|
|
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №57 «Ақбота» бөбекжайы дене тәрбиесі нұсқаушысы Сарсенгалиева Назира Рахметкызы
|
Қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет
«Көңілді спорттық ойындар»
Білім беру дағдысы: " Денсаулық "
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Дене шынықтыру
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін
ұғындыру. Балаларға гимнастикалық
қабырғаға өрмелеуге, жіпке ілінген құрсаудың ішінен өте білуге
үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған арқылы балалардың
бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды
ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін
дамыту, сөйлеу шеберлігін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Түрлі жаттығулар кезінде балалардың денесін тік ұстап, түзу жүруге дағдыландыру, жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету. Ойын кезінде балалардың белсенділігін арттырып, көңілдерін көтеру мақсаты көзделеді.
Керекті құралдар: гимнастикалық қабырға, гимнастикалық скамейка, құрсаулар.
Кіріспе.
Балалар маршпен залға
кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді?
Жарайсыңдар ,балалар.
Денешынықтыру жетекшісі:
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?
-«Денсаулық»
-Дұрыс. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Денемізді шынықтыруымыз қажет,жаттығулар жасап спортпен шұғылдануымыз керек.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: - Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Балалар: Таза ауаға шығып серуендеп тұру керек,көп жүру керек.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: :
-Жалқау болсаң қандай боласын?
Балалар:
-Жалқау болсаң, бойың өспейді.Жалқау болсаң, аурушаң боласың.
Жалқау болсаң, мықты бала болмайсың.Жалқау болсаң, жарқырап жайнап жүре алмайсың.
Дене тәрбиесі
нұсқаушысы: : Дұрыс айтасыңдар балалар.Адамдар әрқашан
қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де
қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын
боламыз. Денеімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
Ендеше қарап қалмайық таза ауаға шығып бірге жаттығу жасап,
салауатты өмір салтын ұстанайық. Тауға шығып ,үңгірден өтіп,көпір
үстімен жүріп ,көңілді ойындар ойнап
қайтайық.
Дене тәрбиесі
нұсқаушысы: :
1. Саппен баяу,ирелеңдеп жүру,аяқтың ұшымен,өкшемен жүру,жүгіру ( 2 қатар тұру)
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі: ЖДЖ
Әуенмен құрсаумен жасау
1. Б.қ. қолды алға созып, жоғары көтеру, қайта алға түсіріп. Б.қ келу. (4-5 рет қайталау)
2. Б.қ. аяқты алшақ қою. Қолды жоғары көтеріп тұрып, екі жаққа кезек иілу. (4-5 рет қайталау)
3. Б.қ. Аяқты қосып ұстау. Қолды алға созып, өкшені көтеріп, отырып тұру. (4-5рет қайталау)
4. Б.қ. аяқты созып отыру. Отырып қолды алға қара созып, аяқтың басына жеткізу. (тізені бүкпеу 4-5 рет)
5. Б.қ. Бір орнында тұрып бір қолды жоғары көтеріп, сонымен қатар аяқты да көтеру. (4-5 рет)
6. Б.қ. Алға оң аяқты қойып екінші аяқты бүкпей итерілу, қолды алға созу. Екінші аяққа қайталау. Б.қ. ор. 4-5 р
7. Б.қ. Екі аяқты біріктіріп созу, бірнеше рет секіру. Қолдарды белде ұстау. 7-8 рет
8. Б.қ. Бір орында баяу жүру. Секіру 7-8 рет. Бір қатарға тұру.
ІІІ. Негізгі жаттығу. 2 қатарға тұру.
1. Гимнастикалық қабырғаға тақтай арқылы өрмелеп, жоғары-төмен түсіп-шығумен айналысады.(аяқтарын дұрыс ұстауды ескертеді).
2. Гимнастикалық скамейка үстімен жүру, ілулі тұрған құрсаулар ішінен өту.
3.Денсаулық жолдарының үстімен жүру.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Жаттығуларды орындап болдық, енді бір көңіліміз сергіп қалу үшін көңілді ойындар ойнап жіберейік.
1-ші ойын: «Стакан үру»
Шарты: Алдындағы кедергілерден секіріп өтіп,фишкадағы допты келесі бетке ауыстырып қою да жүгіріп , стол үстіндегі плассмас стаканды қатты үріп құлату.
2-ші ойын: «Лато ойыны»
Шарты: Балалар алдындағы
кедергіден секіріп ,жүгіріп барып алдында тұрған үстелдің үстіндегі
сандарға қасында тұрған асықты сандарына байланысты сәйкестендіріп
қою,ойын осылай жалғаса береді.
3-ші ойын: «Құрсаудағы
доп»
Шарты: Допты бір біріне бере отырып құрсаудан құрсауға секіру.
4-ші ойын: «Құрсауды тез жина!»
Шарты: Алдарында екі бала ұзын ағашты ұстап тұрады екі шетінен, ойнаушы балалар құрсауды сол ағаш арқылы жүргізіп келесі баланың үстіне кигізіп жерге тастайды.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Балалар ойын ұнады ма?
Балалар:
-Ойын ұнады.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: - Олай болса, ,балалар тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
А. «Кәнеки, балалар, жылынайық!»
Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде – балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде – қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады.
Ә. «Суға жүзу»
Аяқты алшақ етіп қою керек, сосын сәл еңкейіп тізені бүгуі керек, оң қол созылған қолмен . Сол қол артқы жақта, алақан ашық. «1» дегенде –суға жүзгендей сияқты баяу тізе бүгіп, сол қолды алға қарай шығарады, дәл осы кезде өкпеден ауаны сыртқа шығару керек. «2» дегенде – бастапқы қалыпқа қайта келіп, еркін тыныс алу керек.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Жарайсыңдар балалар, сонымен денсаулық дегеніміз не екен.
1-бала:
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
2-бала:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Сендерге жаңа жаттығулар ұнады ма? Қандай кедергілерден өттік? Қандай ойындар ойнадық?
Балалар қане сапқа тұрамыз!
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек. Ендеше қоштасамыз , сау болыңыздар!
Соңында сапта тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз