Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Көңілді старт" спорттық ойындар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көңілді старт" спорттық ойындар сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік-мекемесі

















«Көңілді старт» спорттық ойындар сайысы

Сыныптар: 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», 8 «А», 8 «Ә»

Ұйымдастырушылар: Кемелова Ә.С.

Темірғали З.Е.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Керімбеков Т.Ж., Қасымжанов Ж.С.






















Балпық би ауылы, 2020жыл

Күні: 03.02.2020ж.

Сыныптар: 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», 8 «А», 8 «Ә».

Тақырыбы: «Көңілді старт».

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Түрі: Спорттық ойындар жарысы.

Өту орны: спорт зал.

Көрнекілігі: шарлар, доптар, кедергілер,


БАРЫСЫ


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қатысушылар мен олардың жанкүйерлері! Бүгінгі «Көңілді старт» спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын, борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі «Көңілді старт» спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер!

(Ортаға 7, 8 сыныптар оқушылары спорттық бимен шығады.)


2-жүргізуші: Әр таңды бақытпенен аттырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Көңілді стартқа» қатысатын
Командаларды шақырамыз.


1-жүргізуші: Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Таныстыру (Үй тапсырмасы: топтың аты, эмблема, топ ұраны, мүшелерін таныстыру, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету).


2-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

демекші, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда мектептің рөлі зор.


1-жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!

деп бүгінгі спорттық жарыстың әділ-қазы алқаларымен таныс болайық:

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мейірбекова Гүлнәр Тағайқызы және Құсманова Гүлбақыт Алқайдарқызы.

  2. Педагог-ұйымдастырушы – Жұмабек Аниэль Абайқызы.

  3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі – Темірбеков Дидар Айтқұрманұлы.


2-жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған командалар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

Олар: І кезең: «Жапырақтарды жина» сайысы.

ІІ кезең: «Пингвин» сайысы.

ІІІ кезең: «Арқан тарту» сайысы.

ІV кезең: «Іздермен өту» сайысы.

V кезең: «Баскетбол торына доп лақтыру» сайысы.

VI кезең: «Суреттегі бейнелерді табу» сайысы.


1-жүргізуші: Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық. І кезең. «Жапырақтарды жина» кезеңінде әр команда мүшелері кезекпен бір-бірден жүгіріп, кедергілерден доп алып өтіп бір жапырақтан алып өз командасының қоржынына салады. Бұл ойынға 5 минут уақыт беріледі. Жинаған әр жапыраққа 10 ұпайдан беріледі.

І кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.


2-жүргізуші: ІІ кезең. «Пингвин» сайысында топ мүшелері кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді. Келесі ойыншы жалғастырады. 1, 2, 3, 4 және 5 болып келгеніне байланысты жеңімпаз топ анықталады.

ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.


1-жүргізуші: ІІІ кезең: «Арқан тарту» сайысы.

IІІ кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.


2-жүргізуші: ІV кезең. «Іздермен өту» сайысы. Әр командаға екі ізден беріледі. Еденге баспай, ізден шығып кетпей, қойылған кеглиді айналып, қайта орындарыңызға келесіздер. Мәре сызығына жету реті бойынша орындар беріледі.

ІV кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.


1-жүргізуші: V кезең. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу).

V кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.


2-жүргізуші: VI кезең: «Суреттегі бейнелерді табу» сайысы. Бұл сайыста команда капитандарына сурет көрсетіледі. капитандар дыбыссыз, қимыл-қозғалыспен осы суреттердегі бейнелерді топқа жеткізу керек. Топ мүшелері тапқан жағдайда 10 ұпай беріледі.

кезеңнің қорытындысы бойынша әділ-қазы алқаларына сөз берейік.

Picture 4 Picture 7 Picture 20

Picture 1

1-жүргізуші:Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады,

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ-қазы алқаларына беріледі.


2-жүргізуші: Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмарғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген

дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Көңілді старт» спорттық ойындар жарысына қатысқандарыңыз үшін әрбір командаға, алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

«Спорт» әні орындалады.









Picture 4





Picture 7



Picture 20

















Picture 3





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
1211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12