«Көңілім әнді ұғады»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілім әнді ұғады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңілім әнді ұғады»


Мақсаты:Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.


Сайыстың барысы:

1-жүргізуші: Дана Абайды

Қазақтың ақылына балаймын!

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар-қазағы бар Абайдың!


2-жүргізуші: Арлы Абайды

Қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!


2-жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы-мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап келеді.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және Абай атамыздың әндері мен күйлерін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгінгі «Көңілім әнді ұғады» атты мектепішілік Абай әндері мен күйлерін орындаушылар байқауына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

4.


1-жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,

Енді бүгінгі мектепішілік Абай әндері мен күйлерін орындаушылар байқауына келген талантты күйшілер мен күміскөмей әншілерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.


2-жүргізуші: (Абай өмірбаянынан қысқаша мәліметтер оқып береді)

1-жүргізуші: Ендігі кезекте Абай атамыз жайлы қысқаша бейнефильмге назар аударайық.


2-жүргізуші:

Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 2 номинация бойынша өтіледі.

1 Абай әндерін орындау номинациясы

2 Абай күйлерін орындау номинациясы


1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Тлеубаева Жадыра Жұмабайқызына береміз.


1-жүргізуші: Сонымен сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.



1-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй. – дей келе Абай күйлерін орындау номинациясы бойынша ортаға бірінші

Сайыскерлеріміз:

1

2.

3.


1-жүргізуші: Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып. – дей келе екінші номинация бойынша Абай әндерін орындау сайысын бастаймыз.

1.

2.

3.



2-жүргізуші: Осымен Мектепішілік Абай оқулары өз мәресіне де келіп жетті. Сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:




2-жүргізуші:Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ бүгін көтереді көгіне.,

Халық үшін қан жылаған ақынын.


1-жүргізуші: «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға берген еді. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін, әндерін, күйлерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс. Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай атамыздың 175 жылдығына арналған «Көңілім әнді ұғады» атты мектепішілік Абай әндері мен күйлерін орындаушылар байқауымыз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Сау саламатта болайық, Рахмет баршанызға!

«Көзімнің қарасы» әнін барлығы орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2020
1129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі