400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді математикалық поезд

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасында сайыс өткізуге арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көңілді математикалық пойыз»

сыныптан тыс жұмыс

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар бүгінгі ойынымызға қош келдіңіздер. «Көңілді математикалық пойыз» атты сайысымызды бастаймыз.

Екі топ өздерін таныстырсын.

Жүргізуші: Балалар бүгін біздер математикалық пойызбен саяхатқа аттанамыз. Сіздер «Білгірлер», «Сандар сыры», «Жұмбақ шешу», «Капитандар сайысы» сияқты көп бекеттерден өтесіздер. Бірақ, пойызға отыру үшін сіздер кассадан міндетті түрде билет сатып алуларыңыз керек. Ол үшін кассаға барып қандай вагонға отырасыздар кассирден сұрап билет сатып аламыз. Купе, пласкарт, жалпы вагонға отыру үшін деңгейіне қарай сұрақтарға жауап бересіздер.

Купе билет – 3 ұпай (анықтамалар)

Пласкарт билет – 2 ұпай

Жалпы билет – 1 ұпай. Ендеше кассирге барамыз:

Купе билет сұрақтары:

  1. Дұрыс бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз?

  2. Бұрыс бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз?

  3. Аралас сан деген не?

  4. Алымдары бірдей бөлшектерді салыстыру?

  5. Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру?

  6. Жай бөлшектерді бөлу?

  7. Аралас сандарды көбейту?

  8. Санның бөлігін табу?

Пласкарт билет сұрақтары:

  1. Көбейтіндісі бірге тең сандарды қандай сандар деп атайды?

  2. Сандардың 9-ға бөлінгіштік белгілері?

  3. 2-ге бөлінгіштік белгілері?

  4. 5-ке бөлінгіштік белгілері?

  5. 10-ға бөлінгіштік белгілері?

  6. 3-ке бөлінгіштік белгілері?

  7. Өзара жай сандар?

  8. Құрама сандар?

Жалпы билет сұрақтары:

  1. Қолымызда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ бар? (50)

  2. Бір жанұяда 5 ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар?

  3. 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма?

  4. Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы қанша сағат ойнады?

  5. 8 наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?

  6. Мына сандардың қайсысы кіші 1/2 , 1/3, 1/4?

  7. Мына сандардың қайсысы үлкен 2/5, 3/5, 4/5?

  8. ½ координаталық сәуледе қандай сандардың арасында жатыр?

Бірінші бекет «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге қатысты мақал мәтелдер, қанатты сөздер айтады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.

1. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.

2. Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

3. Екі жақсы қос болмас,

Екі жаман ДОС болмас.

4. Бес бармақ жиылса, жұдырық болады.

5. Алдына бір қарасан,

Артына он қара.

6. Досыңның мың болғанына мақтан,

Дұшпаның жалғыс болсада сақтан.

7. Алты аға бірігіп әкен болмас,

Жеті жеңге бірігіп шеше болмас.

8. Дос сегіз болса,

Дұшпан сегіз.

9. Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

10. Бермегенге бесеу де көп, алғанға он болса да аз.

11. ер бі рет өледі, қорқақ мын рет өледі.

12. Қырық кісі бір жақ, қыныр кісі бір жақ.

13. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі ұйқы, бірі күлкі.

14. Бір кісі қазған құдыққтан,

Мың кісі су ішеді.

15. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

16. 7 рет өлшеп бір рет кес.

17. 100 теңген бллғанша 100 досын болсын.

18. Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық он сайлық, үшінші байлық ақ жаулық.

19. Ананды үш рет арқалап апарсан да, қарызын өте алмайсын.

Екінші бекет «Сандар сыры». Сұрақ белгісінің орнына қандай сандар қойылу керек? (27) 5 минут беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай

8 2 5

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1



4 6 4 7 15 9


Үшінші бекет «Жұмбақ шешу»

Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік).

2. Екі ағайынды,

Екейуі де бір үйде,

Бірін бірі көрмейді. (көз).

3. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап)

4. Екі желім-күйдің көрігі, әннің көлігі.(домбыра)

5. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр, шиыр жолы көп. (қалам).

6. Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)

7. Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.(кит)

8. Елу түсті, екі қолды. (екікісілік ара)

9. Жүз төрт түйме, он бір ине (есепшот)

10. Басынба таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегенде сақалы бар. (ешкі)

11.Бір бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

12. Түе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой (15)

Төртінші бекет «Капитандар сайысы»

88888888 сандардың арасына қосу таңбасын қою арқылы 1000-ды шығаруға болады?

888+88+8+8+8=1000


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі