400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді театр

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге театр түрлерімен балаларды таныстыруға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орынғазиева Жадыра Орынғазықызы

Павлодар облысы Павлодар қаласы

№48 санаторлық сәбилер

бала бақшасының тәрбиешісі


«Көңілді театр»


Мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен дамыту барысындағы мақсаттарды шешуде театр әрекеті ерекше рөл атқарады.

Театр әр балаға қуаныш ұмтылыс әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады және еркіндікке үйретеді сонымен қатар балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамытудың бірде бір жолы болып табылады.Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Театр ойындары  арқылы  көрсетілетін әр-түрлі  рөлдер,іс-әрекеттер, қимыл- қозғалыстар балалардың бойына достық, адалдық, батылдық, қамқорлық, жанашырлық  қасиеттерін  тәрбиелеуге  үйретеді және өмірді тек ақылмен  ғана емес, жүрекпен де тани білуге  үйретеді.  Әр рөлге кіру арқылы бала қызығады. Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылығын арттырады және олардың тілдерін байытады.

Театр түрлері:

  • Қуыршақ театры

  • Көлеңке театры

  • Саусақ театры

  • Қолғап театры

  • Үстел-үсті театры

  • Қасық театры

  • Бүрме театры

  • Фланеграф театры

  • Марианетка театры және т.б балалармен шығарма барысында қосылады.

Ертегілер түрлері:

  • Қазақ халық ертегілері:

  • Орыс халық ертегілері:

  • Әлем халық ертегілері:

Кейіпкерлердің  іс-әрекеттеріне  қарай берілетін  ертегілердің мазмұны  әсерлі  көңіл-күйді білдіре  отырып, сезіне  білуге  үйретеді. Мектепке   дейінгі жас балалардың  қабілеттілігін, бейімділігін  және бала тілінің  дамуына  өте оңтайлы  кезең сондай-ақ балалардың  театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар  шығармашылығын  және  білім  алудың   жаңа  қабілеттері  мен дағдыларды  үйренуге  жағдай жасаумен  қатар, балаға  өмірде  өзінің  тиісті  орнын  табуға  көмектеседі, өзін - өзі  көрсете  білуге ықпал жасайды.Балалар рөлге кіру арқылы ертегіні тез бойына сіңіреді.

Қазақ халық ертегілері:

«Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен жаман», «Жігіт пен мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Ақсақ құлан» (аңыз), «Болашақ батыр» (өсиет).

Орыс халық ертегілері:

«Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ», «Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Аленушка мен Иванушка», «Түлкі мен қоян», «Шаруа пен аю», «Шортанның бұйрығымен».

Әлем халық ертегілері:

«Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Айога» (нанай халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Пых» (белорусь халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі), «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі), «Екі сараң аю» (венгр халық ертегісі), «Асығам деп, күлкіге қаласың» (поляк халық ертегісі), «Ескі әмиян» (латыш халық ертегісі), Ш. Перро «Перінің сыйлығы» туралы ертегілерді тыңдап,оны мазмұндай білуі керек.

Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Үстел үстіндегі театры - сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар, таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»,«магнит театры», «мачалка театр», үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе ілгекпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады) ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).

Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Қасық театрында-ең қарапайымды, балалардың қолы жететін театр түрі.Оны көбінесе қасықтардың бас жағына кейіпкерлердің суреттері салынады.Балалар қасықтарды қолдарымен ұстап,қасықты қимылдату арқылы ертегіні көрсетеді. Қасықтардың қимыл-қозғалыс қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Қуыршақ театрында-қуыршақ театры ол қуыршақтар пласмассадан,қатты қағаздан,фанерадан, резинадан және қолдан тоқуға,мата бөлшектерінен тігуге, поролоннан жасап ертегікейіпкерлері бойынша топтастырылады. Бұл театр түрін үстел үстінде, кілемнің үстінде жатып ойнауға болады.Негізгі тірегі ылғида цилиндр, куб, пирамида болады.Баланың тілі дамып,ертегіге деген қызығушылығы оянады.Балалар өздері рөлге кіріп ойнайды.

Марианетка театры-марианетка театрында қуыршақтар ағаштан, пластмассадан, панерадан жасауға болады. Олардың дене мүшелері бөлек-бөлек болады.Оны қосып тұратын қозғалмалы жіптер,саусақ арасына жіпті кигізіп алып қозғалта ойнайды.Онда балалар ертегіні мазмұндайды,қол моторикасын дамытады.Қуыршақ ойнатушы әртіс көрермендердің алдында ойнайды. Марианетка театрында бірнеше бала ойнай алады.

Фланегарф театры- фланеграф театрының сахнасын ағаштан немесе қалың картоннан жасауға болады.Сыртын фланеграфпен қаптап,кейіпкерлерді бөлек қиып алып оны да фланеграфпен қапталуы керек. Сызығы бойынша қиылған (ертегікейіпкерлері, декорациялар) ертегі кезеңі бойынша фланелеграфқа салынады. Бала ертегіні мазмұндай отырып кейіпкерлерді сахнаға ретімен жабыстырып отырады.Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады және ой өрістерін дамытады.Ол баланын көңіл күйін көтереді.

Бүрме театры- ақ материалдан жасалынады. Ақ материалға кейіпкерлердің барлығының суреті салынады.Бала салынып тұрған суретке тек басын кіргізіп тұрады.Бұл театрда жүргізуші болады. Жүргізуші ертегінің мазмұнын ретімен айтып отырады.Кейіпкерлер өз рөлдерін ойнайды.Бүрме театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы арттады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады.

Қолғап театры-кейіпкерлердің бейнесі бейнеленген қолғап арқылы балалар ертегіні мазмұндап рөлге кіре алады.Қолғапты қолына киіп алып ертегіні сахналайды.Қолғап театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы ашылып,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Қолғапты киіп ойнау арқылы бала қуанады,шаттанады,сөз айтуға тырысады және ертегіні мазмұндай отыра есіне тез сақтайды.





Түсінік хат

Театр өнер түрлерінің балалар үшін оңай және тиімдісі, ол қазіргі заман педагогикасы мен психологиясының көкейтесті мәселелерін шешуге жағдай жасайды.

Театр баланың рухани және шығармашылық потенциалын ашады және әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Театр балаларға қуаныш пен шаттық әкеледі, көңіл-күйлерін көтереді. бірақ қойылымды ермек ретінде қарауға болмайды.

Мектепте психологиялық адаптация кезінде балалардың 67-69%

Қорқыныш,үрей, тежеу, ал кейбіреулерінде керісінше абыржу пайда болады.

Балалардың көбінде тәртіп дағдылары болмайды,зейін мен есте сақтау қабілеттері жеткілікті дамымаған болады.

Театр әрекеті тәртіптің әлеуметтік дағдылары бойынша тәжірибені адамгершілікті насихаттайтын ертегілер мен әдеби шығармалар арқылы қалыптастырады. Ертегінің арқасында бала әлемді ойымен ғана емес жүрегімен таниды, танып-ақ қоймай өзінің жақсы мен жамандыққа көзқарасын білдіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі