400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді сайысайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты «Көңілді сайысайық!» спорттық сайысы


«Көңілді сайысайық!» спорттық сайысының өтілу барысы:
Сайыстың мақсаты: Студенттерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру
Құрметті оқытушылар, студенттер! Бүгінгі ашық тәрбие сағаты 
«Көңілді сайысайық!»спорттық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке
сайысады.
4. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау. Топтарды марапаттау.

Қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Г.Сапаров
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М.Адырова
3. Әдіскер Т.К.Сагидуллина
Енді топтарды ортаға шақырамыз.
1. «Болашақ» тобы
2. «Достық»тобы
3. «Тұлпар»тобы

Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.

1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.


3 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке
Сайысады
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет секіреді. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады. 5рет секірсе - 1ұпай, 10рет секірсе - 2 ұпай т. с. с. ұпай беріледі.

2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып 30 секунд секіру»
2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен 30 сек. секіруі керек. Алдыңғы ойыншы секіргіш жіпті айналдырады да, артқы ойыншы оның иығынан ұстауы керек. Ойыншылар 10 рет секірсе 1 - ұпай, 20рет секірсе 2 - ұпай т. с. с.

3-тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға бутылка қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, бутылкаға саусағын салып 10рет айналады да болған соң бутылканы топ басшыға тапсырады. Кім бірінші болып тапсырса 5 ұпай, 2 - ге 4ұпай, 3 - ге 3ұпай т. с. с.


Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені дұрыс.
1. «Ең үздік»топ басшы
2.«Ең үздік»ойыншы
3. «Ең шапшаң топ»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.06.2019
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі