Материалдар / "Көңілді старт" спорттық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көңілді старт" спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңілді старт спорттық сайысы балабақша бүлдіршіндеріне арналған. дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған дайын сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
937
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Көңілді старт»


спорттық жарыстың жоспары













Өткізген: Ж.Ж.Дюсекеев














2015 – 2016 оқу жыл




Тақырыбы: «Көңілді старт»

Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: спорт залы

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.


«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

Т.Карлейль


Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!


Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Бала-бақша меңгерушісі- Г.Т.Жантасова

  2. Бала-бақша әдіскері – Ж.Ж.Ахмедиярова


Тәрбиешілер отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,


«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын тәрбиешілерді бүгінгі

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.


Ортаға сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:


1 топ «Жігер»

2 топ «Тарлан»


Екі топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.


Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 8 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.


Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 8 турдан тұрады.

Олар:

  1. Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)

  2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

  3. Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару

  4. Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)

  5. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)

  6. Кім шапшаң картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)

  7. Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)

  8. Ойлан тап, сиқырлы сандық. (үш сандық қойылады, соның ішіндегісін табу керек.)


Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.


Құттықтау.


Жеңіске жеткен командаларды марапаттау

.













































О йын түрлері.


  1. Эстафеталық жарыс.


  1. Аспаз ойыны.


  1. Баскетбол торына доп лақтыру.


  1. Калькулятор ойыны.


  1. Кенгуру.


  1. Капитандар сайысы белдегі шығыршық.


  1. Кім шапшаң картоп отырғызу.


  1. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.


  1. Қиын жолдан өту.


  1. Ойлан тап, сиқырлы сандық.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!