400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді топ

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға ашық сабақ өтуге көмегі бар материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық сабақ


Күні: 15.10.16 ж.

Тобы: «Бауырсақ» ІІ-кіші топ

Пән мұғалімі: Гайбуллаев Ш.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Көңілді топ»

Сабақтың мақсаты: 

1. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

2. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3. Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту;

Қолданылатын құрал-жабдықтар:  Гимнастикалық орындық, шаршылар (биіктігі 15 см). доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап, эстафета таяқшасы.

Өтетін орны: спорт алаңы

















Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)

2.Эстафеталық ойындар

3.Қорытындылау


І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

2.Ортаға командалар шығады. Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Әнұран орындалады.

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:


ІІ. Жарыстың шарты.

1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

2.«Секіртпемен жүгіру»

Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

3.«Шығыршық тасы»

Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып,кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.


Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

4.«Кім жылдам?»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

5.«Жұптасқан ұстаушылар»

Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.

6.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

7.«Арқан тарту»

Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.

-Жай жүру, белгі бойынша алға-артқа жылжи жүру;

Сап-тізбекте қатарға тұру және кері жүру; сап-тізбекте қосарланып, тізені жоғары көтере және қолды сермей жүру. Біздің балалар аяқты жұмыла көтеріп, көтеріңкі көңілмен адымдайды.

«Көңілді әткеншек»- аяқтарын тырпылдатпай, бір-бірінен озбай, белгі бойынша тоқтап, тапсырманы орындай жеңіл жүгіру. Сап-тізбекте қатарға тұру және керсінше сап-тізбекке тұру.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

Қимылды ойын: «Көпірден еңбектеп өту»

Қимыл-қозғалыста аз ойын: «Тауып ал».



Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.







Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
















Ойынға жаппай

қатысады.


Рефлекстік –түзету

ІІІ. Қорытындылау.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.


Ойынға жаппай

қатысады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: гимнастикалық орындық үстімен қолға арналған қосымша тапсырманы орындай жүруді; тереңдікке секіруді (15 см биіктіктен).

Түсінеді: жаттығулардың маңызын.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі