«Қостанай
қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң №11 орта
мектебi»ММ
Эссе
«Көпқырлы
Абай»
Абдибекова
Н.С.
Эссе
Көпқырлы
Абай
Мен
білетін Абай Құнанбаев атамыз –
дүниежүзіне ортақ деп есептеймін. Олай
дейтінім, жазу-сызу білмей тұрған тұста
ақындықты,әңгіме жазуды қолға алған.
Әкесі Құнанбай сұлтан болған тұста
қарапайым халықтың жағында болып жас
та болса да ірілігі кесектей сөздер
айтқан болатын. Ол кезде Абай небәрі он
үш жаста болатын. Құнанбай сұлтаннан
«Атаңның баласы болмай, адамның баласы
болғанын» деген сөздер естуі бекер емес
екенін енді біліп келемін.
Иә,
осы тақырыпты таңдаған себебім, Абай
атамыз – көпқырлы данышпан, ғұлама
дегім келеді. Өз заманының данышпаны
атанған Абай Құнанбаев алғаш рет әдебиет
әлеміне өлеңдер жазып, оны менікі деуге
ұялып Көкбай ақынның атынан жариялап
отырғанын білеміз. Талантты шәкірт
інісі Көкбайдың аты Семей өңіріне
Абайдың өлеңдері арқылы мәлім болған.
Абай ұстазының өлеңдерін жиырмасыншы
ғасырдың басында өзі «Дала Уалаяты»
газетіне кезек-кезегімен жариялап
отырған. Менің ұлтым орыс болғандықтан
атамыздың орыс тіліне деген қызығушылығы
қай кезеңнен пайда бола бастағанына
толықтай тоқталуды жөн санап отырмын.
Бұған дейін Абай атамыз кейінгі ұрпағыма
жетерліктей дүниелер жаздым деп жүрген
кезі болса керек . Шығыстың Ұлы ойшылдарын
толық меңгеріп, еңбектерін жақсы білетін
еді. Жолы түсіп Семейдегі кітапханаға
барығанында кездейсоқ Мәскеуден жер
аударылып келген ғалым Е.П.Михайлиспен
танысуы, Е.Михайлистың Абайға ендігі
кезекте орыстың ұлы классиктерінің
шығармаларымен танысуды ұсынғанын ұлы
достыққа, екі елдің әдебиетіне деген
зор ықпалдың бастамасы,осы данышпан
кісілерден бастау алған деп айтсам
қателеспегеніме сенімдімін.Орыстың
мәдениетіне, әдебиетіне алғаш саяхат
жасаған Абай Құнанбаев деп баға берер
едім.Е.П.Михайлиспен кездескеннен кейін
қазақтың қара сөзінің хас шебері Абай
Құнанбаевтың әдебиет әлеміне көптеген
өзгерістер әкелгенін мойындауымыз
керек. Е.П.Михайлис, Н.И.Долгополовтардың
арқасында Россия деген елдің бар екенін,
Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крыловтармен
толықтай танысып, орыстың данышпандарының
еңбектерін аударуы үлкен жетістік, ұлы
достыққа ұштастырса, күні бүгінге дейін
жалғасып келеді емес пе?
Бүгіндері
әдебиеттен дүниежүзі ғалымдары Абай
Құнанбаевтың «Қырық бес қарасөзін»
ерекше бағалап келеді. Абай атамыз
жиырма қарасөзінде:
«Орысша
оқу керек,хикметте, мал да,өнер де, ғылым
да-бәрі орыста тұр. Орыстың ғылымы,
өнері-дүниенің кілті, оны білгенге дүние
арзанырақ түседі» деп жазғаны бар. Абай
атамыз өмірінің соңына дейін «Менің
көзімді дүниеге ашқан - Михэлис» деп
аузынан тастамағанында орыстың ұлы
ғұламаларына деген құрметі деп білуге
болады. Евгений Михайлис бастаған жер
аударылып келген орыстың ғұламаларымен
Семей өңірінде алғаш ашылған кітапхананың
септігі Абай атамыз үшін үлкен жетістік
болды. Әдебиетшілер «19 ғасыр орыс
әдебиеті мен мәдениетінің «Алтын ғасыры»
деп те атап кеткен.
«Білгенің
бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз»деген
қазақтың мына жақсы маржан сөзінде
үлкен мағына жатыр. Мен Абай атамыздың
барлық қырына тоқталған жоқпын. Орыс
достарымен достықтары берік болғандығына,
Абай атамыздың әдебиетте шоқтығы биік
тұлға болғанына тоқталып өттім. Мен
Абай атамыздың өлеңдерін, шығармаларын,
аудармаларын оқып келемін. Оқи да
беремін,жалықпаймын да,қайта қызығушылығым
артып келеді...