400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді мәре

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі»

Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі»ММ











«Көңілді мәре»

Эстафеталық ойын









Д ене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Ауезбеков Е.Т







2018 – 2019 оқу жылы











Тақырыбы: «Көңілді мәре» атты эстафеталық ойын

Мақсаты:

  1. Оқушының денсаулығын нығайту, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.



Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.



«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!


Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.

2.

3.









Спортшылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын спортшылар бүгінгі

7-8 сынып оқушыларын

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.


Ортаға сайысқа түскелі тұрған спортшыларымызды шақырайық:

1 топ: «Қыран» (7-сынып )

2 топ «Жігер» (8-сынып)

Екі топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші: ««Көңілді мәре» атты эстафеталық ойынымыз 12 кезеннен тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттары және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, мұғалімдер мен оқушылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 12 кезеннен тұрады.

Ойын түрлері

Өткізілетін ойындар

Қатысатын адамдар

Қойылатын талаптар

1

Топ атын және ұраның дайындау

Барлығы

Барлығы бірге айту

2

Эстафеталық жарыс

Барлығы

Тұрған жерден жүгіріп, қабырғаға қолын тигізіп, артқа келіп 2-сі жалғастырады.

3

Кенгуру

Барлығы

Допты аяққа қысып секіріп барып келіп екіншісі жалғастырады.

4

Кім епті

оқушылар

Допты екі адам кеудемен қысып барып, келеді.

5

Қаппен секіру

Барлығы

Қаппен секіріп барып келіп, екіншісі жалғастырады.

6

Кім шапшаң

Барлығы

Қасыққа теннис шарын салып, жүгіріп барып келеді.

7

Сынық көпірден өту

Барлығы

Екі картон қағаздың көмегімен белгілі жерге жетіп, қағазды қолына алып артқа қарай жүгіреді

8

Арқан тарту

Барлығы

Екі команда шығып арқан тартады

9

Ұзындыққа секіру

Барлығы

Біреуі шығып ұзындыққа секіреді сол жерден 2-ші адам жалғастырады.

10

Капитандар сайысы

Капитан

Әр топтың капитандары өзінін тобындағы оқушыларды арқалап кедергілерден жүгіріп өту керек

11

Обручпен жүгіру

Барлығы

Бір адам обручпен жүгіріп барып келіп, 2-ші адамды алып барып келеді.

12

Өрмекшілер сайысы

Барлығы

Тұрған жерден өрмекші құсап жүгіріп, қолын тигізіп, артқа келіп 2-сі жалғастырады.







Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.



Жүргізуші:

Құрметті спортшылар!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Көңілді мәре» эстафеталық ойын жарысын,

Осымен аяқтаймыз!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.01.2019
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі