«Көңілді старт» спорттық
сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір
салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын
арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық
ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық
қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық
ойын.
Өтілетін орны: Спорт
алаңы.
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер,
жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт
өлшеуіш.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Көңілді
старт» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топ яғни,
«Қыран» және «Сұңқар» тобының балалары қатысады. Жарысқа
қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ -
қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ - қазылар өз
бағасын береді.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.
Топпен танысу. (қатысушы топ өзлерін таныстырып
өтеді)
- «Қыран» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
- «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды
бастамас
бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру
жаттығуына шақырамын. (көңілді әуен қосылып, түрлі жаттығу қимылдары
жасалады)
Жүргізуші:Құрметті сайыскерлер сайыс шарттарымен таныс
болыңыздар:
І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп жүру»
ІІІ. Кезең. «Паравоз сайысы»
ІҮ. Кезең. «Арқан тартыс»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды
бастаймыз.
І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген конусты айналып, кері қарай тап солай
тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші
болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп жүру»
Шарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген
конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі
ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып
есептелінеді. Бағалау.
ІІІ. Кезең. «Паравоз сайысы»
Шарты: балалар паравоз болып жүріп, конусты сапты бұзбай айналып
жүріп келеді.Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып
бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
ІҮ. Кезең. «Арқан тартыс»
Шарты: балалар екі жақтан арқан тартысады.Бағалау.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары
бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін
сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып,
спортты серік етейік достар!
«Бекітемін»
Мектеп директоры: О.Маханбетов

Тәрбиеші: Бердақ Дәмелі
«Балапан»
тобы

«Еркетай» шағын орталығы
2018-2019 оқу жылы