«Көңілді мәре» спорттық ойынының
жоспары.
Өтілетін жарыстың
мақсаты:
-
Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін
нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін
байқау.
-
Спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыру.
-
Салауатты өмір салтын
насихаттау.
Қолданылатын
құралдар: эстафеталық кедергілер, доп
(үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш,
таяқшалар және т.б.
Сайыстың барысы:
Спорт залда
көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт
сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың
денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын
міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға
белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның
бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес,
ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап,
қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал
етеді.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат
жемісі»
Т.Карлейль
Таза ауа, спорт болсын
дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше
әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат
ұстанып,
Сайысқа аттанайық
бәріміз!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен
таныстырып өтейік,
ОҚушылар
отыр сынға
түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен
күштері.
Әрбірінің жігер – күші
жалындап,
Жеңіс сәтін тағат тана
күтеді,
«Спорт» десе таза біздің
арымыз,
Сайысатын оқушылардың
бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен
бәріміз.
Ортаға сайысқа түскелі тұрған топтарымызды
шақырайық:
№1 топ
«Жігер»
№2 топ
«Тарлан»
Екі топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып
орналасады.
Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты
спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр
топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің
топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып
өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі
тұрған бәсекелестер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары!
Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз
10 турдан тұрады.
Олар:
-
Эстафеталық
жарыс ( доппен кедергілер
арасынан жүріп өту)
-
Повар ойыны (шарикті екі қасықпен
қазанға тасу)
Музыкалық сәлем.
-
Баскетбол торына доп
лақтыру (баскетбол добын кедергілер
арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке
салу)
-
Калькулятор
ойыны (эстафета берілген есепті
шығару
Музыкалық сәлем.
-
Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер
арасынан секіріп келу)
-
Капитандар сайысы белдегі
шығыршық (әр топтың капитандары
шығып жарысқа түседі)
Музыкалық сәлем.
-
Кім шапшаң картоп
отырғызу (кішкентай күрек, тырманы
белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп
отырғызу)
-
Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты
топ (әр топ арқанға өрмелеп,
биік шыңға шығу)
Музыкалық сәлем.
-
Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның
арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып
келеді)
-
Ойлан тап, сиқырлы
сандық. (үш сандық қойылады, соның
ішіндегісін табу керек.)
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер
қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың
жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына
беру.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды
марапатайды
Ойын
түрлері.
-
Эстафеталық
жарыс.
-
Аспаз
ойыны.
-
Баскетбол торына доп
лақтыру.
-
Калькулятор
ойыны.
-
Кенгуру.
-
Капитандар сайысы белдегі
шығыршық.
-
Кім шапшаң картоп
отырғызу.