Тақырыбы:
«Көңілді сабан той» спорттық сайыс
Мақсаты:
Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы
әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды
қолдану.
Балалардың спортқа деген қызығушылығын
арттыру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір
салтына, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Сайыс тақырыбы, жар қағаздары,
эмблема.
Керекті құралдар: киглилер, қапшық,
шеңберлер, боулинг доптары,
доптар.
Өтілетін орыны: Спорт
залы
Барысы
Жүргізуші:
Құрметті, қонақтар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Бүгіні «Көңілді сабан
той» спорттық сайысына қош
келдіңіздер!Көілді жарысқа «Жемістер» және «Көкеністер»
тобы қатысады.
Әр таңды
бақытпен атырамыз
Өнерді ой
көгінде бақылаңыз.
Сайысқа
қатысуға енді ортаға:
«Жемістер»,
«Көкеністер» топтарын шақырамыз.
Ортаға сайысқа
қатысатын топтарды шақырайық.
Сайысымызды
бастамас бұрын, сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс
болайық.
1Балабақша
меңгерушісі:.Нурпеисова
М.З
2Балабаовақша
әдіскері:Бахтыбаева
Ж.Т
3.Балабаөша дәмбикесі:Құрмансейтова
Б.
Сайыс шарттарымен таныс
болыңыздар:
1.Алма теру
2.Сәбіз жинау
3.Көкеніс пен
жемістер
4. Көкеніс
егу
5. Банкі
жабу
.
Құрметті сайыскерлер, сайысымызды бастаймыз!
Сіздерге сәттілік тілеймін!
1 - кезең топтармен
танысу
«Көкеніс»
тобы
Ұраны: Қырандай күшті
қанатты,
Біз өрендер
талапты.
«Жемістер»
тобы
Ұраны: Желмен бірге
жарысқан,
Тұлпар қалмас
жарыстан.
1 - кезең «Алма
теру»
Шарты: Балалар белгіленген жерге жетіп талдың
астында алмалар жатады әр бала бір алмадан алып орындарына тұрады
қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз
болады.
2 - кезең «Сәбіз
жинау»
Шарты: Балалар қатар егілген сабіздерді жұлып
алып себетке жинау керек қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз
болады.
3 - кезең «Көкеніс пен
жемістер»
Шарты: Балаларға жетекші көкеніс пен жемістер
салынған себетті алып ортаға шашады әр топ өзінің көкеніспен
жемістерді жинайды кім бірінші жинаса сол топ жеңіске
жетеді.
4 - кезең «Көкеніс
егу»
Шарты: 1 бала барып жер аударып кетеді 2 бала
дәнін тастап кетеді 3 бала су құйып кетеді 4бала өсіп тұрған
көкеністі жұлып алады .
5 - кезең «Банкі
жабу»
Шарты: Мәре сызығында банкі және көкеністер
жатады әр бала бір көкеністен алып банкіге салады соңғы бала
банкіні жабады кім бірінші болса сол топ жеңімпаз
атанады.
Жүргізуші:
Біреу озса
жарыста,
Біреу артта
қалады.
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші, сайысымыздың
шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап,
марапатталады. Сөз кезегі әділқазыларға
беріледі.
Сайыскерлер
марапатталады.
Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп - көп
рахмет!
Келесі кездескенше сау - саламатта
болыңыздар!
Тақырыбы: «Көңілді спорттық
ойындар»Тақырыбы: «Көңілді спорттық
ойындар»