Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

көңілді шарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Балапан»мектепке дейінгі бөбекжайы







Тақырыбы:

« Көңілді шарлар  !» ортаңғы топ балаларына

арналған психологиялық

ашық сағат 
















Өткізген : психолог: Усенгалиева

Болганай

Турганалиевна

















2018 ж

Топтың аты: «Ақбота» ортаңғы тобы

Күні: . 21.11.2018ж

Тақырыбы: « Көңілді шарлар  !»
 ортаңғы топ балаларына арналған психологиялық ашық сағат 

Мақсаты: балаларға жағымды көңіл – күй сыйлау, зейін, қабылдау,ойлау қабілеттерін дамыту,   балаларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
көрнекілігі: интерактивті тақта, ,шарлар, карточкалар,ертегі кейіпкерлері суреттері,түрлі түсті маталар, ойындар, 
түрі: ойын - жаттығу 
барысы: 
Психолог: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді бүгін көргеніме қуаныштымын. Сендердің көңіл – күйлерің қалай? 
Балалар: - Сәлеметсізбе, апай! Бізде сізді көргенімізге қуаныштымыз! Көңіл – күйлеріміз жақсы! 
1. Шаттық шеңбері 
Қане, балалар, шаттық шеңберін құрамыз. Шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Шеңберде бір-біріміздің жүзімізді анық, еркін көреміз, қуанамыз, шаттанамыз. 
Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен 
Амандасып алайық, 

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар
!



Кіріспе әңгіме

Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ойпікірімізді ортаға салайық.

Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша өз үйіміз» деп айта аламыз.


(Әуен ойналып, қатты желдің даусы естіледі) 
- Ой, балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? 
- Желдің дыбысын естіп тұрмыз. 
(Осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді) 
-Мынау не нәрсе? Ішінде не бар? Бізге бұны кім әкелді? Өзі қапшық сияқты, бұл кімдікі ау-у. 
(Әуен ойналып, желдің дыбысы шығады). Мен желмін. Мұны сендерге мен жібердім. Ішінде не бар екенін өздерің табыңдар. Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда, бұл қапшықтың ішінде не бар екенін білесіңдер. 
Қағанақтай қабық, 
Байқа, алма жарып. 
Балалар, ол не болды екен, ұстап көрейікші, өзі жұмсақ екен, жарылып кететін не екенін білесіңдер ме? 
- Ол шар ғой. 
- Жарайсыңдар, балалар 
Балалар қарандаршы 
-Қандай әдемі шарлар! 
Балалар түрлі-түсті шарларды көреді,олар жай шар емес өздерімен бірге тапсырмалар ала келіпті. 


  1. Дидактикалық ойын:«Қай жыл мезгілі?»

Балаларға интерактивті тақта арқылы әр-түрлі жыл мезгілдері суреттері көрсетіледі.(балалар тапсырманы орындайды.) 

-Дүниенің бәрі сары алтынға боялады.

Ол қай мезгілде болады?

-Күн суытып, жер, үйлер ақ көрпе жамылады.

Ол қай мезгілде болады?

-Жан-жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп,  құстар ұшып келеді.

Ол қай мезгілде болады?

-Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз.

Ол қай мезгілде болады?

Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Мінекей сендер жылдың төрт мезгілін атап шықтыңдар. Казір қай мезгіл?

Енді балалар біз осы жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді құрастырып жұмыс жасайық Балаларға жыл мезгілдері бар карточкалар беріледі,әр жыл мезгілдеріне арналған ағаш тар беріледі.Сол ағаштарға әр жыл мезгілдерін орналастырады.

2. «Суретші нені ұмытып кетті?» Балалар суретке қарап не жетіспейтіндігін табу

Тақтаға суреттер көрсетіліп балалар суреттерді әңгімелеп айырмашылығын айтып береді.

3. Дидактикалық ойын:«Кім тапқыр» 

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту .

Балаларға ертегі кейіпкерлерін суреттері жасырылады ,қандай ертегі екенін айтып , ертегі барысын әңгімелеп береді.

4.Ойын(музыка арқылы) «Матадағы менің орным»

5.Глен Домоның карточкалар негізінде тапсырмалар орындау 
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, мамандықтар туралы түсінік беру оларды айыра білуге баулу.
-Балаларға үстелге әр-түрлі карточкалар беріледі. 
1.Әр-түрлі маман иесін атап беру 
2.Көлік түрлерін атау. 

3.Киімдер
( балалардың жауаптары). 

6.В.Васкобович ойындары «Геокант»

Мақсаты : балаларда қол мен саусақ моторикасын,сенсорлық қабілеттерін(түсті,формаларды,шамаларды меңгереді),ойлау үдерісін (фигураларды құрастыру)шығармашылықты дамыту.

Қорытынды :

7. Тренинг: «Жылы лебіз» 
 
- Балалар рахмет сендерге бүгінгі күн тамаша өтті. Шарлар да сендерге риза, олардың барлық тапсырмаларын орындап бердіңдер. Бүгінгі ойын-жаттығу сабағымыз сіздерге ұнады ма? (балалардың жауаптары).

Жүрегімізді қолымызға ала отырып, кәне, бір-бірімізге жылы тілектер айтайықшы. Балалар бір-біріне жүрекшені беру арқылы аспанымыз ашық болсын,деніміз сау болсын,досымыз көп болсын,жылымыз құтты болсын т.б жылы лебіздерін білдіреді. 

Көңіл-күйлерің әрқашан көтеріңкі болсын деген тілекпен бүгінгі ойын-жаттығу сабағымызды аяқтаймыз. 



Picture 2 Picture 1





Picture 5 Picture 6









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12