конституция

Тақырып бойынша 15 материал табылды

конституция

Материал туралы қысқаша түсінік
конституция
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституция күні»













Конституция – әрбір елдің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын негізгі құжат, ол қоғамның барлық салаларының жұмысын реттейтін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін маңызды құжат.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылымын, сайлау жүйесін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің принциптерін, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды.








Конституцияның тарихы

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі болды. Бұл құжат елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйенің барлық аспектілерін қамтиды және Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруға негіз болды.

Конституцияның маңызы

Конституцияның әрбір бабы біздің өмірімізде үлкен маңызға ие. Ол біздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді айқындап қана қоймай, сондай-ақ мемлекетіміздің барлық салаларын реттейді. Конституцияның негізінде қабылданған заңдар мен ережелер қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз етеді.




Конституциялық реформалар

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихында бірнеше рет Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл өзгерістер қоғамның дамуына, заман талабына сай қажеттіліктерге байланысты жасалды. Әрбір өзгеріс елдің демократиялық принциптерге негізделген даму жолын көрсетуге бағытталған.

Конституция және азаматтық қоғам

Конституция – бұл тек құқықтық құжат қана емес, сонымен бірге ол біздің азаматтық қоғамымыздың негізі. Әрбір азамат Конституцияны құрметтеуге және сақтауға міндетті. Конституцияның негізгі принциптерін ұстану арқылы ғана біз әділетті, демократиялық және өркендеген мемлекет құра аламыз.

Мемлекет 30 жыл бұрын қабылданған Конституцияға сәйкес, инклюзивті қо­ғам­ды, яғни қатысу қоғамын қалып­тас­тыру үшін үнемі мүмкіндіктер жасауға тиіс еді. Сонымен бірге мұндай жүйе қоғамнан, әлеуметтік топтардан, үкімет­тік емес ұйымдардан кері байланыс, бастамашылық, үн қосу және белсенді­лікті талап етеді. Олар да өз мойнына кө­бірек жауапкершілік алуы керек. Мем­лекет қоғамның өмір сүруін қамта­ма­сыз ететін негізгі факторлар мен көр­сеткіштерді – қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық, әлеуметтік осал топтарды қорғау, қылмыспен күрес, құқықтық тәртіп және қорғаныс қабілетін  сақтауы тиіс. Ал қалған барлық салада азаматтық қоғамның қатысуы мен тартылуы қажет. Конституцияны қорғау тек мемлекеттің  емес, азаматтық қоғамның да міндеті болуы тиіс. ҮЕҰ, кәсіподақтар, БАҚ, саяси партиялар, діни бірлестіктер мен түрлі жеке және қоғамдық бастамалар тек идеяларды білдіріп  қоймай, оларды ілгерілетуге де атсалысуы керек.

Билік құрылымдары мен азаматтық қоғам арасындағы әлеуметтік-саяси әріптестік халықтың өз өкілеттігін сеніп тапсырған тұлғаларға деген жоғары деңгейдегі сенімін, сондай-ақ биліктен шығатын шешімдерді баршаға ортақ игілікке бағытталған әрекет ретінде қабылдап, оларды орындауға дайын­дығын білдіреді. Бұл тұрғыда Конфуций­дің өсиетін еске алуға болады: «Мемле­кет­те азық-түлік те, қару-жарақ та, халық­тың билікке сенімі де жеткілікті болуы тиіс. Қажет болған жағдайда неден бас тартуға болады? Азықтан да, қарудан да бас тартуға болады, бірақ сенім болмаса – мемлекет тұра алмайды». Қазіргі сарапшылар халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін «сая­си капитал» деп атайды. Соңғы 30 жыл ішінде біз тәуелсіз Қазақстанның та­рихын жазып келеміз, оның Консти­туциясының басты басымдығы – Ата Заңның гуманистік бағыттылығы. Бұл көп нәрсені аңғартады. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясында адам мен азаматтың құқықтық мәртебесіне бас­ым­дық берілген. Адамның құқықтары мен бостандықтары туылған сәтінен бастап абсолютті және ажыратылмайтын деп танылады. 



Еліміздің Конституциясына 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары өз­герістер енгізілді. 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер бүкілхал­ық­тық референдум арқылы енгізілді. Сол кезде Қазақстан халқына арнаған үндеу­інде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев рефе­р­ен­думның Қазақстан тарихындағы маң­ызды кезеңге айналғанын, ұлттың шынайы өзгерістерге дайын екенін және реформаларды қолдайтынын көрсет­кенін атап өтті. Қазақстан азаматтары жаңартылған Конституцияны қолдап дауыс беріп, суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Барлығы 56 түзету енгізілді.

Конституциядан Тұңғыш Прези­денттің ерекше рөлі мен артықшы­лық­тары туралы ережелер алынып тасталды. Олардың бірі – президенттік өкілеттіктің шектеусіздігі екені белгілі. Қазіргі за­манғы көптеген президенттік республи­када жоғары мемлекеттік лауазымдарға өкілеттік мерзімі шектелген. АҚШ-тың демократия тірегі ретіндегі саяси дәстүрі 1947 жылы Конституцияға 22-ші түзе­тудің қабылдануымен заң жүзінде бекіт­ілді, бұл түзету 1951 жылы ратифика­ция­ланды және президенттік қызметті екі мерзімнен артық атқаруға тыйым сала­ды. Бұл түзетуді қолдаушылар, егер мұн­дай шектеу болмаса, президенттік билік бірте-бірте диктатураға айналуы мүмкін екенін алға тартты.

Қ.Тоқаев Президенттің өкілеттік мер­зімін қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысты негіздеген уәждері мынадай: бір жағы­нан, жеті жыл – кез келген ауқымды бағ­дарламаны жүзеге асыруға жеткілікті уақыт, ал екінші жағынан, президенттік мандатты бір мерзіммен шектеу Прези­денттің жалпыұлттық дамудың страте­гиялық міндеттерін шешуге толықтай бағытталуын қамтамасыз етеді. Мемле­кет басшысы ұсынған бұл конститу­ция­лық жаңашылдық биліктің монополия­лану қаупін едәуір төмендетіп, оны қал­ып­тастыру мен жүзеге асырудың өркениетті қағидаттарын орнықтырады, сайлаушылардың сенімін арттырып, саяси тұрақтылық пен қоғамның орнық­ты дамуын нығайтады. Осылайша, Пре­зидент биліктің қосымша тетіктері мен қысқамерзімді ықпалдан гөрі мемле­кеттің ұзақмерзімді мүдделерін жоғары қойып, шешім қабылдауда ашықтық қағидаттарына адалдығын көрсетті. 

Біздің еліміздің Негізгі Заңының түбе­­гейлі қағидаттары мызғымас болып табылады – бұл қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игі­лігі үшін экономикалық даму, қазақстан­дық патриотизм, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Бұл қағидаттар – әмбе­бап, өзгермейтін және кез келген уа­қыт­та, кез келген жағдайда қолдануға болады. Даму жолынан және көзделген мақсаттан ауытқымау, қабылданып жат­қан шешім­дер мен іс-қимылдарды Қ­а­зақстан Рес­публикасының Конститу­циясында бекі­тіл­ген түбегейлі қағидат­тармен үнемі салыстырып отыру маңыз­ды.


«Ақсұңқар» балабақшасы







Баяндама

«Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституция күні»




Дайындаған: Аманиязова Алтынгул







Ақтау қаласы, 2026 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі