400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көңілді старт "Ал кіне,қыздар!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру, сымбатты болу,салауатты өмір салтын сүру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

Дене пәні мұғалімі :

Иманбаева Қаламқас Абатовна


Сыныптан тыс шара көңілді старт ойыны:

«Ал кәне,қыздар!!!


Шараның мақсаты: Оқушыларды үнемі спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын сақтауға бейімдеу.


Мақсаттары:

-жаңа ойын түрлерін енгізу;

- ойынға белсене қатысу;

- қыз балаларды ойын тәртібіне бағынуға шақыру;

- ептілікке,жылдамдыққа,икемділікке,шыдамдылыққа сұлулыққа тәрбиелеу;

Құрал-жабдықтар:музыкалық центр,микрофон.


Жүру тәртібі:


Жүргізуші:

-Қайырлы күн оқушылар және көрермендер! Біз сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгін біз сендермен « Ал кәне,қыздар!»Қай топ ең мықты,шапшаң,спортқа жақын екенін көрейік.Ал енді біздің әсем ,сымбатты ойыншыларымызды қарсы алайық!

Әуенмен қатысушылар келеді.Әр топта 5қыздан.

Жүргізуші:

Міне біздің сүйкімді ойыншыларымыз.Сендерге Әділ қазылар алқасын таныстырайық.

1

2

3

Алғашқы ойынымызды бастайық.

Топ мүшелері өздерін таныстырады,топ атын,төс белгілерін.Қазылар алқасы бағалайды.

Жүргізуші:

2-сайысымыз: «Әдемі жүріс»

Қыздарға бір -бір кітаптан беріледі. Кітапты басына қойып жыланның жүрісі сияқты әдемі жүріп өту керек .Берілген қашықта жүріп отырып кері жүріп қайту

керек.Эстафетаны келесі қызға береді.Бірінші болып келген топ басындағы кітапты аз түсіріп алған топ жеңеді.

Жүргізуші:

Қазылар алқасы ұпайларын бергенше келесі сайысымызға көшейік.

«Қолдың ептілігі»ойыны.

Әрбір ойыншының қолына қасық беріледі.Шелектегі судан қасықпен алып қашықтықта жүріп барып стаканға құю керек.Кім стаканды тез ,әрі шапшаң толтырады жеңіс солардікі.

Қазылар алқасы сызғышпен стакандағы суды өлшейді.

Дайынбыз ба? Ал бастайық!

Жүргізуші

Жарайсыңдар!!! Ал енді келесі сайысымызға кезек берейік.

« Әдемі мүсін »

Жүгіретін жолда 4 обруч жатады.Ойыншы жатқан обручты мойнынан бір-бірлеп киіп финишке жүгіріп барып,4 обручты белінде айналдырып жерге қойып,қайтарда жүгіріп келеді.Бірінші ақтаған топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Топтық сайыс

Ал қазір қыздар әр топқа бірдей заттар ,киімдер беріледі..Бір қызды таңдап киіндіресіңдер.

Қай топ әдемі,үйлесімді қылып киіндірді,сол киім үлгісіне қарай тақпақ,немесе би,ән орындайды.Киім үлгісін қорғайды.



Жүргізуші:

Соңғы сайысымызға да келіп жеттік.Кез келген қыздар гүлді жақсы көреді солай емес пе?

Келесі сайыс « Әдемі гүл шоқтары»

Залда неше түрлі гүл сабақтары жатыр.Сендер оны жинап алып әдемі гүл шоғын жасауларың керек.Қай топтың гүл шоғы әдемі сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:


Сонымен Қазылар алқасы ұпай санын есептегенше көрермендерге әуенді сыйлық!


Сөз кезегін Әділ қазыларға берейік.

Жеңіске жеткен топтарды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі