400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді старт

Материал туралы қысқаша түсінік
материал дене шынықтыру мұғалімдеріне қажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Көңілді старт
Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
1 Жүргізуші
Құрметті оқушылар! Бүгінгі «
Көңілді старт» спорттық жарысымызға қош келдіңдер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін

4б сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.!
Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «допты ойын»
2. «Толағай»
3. «Тасымақ»
4. Капитандар сайысы
5. «Шегірткелер»
1. Жүргізуші
Денсаулық - шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
1. «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Толағай» ойыны деп аталады.
Шарты: толағай добымен секіріп, орындықты айналып, қайта орына келу. (жылдамдықта)
Олай болса балалар сендерге сәттілік!
Бір, екі, үш дайындал, алға!
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
3. Келесі ойынымыз «Тасымақ» деп аталады.
Шарты: бір оқушы доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек - кезек жерге соғып тақтайшаға жеткенде көздері байлаулы қалпында сурет салу керек. Келесі оқушы осы суретті жалғастыру керек.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты:
Екі топтың капитандары секіртпемен секіріп келіп,орындықта жатқан жұмбақтардың шешімдерін жазады.
2 Жүргізуші
5. келесі ойынымыз «Шегіртекелер»
Шарты: Бір оқушы
қаз сияқты жүріп барып, математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі «
Көңілді старт» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Келіп қатысқандарын үшін көп рахмет.


















Волгодонов орта мектебі









Тақырыбы: Көңілді старт










Сыныбы:4б

Сынып жетекшісі: Байманова Г.С











2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі