшынша.


Өзін-өзі тану әлемі.


1-жүргізуші Ойыншықтарды жинймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз,

Өнер білім үйреткен.

Қуыршықты қимаймыз.


2-жүргізуші. Мектепке енді барасыңдар,

Үлгілі оқушы боласыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аласыңдар.

Қуыршақ; Шаттыққа толы жанары,

Ойлайды нені кім білсін.

Мектепке кетіп барады.

Талабы таудай бүлдіршін.

Сәлем достарым,сәлеметсіздерме қонақтар. Мен сендерді қимаймын. Бірақ амал қанша сендер өстіңдер.Енді менімен ойнамайсыңдар.


1-жүргізуші.

Қуыршақ сен мұңайма , бүгін қыздарымыз сен сияқты әдемі қуыршақ болып сенің көңіліңді көтеріп би билейді. Сенде бірге биле.


Би: Қуыршақтар.


1-жүргізуші; Қош бол балабақшамыз,

Естен кетпес есімің.

Қош бол балабақшамыз,

Алғаш ашқан есігің деп ойын Мектепке дайындал.Бұл ойында ата-аналарымызбен ойналады.Папалары аналарын қыздарын киіндіріп мектепке апарып салады.


Ойын;Мектепке дайындалу.


2-жүргізуші,Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасып,

Бүгінгі той ерекше деп ата-аналар құрметіне үнді биін тамашалаңыздар.


Би;Үнді биі.

1-жүргізуші,

Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер ? Қасқыр мен қоян, Түлкі мен тырна, Қарылғаш пен дәуіт, Бауырсақ, Алдаркөсе мен Бай, Алтын балық, Жеті лақ. Одан да көп білесіңдер бірақ естеріңе түсіре алмай отырған сияқтысындар. Ал көктемде аналар мерексіне қандай қойылым қойдық есімізге түсірейікші

Саңырауқұлақ:

Сәлеметпе балалар бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мені естеріңе түсіре алмай жатқан сияқтысыңдар. Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқисыңдар.

Тәрбиеден тәлім алып,

Ертекті өздерің оқисыңдар деп менім саңырауқұлақ саясында атты қойылымымды есімізге түсіріп сендер мені ұмытпау үшін ойнап берейік ал мен саңырауқұлақ болып тұра қалайын.


Саңырауқұлақ саясында.

1-жүргізуші

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мекпепке барам мен енді

Балабақшам қош енді деп

Ән Үйретеді.


Саңырауқұлақ ;

Балалар мен енді ұзақ тұрмай қайтайын ал сендер мерекелеріңді жақсы өткізіңдер мені ұмытпаңдар сау болыңдар.


2-жүргізуші; Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Ата-ананың ерекше,

Қуанатын күн бүгін.

Би; жігіттер


1-жүргізуші,

Ал енді балалардың осы балабақшада әр күнін қызықты өтуін қадағалап отырған балабақша ұжымына арналған тілектеріне кезек берейік.

Эльнара, Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап-дайын.

Қамымызды ойлаған

Меңгеруші Анна александровна

өзіңізге мың алғыс.

Темірлан;

Біздің Үміт апайымыз,

Маманы оның әдіскер.

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Бұл апайдың ақылы,

Ағып жатқан дария,

Үміт Қайырғли қызы

Өзіңізге мың алғыс.

Алина

Менің балабақшамда

Бар аспазшы апайлар.

Апайлары ас маманы,

Пісіре білгенге

Астың жоқ жаманы.

Ольга Александровна

Лена Василовна

Назым Серік қызы өзіңізге мың алғыс.

Арман,

Баулап баптап өсірдіңіз

Тентек болсақ кешірдіңіз

Ұмытпаймыз өзіңізді,

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ғалия Болатқызы

Бақыт Нариманқызы

Өзіңізге мың алғыс.

Ләззат.

Денсаулығы болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде әбігер болады,

Қамқоршымыз Ғибрат Айтасқызына

Өзіңізге мың алғыс.

Рай.

Есеп-қисап жүргізетін,

Балабақшаға кіріс кіргізетін.

Апайымыз Жаниса Кулманқызы

Өзіңізге мың алғыс.

Есабыз.

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Мың бұралған биімен,

Жансұлу

Валентина Сайранбетовна

Өзіңізге мың алғыс.

Анеля;

Күннен күнге біздер өсіп барамыз,

Үлкен болып қиындықты жеңеміз.

Сіздердің біздер үшін сіңірген,

Еңбегіңіз еш болмасын деп сенеміз.

Жадыра Әділқызы

Өзіңізге мың алғыс.

Ернар;

Баурап баптап өсірдіңіз

Тентек болсақ кешірдіңіз

Ұмытпамыз өзіңізді,

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Торғын Серікқалиқызы

Өзіңізге мың алғыс.

Гүлдария;

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз,

Таңсұлу Қабес қызынан алған білімді

Есімізге өмір бақи сақтармыз.

Таңсұлу Қабес қызы

Өзіңізге мың алғыс.

Ислам;

Ақ төсекке жатқызып,

Тәтті тамақ үсынған,

Бала болып ойнаған.

Күтуші апайды сағынам.

Жанар Жалелқызы

Өзіңізге мың алғыс.


Балабақша ұжымына арналған алғыс хаттар ұсынылады.


2-жүргізуші.

Өздеріңді ұмытпаймыз,

Есімізге аламыз.

Ұмытпасын деп әрқашан,

Тәрбиеші апай әнін саламыз.


Ән; Тәрбиеші апай.


1-жүргізуші.

Айналайын балалар,

Алда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаз да даналар деп


Ойын; Мамандығым мақтанышым.


2-жүргізуші;Қош бол балабақшамыз,

Қимай кетіп барамыз.

Бал күндерді еске алып,

Сағынамыз әлі-ақ біз.


1-жүргізуші.

Қош балалар сәт-сапар,

Бақытты бәрің болыңдар.

Балабақшамен қоштасып,

Қоштасу биін билейміз.


Би; Қоштасу валісі.


Ата –аналарға арналған алғыс хаттар ұсынылады.

Мына естен кетпес көңілді күнде тобымыздың әнші қызы Гүлдария Көңілді күн әнімен.


Ән Көңілді күн.


Түлкі, Аю, Сиқыршы үшеуі балаларға арналған сыйлықтармен бірге кіреді

Сиқыршы;

Біз сендерді енді көре алмай қалармыз деп өзімізбен бірге сендерге арналған сыйлықтарымызды ала келдік.

Сүйкімді балғын болашақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.


Түлкі

.Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекшк қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Аю

Құтты болсын осы шаттық күндерің,бақытты ұзақ өмір сүріңіздер балалар.Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, бұл өмірде күліп қана жүріңіздер.


Осы дипломды табыс ету үшін балабақшамыздың директоры Анна Александровнаға сөз береміз.

Құттықтау сөз Анна Александровна.

Сондай –ақ келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.


Қымбатты ата-аналар балалар ең соңғы рет балалбақшамыздың мыныу әсем де зәулім залында бәріміз бірге Буги-Буги биін билеп,сыртқа шығып бүлдіршіндеріміз биіктен көріне берулерін тілеп шар ұшырайық.


Сәт-сапар түлектер.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12