жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көңілді старт
Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп
«Спорттық көңілді ойындар»
6 сыныптар
Жауаптылар: Келманов Т.Б.
Бахбергенов М.А.
Кәдірбекұлы А.
Қызылорда қаласы
«Бекітемін»
Директордың тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары
______________Н.Омарбеков
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіндегі
«Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты спорттық сайысының өткізілуі жайлы
Е р е ж е с і
Ойын шарты
Жарыс 09 ақпан 2019 жылы мектептің спорт залында өткізіледі. Сағат 1100-де
Спортшылар спроттық киіммен қатысуы міндетті.
Жарыстарға жетекшілік ету және қазылық ету дене шынықтыру мұғалімдеріне және директордың тәрбие ісі-жөніндегі меңгерушісіне жүктеледі. Әр тур ұпайлық жүйеде бағаланады
Мақсаты:
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 6“A”, 6“Б”,6 “В”, 6 “Г”, 6 “Д”, сыныптарының оқушылары арасында өткізілетін «Спорттық көңілді ойындар»
1. Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Дене шынықтыру мен белсенді дем алуды ұйымдастыруда қозғалыс ойындарының әсерін оқушылар санасына жеткізе білу.
Қолданылатын материалдар:
Доптар, ,шығыршық, арқан, жалаушалар,кегли,эстафета таяқшасы.
Команда құрамы:
Жарысқа 4 команда қатысады. Әр команда 5 ойыншыдан құралады.
Жоспар:
1. Эстафета таяқшасын алып жүгіру
2. Шығыршықпен тасы
3 Әтештер қақтығысы.
4. Кім жылдам ойыны
5. Асық ату ойыны
6. Арқан тартыс сайысы
7. Қорытынды, әділ-қазыларға сөз беріледі.
8. Жеңімпазды марапаттау
Ойынның барысы:
I. Эстафета таяқшасын алып жүгіру
Әр топ ойыншыларытөрешінің белгісі бойынша кедергінің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
II.Шығыршықпен тасы
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып,кейін қайтады.Соңғы ойыншыны апарып,барлығын бірдей алып келеді.
III. Әтештер қақтығысы.
Ойынға дайындық: Диаметрі 4-5 м шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына екі топ ойыншылары орналасады. Ойын жүргізушінің нұсқауымен әр командадан бір-бір ойыншы шеңбердің ішіне кіреді.
Ойынның мазмұны: Ортаға шыққан ойыншылар жүргізушінің белгісінен кейін оң аяқтарын оң қолдарымен көтеріп ұстайды да, сол аяқтарымен секіре жүріп, иықтарымен қақтығыса бастайды. Қарсыластар бір-бірін шеңберден шығаруы керек. Қарсыласын шеңберден шығарған ойыншы өз тобына ұпай әкеледі.
Ойын ережелері:
1. Екі ойыншының бірі қарсыласын шеңберден шығарып жіберуі керек.
2. Ойыншы ұстаған аяғын жіберіп қойса, ол жеңілген болып есептеледі.
3. Қақтығысу барысында қолмен итеруге болмайды, бос қол артта тұрады.
IV. Кім жылдам ойыны
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып. Қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.
V. Асық ату ойыны
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған қай топтың ойыншылары асықты құлатып, шеңберден шығарса сол топ көп ұпай жинап жеңіп шығады
VI. Арқан тартыс сайысы.
Өтетін орын, қажетті құралдар: Спортзал, ұзындығы 6-8 м болатын арқан.
Ойынға дайындық: Арқан тура ортасы алаңның дәл ортасында сызылған сызыққа қойылады. Арқанның дәл ортасына өзге түспен жіп байланады. Алаңның ортасындағы сызыққа екі жақтан параллель екі сызық сызылады.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін ойыншылар арқанды жерден алады. Жетекші ысқырық белгі берген соң екі команданың бірі қарсыластарын толық өз алаңдарына тартып алуға тиіс. Тартыс үш рет жалғасады.
Ойын ережелері:
1. Тартыс тек белгі берілген соң басталады.
2. Егер команданың бірі екі рет қатарынан белгі берілмей тұрып, ойынды бастап жіберсе жеңіліске ұшырайды.
3. Қарсылас топты өз алаңына толық тартып алулары қажет.
VII. Қазылар алқасы ойынның қорытындысын шығарады.
Бір ұпай жеңілгені үшін, екі ұпай тең ойын үшін, үш ұпай жеңіске жеткені үшін беріледі.
VIII. Жеңімпазды марапаттау.
Жеңіске жеткен команда мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталады. Ойынға қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтары беріледі.
Хаттама
Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің
6 сыныптары арасындағы эстафета жарысының өткізілуі.
9.02.2019 ж Спорттың бұқаралық сипатын арттыруға,мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалім Келманов Т, Бахбергенов М, Кәдірбекұлы А,
ұйымдастыруымен 6 - сыныптарының оқушылары арасында эстафета жарысы болып өтті.
Жарыс басталуына дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі Келманов Талғат,Омарбеков Нұралы сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарыста төмендегі сыныптар өздерінің жақсы нәтежесімен көзге түсті.
Орыны |
Сынып |
1 орын |
6«Г» сыныбы |
2 орын |
6«Б» сыныбы |
3 орын |
6«В» сыныбы |
Үздік көрсеткіш көрсеткен оқушыларды мектеп басшылары мақтау қағаздарымен марапаттады.
Жарыс барысында кейбір оқушылардың дайындығын арттыру керектігі ескертілді.
«Бекітемін»
Директордың тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары
______________Н.Омарбеков
Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 4-сыныптары арасындағы
спорттық көңілді ойындар жарысының өткізілуі жайлы
Е р е ж е с і
Ойын шарты
Жарыс 30 қазан 2018 жылы мектептің спорт залында өткізіледі. Сағат 1000-де
Спортшылар спроттық киіммен қатысуы міндетті.
Жарыстарға жетекшілік ету және қазылық ету дене шынықтыру мұғалімдеріне және директордың тәрбие ісі-жөніндегі меңгерушісіне жүктеледі. Әр тур 3 ұпайлық жүйеде бағаланады
Мақсаты:
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің 4 “A”, 4“Б”,4 “В”, 4 “Г” сыныптарының оқушылары арасында өткізілетін «Спорттық көңілді ойындар»
1. Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Дене шынықтыру мен белсенді дем алуды ұйымдастыруда қозғалыс ойындарының әсерін оқушылар санасына жеткізе білу.
Қолданылатын материалдар:
Доптар, скакалка, арқан, қаптар, жалаушалар,кегли,эстафета таяқшасы.
Команда құрамы:
Жарысқа 4 команда қатысады. Әр команда 5 ойыншыдан құралады.
Жоспар:
1. Команданың шығуы, өзін таныстыруы.
2. Әділ-қазылармен таныстыру.
3. Баскетбол себетіне гол салу.
4. Арқан тартыс.
5. Қаппен секіру.
6. Әтештер қақтығысы.
7. Капитандар сайысы.
8. Аралас эстафета
9. Қорытынды, әділ-қазыларға сөз беріледі.
10. Жеңімпазды марапаттау
Ойынның барысы:
I. Баскетбол себетіне гол салу.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спортзал, 2 доп.
Ойынға дайындық: Ойынға қатысушы екі топтың алдынан сөре сызығы сызылады. Топ басында капитандар тұрады. Қалған ойыншылар капитанының артында қатарлана тұрады. Команда капитандарына бір-бірден доп беріледі.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергеннен кейін команданың басында тұрған ойыншы допты еденге соға отырып, баскетбол себетіне барып, гол салады. Жерге түскен допты қолға алып, артқа жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншы допты қабылдап,ойынды жалғастырады.
Ойын ережелері:
1. Ойынды тек белгі берілгеннен кейін ғана бастауға болады.
2. Допты қабылдамай тұрып ойыншыға сызықтан шығуға болмайды.
3. Бірінші болып мәреге жеткен және көп гол салған команда жеңіске жетеді.
II. Арқан тартыс.
Өтетін орын, қажетті құралдар: Спортзал, ұзындығы 6-8 м болатын арқан.
Ойынға дайындық: Арқан тура ортасы алаңның дәл ортасында сызылған сызыққа қойылады. Арқанның дәл ортасына өзге түспен жіп байланады. Алаңның ортасындағы сызыққа екі жақтан параллель екі сызық сызылады.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін ойыншылар арқанды жерден алады. Жетекші ысқырық белгі берген соң екі команданың бірі қарсыластарын толық өз алаңдарына тартып алуға тиіс. Тартыс үш рет жалғасады.
Ойын ережелері:
1. Тартыс тек белгі берілген соң басталады.
2. Егер команданың бірі екі рет қатарынан белгі берілмей тұрып, ойынды бастап жіберсе жеңіліске ұшырайды.
3. Қарсылас топты өз алаңына толық тартып алулары қажет.
III. Әтештер қақтығысы.
Ойынға дайындық: Диаметрі 4-5 м шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына екі топ ойыншылары орналасады. Ойын жүргізушінің нұсқауымен әр командадан бір-бір ойыншы шеңбердің ішіне кіреді.
Ойынның мазмұны: Ортаға шыққан ойыншылар жүргізушінің белгісінен кейін оң аяқтарын оң қолдарымен көтеріп ұстайды да, сол аяқтарымен секіре жүріп, иықтарымен қақтығыса бастайды. Қарсыластар бір-бірін шеңберден шығаруы керек. Қарсыласын шеңберден шығарған ойыншы өз тобына ұпай әкеледі.
Ойын ережелері:
1. Екі ойыншының бірі қарсыласын шеңберден шығарып жіберуі керек.
2. Ойыншы ұстаған аяғын жіберіп қойса, ол жеңілген болып есептеледі.
3. Қақтығысу барысында қолмен итеруге болмайды, бос қол артта тұрады.
IV. Капитандар сайысы.
Өтетін орын, қажетті құралдар: Спортзал, 6 доп.
Тапсырма: Спортзалдың дәл ортасындағы сызыққа екі топ капитаны бір-біріне арқасын тірей тұрады. Жетекшінің белгісінен кейін әр капитан өздеріне бекітілген баскетбол қалқанына қарай жүгіріп барады. (ол жерде 3 доптан болады). Капитандар доптарды себетке лақтырып гол салады. Содан соң жүгіріп бастапқы қалыпқа келеді. Мәреге бірінші жеткен және көп гол салған капитанның командасы жеңіске жетеді.
V. Аралас эстафета.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спортзал, 2 жалауша, 2 ұзын орындық, 2 гимнастикалық төсеніш, 2 секіртпе, 2 баскетбол добы.
Командалар алдынан сөре сызығы сызылады.
1-кезең.
Жетекші белгі берген соң қолында жалаушасы бар ойыншы жүгіріп барып қарсы қабырғаға қолын тигізіп, бастапқы қалыпқа қайтып келеді де, жалаушаны келесі ойыншыға береді.
2-кезең.
Ойыншы ұзын орындықтың үстімен қос аяқпен секіре отырып, қолын қабырғаға тигізіп бастапқы қалыпқа қайтып келеді. Келесі ойыншы ойынды осылай жалғастырады.
3-кезең.
Ойыншы гимнастикалық төсенішке дейін жүгіріп барып, төсеніште алға қарай бір айналып, қабырғаға қолын тигізіп, бастапқы қалыпқа қайтып келеді. Ойын осы әдіспен жалғаса береді.
4-кезең.
Ойыншы секіртпемен секіріп барып, қабырғаға қолын тигізіп, бастапқы қалыпқа оралады. Ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
5-кезең.
Екі команда ойыншылары допты жерге соға отырып,қабырғаға тигізіп, бастапқы қалыпқа оралады. Допты қабылдап алған ойыншы ойынды осы бағытпен жалғастыра береді.
6-кезең.
Команда капитандары допты еденге соға отырып, баскетбол қалқанына жеткен соң допты себетке лақтырады. 2 голды бірінші болып салған капитанның командасы жеңіске жетеді.
IX. Қазылар алқасы ойынның қорытындысын шығарады.
Бір ұпай жеңілгені үшін, екі ұпай тең ойын үшін, үш ұпай жеңіске жеткені үшін беріледі.
Х. Жеңімпазды марапаттау.
Жеңіске жеткен команда мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталады. Ойынға қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтары беріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген