400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

көңілді старт

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру мұғалімдарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Толағай» отбасылық сайыс


Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата - аналарға спорттық ойындары орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық.

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар бүгінгі Толағай отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер Білім марафоны атты. 3-4 класстар аралығында онкүндікке ата - аналарымыз да ат салыса келіпті.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға ______________________________


Ойнайық, та ойлайық.
Күшімізді көрсетейік, сынайық.
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық
Қаймықпайық, көңілді болып тарайық деп ортаға ___________________шақырамыз.


Денсаулық басты байлық өмірдегі
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттар,
Аттанайық жақсы азамат өңірдегі дей келе ______________________шақырамыз.


Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана - шаңырақты негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салты қалыптастыруда әке мен ананың рөлі арасан зор.
Ал, құрметті халайық
Сайысты бастаймыз бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.
2.
3.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы:
1. Желаяқтар Кедергілер арасымен жүгіріп, мәреге жеткенде келесі ойыншының қолын соғу керек
2. Егін егу, егін жинау, жуан ата - анасы егіп кетеді, балалар жинайды
3. Қапшықпен секір, қапшықты киіп секіру, Қайтарда жүгіріп келеміз
4. Спорт матырастан айлану, жүгіріп, матырастын үстінен айлану, қайтарда тағы айланып келу
5. Скакалкамен секіру, әр топтан бір қатысушы шығып секіру.
6. Ожаумен су тасу, суды шашып - төкпей межеленген жерге тасу.
7. Паравоз ойыны, бәрі бірге жүгіріп, қайтып келеді.
8. Допты шеңберге салу.


Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден

Еңбектену, жалықпау
Жеңімпазды анықтау

Біреу озса сайыста,
Жеңімпаз болу шарты сол

Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей.

Тараса бізге жарады.


Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.


Өнерсіздік зор айып,
Ән мен биге басайық.
Арасында тағы бір,
Би мен шашу шашайық.
Би: "Бақалар"5 сынып оқушылары


(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
1 - орын ________________________________________
2 - орын_________________________________________
3 - орын_________________________________________
Алғыс хат отбасы _________________________________

Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулыққа терең бақыт сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші - салауатты өмір салтын қалыптастыруда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.12.2018
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі