Көп жасаған қария,ақыл теңіз
дария.
Отбасында қадірменді қарттар
бар,
Ащы өмірдің тауқыметін
тартқандар.
Арқасына нардың жүгін
артқандар.
Омырауға қос-қос орден
таққандар-
мінеки осындай кереметтей
теңеулер үйдегі үлкендеріміз ата-әжелерімізге
арналады.
-Балалар,үйде ата-әжелер бар
ма? Оларды жақсы көресіңдер ме? Ата-әжелерің сендерді қалай
еркелетеді? Ал,балалар сол әже-аталарыңның
1 қазан мерекесі екенін білесіңдер
ме? Жылдан жылға бұл күн
«Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді.Бүгінгі біздің
ән-жырымыз да,биіміз де үйіміздегі қарттарымызға атамыз бен
әжелерімізге арналады.
Ән: «Ана
тілі»
Ересектер: «Күншуақ»
«Балауса» «Шаттық»
«Балдәурен»
Асыл әжем, ардақты атам
үйімде
Қонақ болып отыр міне
төрімде.
Өздеріңе арнап балдай тәтті
үніммен
Ән салатын кезім келді менің
де.
«Күншуақ» тобының ата-әжелеріне арналған жыр
шумақтарын қабыл
алыңыздар.
К.Жания:
Әжем менің
шежіре
Көп ертегі
біледі
Сыртта жүрген
кезінде
Бізді ойлап
жүреді
Аяулым:
Күлімдеген
көзіңнен
Айналайын
атажан
Не үлкен сый бар
бізге
Өзің берген
батадан
Н.Инабат:
Ақыл құйған
санама,
Күннен де артық
расында.
Күн алыста, ал
әжем,
Ылғи менің
қасымда.
Нұрәли:
Атам менің
аманда
Әдепті жан бол
деген
Атам сөзі
санамда
Жасы үлкенге жол
берем
Алдын орап
кісінің
Кесіп өтпе
көлденең
Ізетімен
кішінің
Сәлемдесіп қол
берем.
Ержігіт:
Атам менің әманда кішіпейіл бол
деген.
Ата сөзі
санамда
Мақтанбауды жөн
көрем
Қалдыратын
ұятқа
Жалған сөзге
төзбеймін
Жеткізеді
мұратқа
Тек шындықты
көздеймін.
Қарт кісіні құт-береке деп
танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде
де бақытты.Ата-анамызды,әже-атамызды
құрметтеп,сыйлайық.
Ересектер «Балауса» «Шаттық» «Балдәурен» тобының
бүлдіршіндерінің жыр шумақтарын қабыл
алыңыздар.
Ән: «Балаьбақшам
ғажап»
Ересектер: «Күншуақ»
«Балауса» «Шаттық»
«Балдәурен»
-Балалар біз қай қалада
тұрамыз? Қызылорда қаламызға қанша жыл болды? Қаламыздың мерей
тойына арнап ән шырқайық.
Ән: «Менің
сүйікті-Қызылордам»
Ересектер: «Күншуақ»
«Балауса» «Шаттық»
«Балдәурен»
Көп жасаған
қария-
Ақылы теңіз
дария.
Көп өнеге сөзі
бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі –
нәр.
Ата салты
ардақты,
Әрбір сөзі
салмақты.
Сол сөздерді
ұқпасаң,
Тістерсің бір күн
бармақты.
- Қазақтар – « Төріңнен қарт
кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың
бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Ендігі кезекті ортаңғы топтардың ата
мен әжелеріне арналған жыр шумақтарына береміз.«Өркен» «Бәйтерек»
«Айгөлек» «Балбұлақ»
Ән: «Отанның жас
өркені»
Ересектер: «Айгөлек»
«Балбұлақ» «Өркен»
«Бәйтерек»
«Атаңа не қылсаң, алдыңа
сол келеді» деген сөз бар. Қарттары бар ел-бақытты ел деп
жатамыз.Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына
сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын деп
тілейміз.