жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
конспект Тіл дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
«Балбөбек» 2- сәбилер тобы
Күні: 10.12.18
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қазақстан - туған жерім!
Мақсаты: 1. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
2. Еліміздің Елбасымен және мемлекеттік рәміздерімен таныстыру .
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Елбасының портреті, мемлекеттік рәміздер, Әнұран жазылған үнтаспа,қазақ киімін киген қуыршақ.
Үш тілдік компонент:Туған жер – Родина, Әнұран – Гимн, Ту - Флаг
|
Іс-әрекет кезені |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру іздестіру Рефлексивті түзетушілік |
Есікті біреу тоқылдатады. -Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді. Қуыршақ: - Сәлеметсіңдер ме балалар! -Балалар, сендерде бүгін қызық сабақ болатынын естіп, сендерге қонаққа келдім. Менің атым Айсулу -Балалар, Айсулудын көйлегі қандай? -Иә, бұл қазақтың ұлттық киімі -Басында не киген? -Оны сәукеле деп атайды -Қуыршақ келді -Сәлеметсіңбе қуыршақ! Хор: Әнұран.(Балаларға әнұранды айтқанда қалай тұру керектігін көрсету) -Балалар, мен сендерге сұрақтар қоямын сендер тыңдап «МЕН» деп жауап беріңдер, жарай ма? -Алтын сәулені сүйетін кім? -Ата-ананы сүйетін кім? -Досын сүйетін кім? -Болашағы елімнің кім? -Балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасы біздің Отанымыз. Қазақстан Республикасында көптеген қалалар бар. - Біздің бас қаламыз – АСТАНА! (Балаларға Бәйтеректі және тағы басқа Астана қаласының ғимараттарының суреттерін көрсету) -Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев атамыз! ( президенттің порттретін көрсету) -Қане, қайталап айтайықшы Біздің Отанымыздың рәміздері де бар. (Сурет арқылы көрсету) Олар: Қазақстан Республикасының ТУЫ Сергіту сәті: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, Екпіндеген қыран құсты үні бар. Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай, Қазағымның желбіреген туы бар! Тағы балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және Әнұраны бар. Осылардың барлығы рәміздер деп аталады. -Балалар, біздің ұлтымыз – қазақ . Біз қай тілінде сөйлейміз? Біздің Отанымызда көп ұлт өкілдері тұрады, қане соларды атап шығайықшы: Орыстар,өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер. Әр түрлі көп ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. - Балалар, біздің Отанымыз көркейіп,гүлденуі үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. Балалар ережеге сай әнұранды орындайд -Қазақ тілінде сөйлейміз -Балалар, Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Айсұлу,ал саған ше? -Қане айтыңдаршы, Отан деген не -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Біздің бас қаламыз қай қала? -Президентіміз кім? -Еліміздің рәміздерін атап беріңдерші -Біздің ұлтымыз қалай аталады? -Біз қай тілде сөйлейміз? -Өте жақсы балалар,осының бәрін ұмытпай естеріңде сақтап жүріңдер! Осымен сабағымыз аяқталды. Қуыршақ Айсұлумен қоштасу - -Біздің туып өскен жеріміз. -Қазақстан Республикасы.. |
қуанады амандасады
Балалардың жауабы Мен Мен Мен мен Балалар,қолдарына ту алып, қолдарын көтеріп,ән ырғағымен қозғалады Балалар зейін салып тыңдайды Балалар суреттерге қызыға қарайды Балалар,бірге қайталайды Әр баланың қолына ту ұстату Маған да ұнады,өзімнің Отаным тұралы көп нәрсе білдім. Астана! -Нұрсұлтан Назарбаев атамыз -Ту, Елтаңба, Әнұран. -Ұлтымыз қазақ! -қазақ тілінде Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қазақстан Республикасының Президентін, рәміздерін, өз ұлтын т.б
Қандай түсініктерді игерді: Еліміздің көркеюі үшін көп еңбектенуіміз керек екенін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз елінің патриоты болуын, басқа ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру керектігін меңгерді
Тәрбиеші: Садыкова А.С.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
конспектісі
«Балбөбек» 2 сәбилер тобы 10.12.2018
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Қолғап
Мақсаты:Бұрын алған білімдерді пайдалана отырып,әртүрлі пішінді заттарды безендіруді үйрету.Шығармашылық әлеуметті қалыптастыру.Қолдың ұсақ қол моторикасын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Үштілдік компонент: қолғап-рукавичка
Аймақтық компонент:
Керекті құралдар: демонстрациялық материалдар,үлгі жұмыс ,сурет дәптерлері,бояу,қылқалам,сүрткіш,құты..
Сөздік жұмыс: қолғап
|
Іс-әрекет кезені |
Тәрбиешініңіс -әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру іздестіру Рефлексивті түзетушілік |
Педагог балаларды «Қолғап» ертегісімен таныстырады. Сұрақ қоя отырып әңгімеге тартады. Педагог балаларға қолғапты көрсетеді,осы заттың аты қалай? -Осы қолғапты ата жоғалтып алыпты,оның ішіне не кіріп алыпты? Балалар кейіпкерлерді атай отырып,көрсетеді Осы кейіпкерлердің барлығы үйсіз қалды. Біз оларға үй салып берейік,яғни қолғап . Педагог қолғаптың суретін көрсетеді. Сөздік жұмысын жүргізеді. Қолғаптың екі үлкен және кішкене бөлігі бар.Кіші бөлігіне бір ғана бас бармақ сыяды,ал үлкен бөлігіне төрт саусақ бірдей сыйып кетеді. -Қарандаршы,қолғап қандай әдемі безендірілген!Мұнда екі жолақ және ортасында үлкен ,әдемі қар ұшқынының түсі қандай? Жұмысты орындау тәсілі: Қолғапты безендіреміз. Жіңішке қылқаламмен көк(ақ)бояу іліп аламыз да,қиылысатын тік сызықтардың көмегімен қар ұшқынын саламыз. Қолғаптың етегіне жуан қылқаламның көмегімен екі көк сызық саламыз. Сергіту сәті Ал, балалар,тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға-оңға ,түзу тұр, Солға-солға түзу тұр Жоғары – төмен қарайық, Орнымызды табайық. Үштілдік компонентқолғап-рукавичка Қорытынды: -Біз бүгін не салдық? -Қалай салдыңдар? Педагог балаларды мадақтайды. . . |
Тыңдайды Қолғап «Қолғап» сөзін бір-біріне сыбырлау әдісі арқылы айтады. Балалардың өздігінен жұмысы Қимылмен жасайды. Салған суреттеріне қарап ,өз ойларын айтуға талпынады. . |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ертегінің мазмұның
Қандай түсініктерді игерді: қолғап,қыс,қар.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқаламмен жұмыс жасауды.
Тәрбиеші: Садыкова А.С.
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің конспектісі
«Балбөбек» екінші сәбилер тобы Күні: 10.12.2018
Білім беру саласы: Денсаулық
ҰОІӘ: дене шынықтыру
Тақырыбы:Шыршалық көңілді шаттық шеңбері
Мақсаты: Бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруге үйрету.Денені түзу ұстап,тепе-теңдік сақтау қабілеттерін жетілдіру.Жағымды көңіл күй. Аяқ пен табан бұлшықеттерін нығайту.
Поллингвальды компонент:шырша-елка.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
Мотивация |
Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады. "Шыршалық көңілді шаттық шеңбері".Бір-бірден сап тізбекте жүру,шеңбер жасап тұру.Музыканың басталуына аяқталуына көңіл қойып назар аударуларын ,бір-бірден сап тізбекте жүріп,үйлесімді ырғақты қимыл жасау,аяқтың ұшымен бір-біріне қарама-қарсы жүру,жүгіру,Екі шеңбер жасап,шыршалық көңілді шаттық шеңберінде қол ұстасып,еркін би қимылдарын орындай жүру,Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап,тапсырмаларды орындай жүгіру. |
Педогогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады. |
|
Ұйымдастыру іздену |
Екі қатарға тұрғызып ,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары -Бір орында тұрып,аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру. -Бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру. Қимылды ойын:"Жоғары лақтыр" |
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Педогогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады |
|
Рефлексивті түзету |
Қортынды бөлім Қимыл қозғалысы аз ойын:" |
Ойынға жаппай қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Бір орында тұрып,аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру. бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру.
Түсінеді:жаттығулардың маңызынҚолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық сапаларды
Тәрбиеші: Cадыкова А.С
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің конспектісі
«Балбөбек» екінші сәбилер тобы Күні: 12.12.2018

шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген